Балалардың психикалық денсаулығының эмоциялық компонентін зерттеу үшін эмоциялық күштенуді анықтайтын Люшер тестісі қолданылады. Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған “Сегіз түсті қатары” сынағы жүргізіледі.
Люшер сынағы классикалық нұсқада қолданылады. 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатарын қолдану арқылы қысқартылған сынақ бойынша өтіледі. Олардың біріншісінде ауқымды сынақ өткізіліп, психодиагностикалық зерттеудегінегізгі құрал болғанда құнды болып табылады.
Люшердің түстерді таңдау тесті сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.
Шетел психологтарыЛюшердің тестін кейде кәсіптік бағдар бойынша іріктеу, өндірістік ұжымдарды жасақтау, этникалық, геронтологиялық зерттеулер, жар таңдауға кеңес беру кезінде қолданады.
Психологиялық интерпретациялаудағы түстердің маңызды әр түрлі сыналушылардың көптеген тобын жан-жақты зерттеу барысында айқындалады.
Түстердің сипаттамасы (Люшер бойынша) 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады
Негізгі түстер:
көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;
көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;
қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;
ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік.
Жанжал болмаған кездегі тиімді жағдайда негізгі түстер, негізінен алдыңғы бес позиция болуы тиіс.
Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді. Осы түстердің (негізгілердің де) маңызды көп жағдайда олардың ықпалдаса орналасуымен, орындарға бөлінумен айқындалады, ол төменде беріледі.
Түстерді негізгі түстерге (1 қара-көк, 2 көк-жасыл, 3 қызғылт сары, 4 ашық сары) және қосымша түстерге, оның ішінде 7 қара, 0 сұр, ахроматикалық, 5 күлгін, 6 аралас қоңырға бөлінеді.