Психологиялық қызмет деген ұғым осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі



Дата21.10.2022
өлшемі69,86 Kb.
#154439
Байланысты:
ББӘПҚ СРС Биялиева Г Н (копия)
Сана және бейсана (копия), Маркетинг-опрос- (копия)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менедженті»


СӨЖ
Тақырыбы: Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасау технологиялары
Тексерген;: Шашаева
Орындаған: Әлеуметтік педагогика мамандығының 3 курс студенті :Биялиева Г.Н.

Алматы 2022 ж.

Психологиялық қызмет деген ұғым – осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі. Қазақстанда енді ғана аяқ басып келеді және әлі де болса психологиялық зерттеулердің нақты жүргізілуін қажетсінеді. Елімізде соңғы жылдары білім саласында психологиялық орталықтардың аяғынан қаз тұрып қызмет көрсете бастауы аз да болса көңілге демеу болғандай. Елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру жүйесінде де жақсы жолға қойылып келеді. оған дәлел – жекелеген балалар мекемелерінде психолог штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында психологиялық кеңестің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарының психология кафедраларында психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы. Дегенмен көңіл алаңдатар мәселелер де жетерлік. Олар: мектепте психологиялық қызмет көрсету жөнінде құқықтық құжаттардың заңдастырылмауы мен бекітілмеуі, яғни әлі де жоба күйінде қалуы, психологтың негізгі қызметіне жете мән берілмеу, жұмыс кабинетінің болмауы, қазақ тілінде әдістемелік құралдардың жетіспеуі т.б. Қазіргі білім жүйесін қайта құру мен оны ұйымдастырудың басты жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білу, нақтырақ айтсақ «әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бірінші орынға қойылған. Мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушіліктен туатын «мектептік мазасыздану», кейбір отбасында жиі болып тұратын ұрыс-керіс, жанжалдар баланың психикалық саулығына жағымсыз жағынан әсерін тигізеді. Мектеп оқушыларының көпшілігін мектептен тыс өмір қызықтырады, олардың кейбірі өз орнын жағымсыз компаниялардан табады. Қазіргі кезеңде мектептерде көптеген негативті көріністердің байқалуы оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртіп деңгейінің төмендеуі, мектептегі әлеуметтік-психологиялық климаттың дұрыс болмауы, жеткіншектер мен жастардың қоғамда жат мінездерді жиі көрсетуі, құқық бұзуға бейім тұру жас мемлекетіміздің аяғынан нық басуына ықпалын тигізбей өтуі мүмкін емес.Психология ғылымының тәжірибелік саласы жас болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасайтын қызметкерлердің ден әлі де жеткілікті түрде тәжірибе жинақтап үлгермеген жас мамандар мен бұрынғы пән мұғалімдері. Мамандық мәртебесі кәсіптік шеберлікке байланысты қалыптасады. Алайда кәсіптік іскерлікті шыңдайтын түрлі ақпарат көздерін мемлекеттік тілде тасымаладау ісінің қиындығына орай жас мамандардың бойындағы ынта-ықыласы басылып қалады. Оқу-тәрбие мекемелеріндегі педагог-психологтар мектепте психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру т.б. қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында қиындықтарды жиі кездестіруде.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің психологиялық білімдері жеткіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатты іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде.Психологпен бірге білімнің барлық құрылымына көмек көрсетудің ізгілік формасы келеді. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың және білім жүйесінде ақпараттар ағымының қарқынды дамуы мен бәсекелестіктің артуына психолог мамандарының белсенділігі мен біліктілігі, білімі арасындағы сәйкестіктің болу заман талабы деп түсіну керек.Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттары күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді. Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық бағытындағы кейбір дәстүрлер бұзыла бастады. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы дөрекілік пен тәртіпсіздік, балалардың физиологиялық-психологиялық және рухани жұтандығы көбейіп келеді. Қоғамның әлеуметтік күйінің басты көрсеткіші, оның болашағы-балалардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқушылықтар мен олқылықтар көптеп көрініс беруде.Болашағымызды рухани жұтаңдықтан, азғындықтан құтқару үшін, оны болдырмаудың алдын алу үшін өз деңгейінде ұйымдастырылған психологиялық қызметтің көмегі өте қажет. Ғылыми дәйектемелер мен білім беру жүйесінде психологиялық қызметті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру мәселелері әр елде өзінше қарастырылатыны мәлім. Психологиялық қызметтің дамуы қоғамның белгілі ғылыми психологиялық тұжырымдамалар негізінде және халық білім берудің міндеттері мен қажеттіліктеріне, тұлғаның қалыптасуы мен тәрбие мақсаттары негізінде анықталады.Сондықтан басқа елдердің практикалық психология саласы бойынша істеген жетістіктері негізінде өз елінің психологиялық теориялары мен мәдени дәстүрлеріне сүйенсек, білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің ғылыми және ұйымдастырушылық принциптерін құрып, жетілдіру керек. Мектептердегі психологиялық қызметінің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдетуді болдырмаудың жолдарын іздестіру, мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық сауаттандыру, білім беру, сабақтарын ұйымдастыру. Білім саласындағы психологиялық қызмет мақсаты – мемлекетіміздің білім беру саласы тұтас жүйесінің маңызды компоненті. Білім берудегі психологиялық қызмет-психологияның ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысын қамтитын кіріктірілмелі құбылыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет