Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет125/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

48 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрбір қатысушымызға басқа адамды түсініп және сезіну үшін оның өміріне енуге мүмкіндік беріледі. Сізге «айналуыңыз» тиіс адамның есімі жазылған ақ парақ беріледі. Есімдер жазылған қағазды алмай тұрып, бір-біріңізді есіңізде сақтаңыздар. Екі минуттан кейін сіздердің әрқайсыңыз басқа адам боласыздар. Мен сізге жақсыз түрде- себебі сіздің жынысыңызда өзгеруі де мүмкін ғой, сұрақтар қоямын, ал сіз сол адамның атынан оған жауап беруіңіз керек. Менің сұрағыма толықтай жауап беру қажет емес, тіпті сұрақтың мазмұнына жауап беру қажет емес, тек сұраққа тұрысыңызды, бет жүзіңіздің қимылын өзгерту арқылы немесе сөздік түміндіру беру арқылы да жауап беруге болады. Нұсқаулық барлығыңызға түсінікті ме? Қазір сізге біреу «енуге» немесе «оларды «бейнелеуге» барлығыңыз дайынсыздар ма?».

Топтың барлық қатысушылары келіссе, жаттықтырушы шеңбердің бір жартысына екінші жартының қатысушыларының есімі жазылған текшелерді, ал шеңбердің екінші жартысына- шеңбердің қатысушыларының бірінші жартысының есімдер іжазылған текшелерді таратады. Шартты түрдде екі жартылай шеңберге бөлу қатысушылардың бірінің қолына өз есімі жазылған текше тиіп қалмау үшін қажет.

Одан кейін жаттықтырушы: «Басқа адамға айналыңыз» деп айтады. Бұл сәтте, топта біршама қозғалыстар орын алады- көбі тұрысын, келбетінің кескінін, өзгертеді, топ өзгереді. Жаттықтырушы қатысушылардың біріне сұрақтар қояды. Мысалы, Г.В.Оллпорт сипаттаған «адамдарды жақсы айыра білетін» адамның қасиеттіне байланысты: «Сіздің адамдық күрделігіңіз неде деп ойлайсыз?»; «Сенің эстетикалық талғамың неде көрініс табады?»; «Сен адамдармен ұқсастығыңды қалай анықтайсың?» деген сұрақтар болуы мүмкін. Сондай-ақ басқада: «Сен ақпаратты қалай жақсы қабылдайсың, есту арқылы ма, әлде көру арқылы ма?»; Егер сен келісім жүргізушінің ролінде болуы қажеттілігі туындаса, сені ерекшелендіретін сипаттарың қандай болмақ?»; «Сенің бойыңда не басым, бақылампаздық па әлде эмпатия ма?» - деген сұрақтар қоюға болады.

Қатысушының сұраққа жауап беруі бойынша «оның кім екенін» анықтайды. Жаттықтырушы бірінші болып бейнеленген адам өзін анықтағаны дұрыс болар деп айтып кетуі керек.

Қатысушылардың барлығы анықталып болғанан кейін, қатысушылар басқа адам ролін ойнаудағы топ үшін туындаған маңызды проблемалардың біріне арналған топтық пікірталас өткізуге болады. Әрқайысысына өзі бейнелеген адамның атынан топқа тілек айтуды немесе жаттықтырушының есімі жазылған текшені алған адамға жаттықтырушы атынанан пікірталасты аяқтауды ұсынуға болады.

Қорытынды талқылауда әрбір қатысушыға өзінің сезімімен бөлісу ұсынылады. Жаттығу көпшілігінің бойында басқа адамды терең және ұшқыр меңгеру сезімін тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет