Психологиялық ахуал



Дата20.06.2018
өлшемі2,62 Mb.
#43778
  • Музыка пәнінің мұғалімі: Ермұхамбетов Ж. Б.
  • 2016 – 2017 оқу жылы

Психологиялық ахуал.

  • Психологиялық ахуал.
  • Үлендерге біз,
  • Кішілерге сіз.
  • Құрметпен бас иіп,
  • Сәлем бердік біз.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Музыканың ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірбаянымен шығармаларын танысып білу.
  • “Ақ көгершін” әнін үйрену, білу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту. Ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну, машықтандыру.
  • Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Достық , бейбітшілік, татулық туралы ұғымын кеңейту.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.

  • Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
  • Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, семантикалық карта, бағалау кесте.
  • Әдістер: ұжымдық, жеке даралап оқыту.
  • Сабақтың пәнаралық байланысы: музыка теориясы.
  • Сабақтың көрнекі-құралдары: интер белсенді тақта, көгершіннің суреті,
  • А. Жұбановтың фото бейнесі.

Аспаптармен топқа бөлу: 1 – ші топ – домбыра, 2 – ші топ – қобыз, 3-ші топ – жетіген.

Дауысты дыбыстармен жаттығулар

  • Дауысты дыбыстармен жаттығулар
  • А, О, У.

«Ой қозғау» Қандай ән естеріңе түсті? Музыкасын жазған композитор кім?

IІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту. Ахмет Жұбановтың өмірбаяны, шығармашылы ғына шолу жасау.

.

1932-1933 жж. - өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның іргетасын қалады. Академик – композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көшбасында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жезкиік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. Басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұл-бұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

Дирижер пультінде Ахмет Жұбанов

  • Оркестрдің алғашқы мүшелерінің бір тобы
  • Абай операсы
  • Ахмет Жұбанов
  • Л. Хамиди
  • Жамбыл Жабаевпен кездесуі

Ахмет Жұбанов отбасымен бірге

Мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі

Дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров

Постер қорғау

  • I. А. Жұбановтын өмір жолы.
  • II. Компазитордың еңбек жолы.
  • III. А. Жұбановтын шығармашылығы.

А. Жұбанов «Қарлығаш» тыңдату.

Сергіту сәті:

  • “Қара жорға” биі.

«Ақ көгершін» әнін тыңдату. «Ақ көгершін» әнінің мазмұнын талдау. “Ақ көгершін” әнін үйрету.

Кітаппен жұмыс

  • Кітаппен жұмыс
  • Музыкалық сауаттылық:
  • Музыкадағы дыбыстардың ұзақ немесе қысқа болып айтылуын дыбыс ұзақтығы дейді. Музыкада түрлі белгілермен жазылады.
  • Ең ұзақ нота бүтін нота.
  • Нота сауаттылығы.

Р Е Ф Л Е К С И Я Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін стикерлерге жазып, бейбітшілік құсына іледі.

Сабақты бекіту.

  • Оқушыларға семантикалық карта тарату.
  • Үйге тапсырма: Жақсы қасиеттердің белгісі болып саналатын құстарды анықта.
  • “Құстар - біздің досымыз” тақырыбында шағын әңгіме құрастыр.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет