Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет133/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

ІІІ. КРЕАТИВТІК ТРЕНИНГ
КРЕАТИВТІК ТРЕНИНГТІҢ; ТҮСІНІГІ, ТАРИХЫ, КОНЦЕПТУАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл және келесі тараулар бүгінгі күнде қалыптасқан шығармашылықтың негізінен, оның нәтижелік және процессуалдық астарына, сондай-ақ шығармашылық қабілеттіліктерді дамытатын бағдарламалардың құрылу тәжірибесіне қатысты толық сипаттама беруге бағытталмаған.

Ең алдымен, шығармашылыққа тән көптеген анықтамаларда, оның жалпылама (мысалы, Я.А. Пономарев шығармашылықты дамуға жетелейтін өзара әрекет ретінде қарастырады) немесе жеке сипатамаға иелігіне қарамастан, шығармашылықтың процессуалдық немесе өнімдік жағына бағытталуы айқын байқалады (20).

Сондай-ақ, С.Л. Рубинштейн шығармашылықты «...тек ғана шығармашылықтың даму тарихына ғана емес, әрі ғылымның, өнердің және т.б. тарихына енетін ерекше, басқа бір жаңа» құрастырушы қызмет ретінде анықтайды. (21).

Осыған ұқсас шығармашылықты қалыптасқан білімдердің шегіне шығу, жеңіп шығу, шекараларын ашу ретінде анықтайтын көзқарасты А.М. Матюшкин мен Urban К.К. қалыптастырған. («boundary breaking»). (22, 23). М.Г. Ярошевскийдің пікірінше, «шығармашылық сананың және субъектің мінез-құлқын, сондай-ақ ол тудыратын, әрі алшақтатылатын өнімді қайта түрленту ретінде саналатын жаңаны қалыптастыруды білдіреді» (24).

Шығармашылықты оның өніме қарай анықтауға әрекетті бейнелейтін жоғарыда келтірілген анықтамаларда кейбір шектеулер бар. Шығармашылықтың негізі оның шығармашылық өнімдері: идеялары, мінез-құлықтары, материалдық нысаналары арқылы өзін айқындайтыны талас тудырмайды. Дегенменде, шығармашылықтың нәтижелерін сипаттау бізді оның негізін түсінуге жетелегенімен, бұл феномен туралы толық түсінік бермейді.

Тәжірибе бойынша шығармашылықтың процессуалдық астарына басымырақ назар аударуды қажет ететін анықтамасы өнімді болмақ. Жалпы өндірген таңдауымыздың субъективтілігіне есеп бере отырып, шығармашылықтың аса тереңірек анықтамасына В.М. Бехтеревтің анықтамасы жататындығын атаймыз. Өзінің «Общие основы рефлексологии человека» атты кітабында, ол шығармашылыққа айналасына шешім шығаруға қажетті өткен тәжірибенің қоры жинақталған қандай да бір қоздырғыш мәселе басымдылықтың қалыптасуын тудырған кезде жағдайда қандай-да бір жаңа әрекетті құрастыру ретінде анықтайды (25).

К Роджерс: «Мен әрекеттің көмегі арқылы жаңа өнімді қалыптастырудың шығармашылық процесі деп, бір жағынан, индивидтің ерекшелігінен, ал басқа жағынан – оқиғалар, адамдар, құралдар мен өмірлік жағдайлармен шартты түрде жетілу деп білемін»- деп жазады (26).

Askoff және Vergara шолуында (27) шығармашылықтың негізін анықтау тәсілінің екі тобы аталып өтеді: 1) негізгі көздерді анықтауға бағытталған тәсілдер, 2) процеске бағытталған тәсілдер.

Бірінші топқа қалай болғанда да үш тәсіл енуі мүмкін:

1. Психоаналитикалық тәсіл, шығармашылық бұл ішкі жекелік қақтығыстардың нәтижесі болып табылады деп пайымдайды. Шығармашылық процесс өз негізінде қиял өнімдерінің ойлаудың қарапайым және күрделі түрлерінің өзара әрекетінің нәтижесіндегі экстеранализация.

2. Гуманистик психология, шығармашылық ішкі жекелік қақтығыстар болмаған жағдайда пайда болады деп пайымдайды. Шығармашылық процесс ішкі тосқауылдар мен сыртқы кедергілерді жеңген жағдайда табиғи шығармашылық потенциалдардың жүзеге асуы болып табылады.

3. Гилфорд сияқты психометристер, индивидтің табиғи шығармашылық потенциалы генетикалық жолмен анықталған және стандартты сынақтар арқылы өлшеуге болады деп санайды. Шығармашылық процесс ойлаудың екі қарама- қарсы түрлері: дивергентті және конвергентінің өзара әрекеті ретінде көрінеді.

Процеске бағытталған тәсілдер тобына адамның шығармашылығы мәселелердің шешімін іздеу процесінде алшақтатылған ассоциацияларды табу қабілеттілігінің нәтижесі деп санайтын ассоцианистер ұстанымын жатқызуға болады. Гештальпсихология шығармашылық ойлау- бұл логикалық емес қадамдық әрекеттер де емес және жекелеген ассоцияцалар емес, жалпы жағдайды нақты қайта жүйелеу деген пікірден туындайды.

Егер шығармашылықты белгілі бір нақты ерекшелігі бар және жаңаны құруға әкелетін процесс ретінде түсінетін болсақ, онда креативтілік адамның ішкі қорының жиынтығы ретінде қарастырылады. Креативтік деп адам ойлауының стеротиптік қабілеттеріне бас тарту қабілетін (28) немесе мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері немесе ой жеткізудің жаңа тәсілдерін таба білу қабілеттілігін (29) атайды. Смит пен Карлсон психологиялық көзқараста кретивтілікті санадағы ішкі санадан мәлімет қабылдау қабілеттілігі ретінде анықтама бере қарастырады (30).

Шығармашылықтың иегері адам, ал креативтілік оның бөлінбейтін құралы екендігін ескере отырып, біз креативтілікті адамның құралмалы, стандартты емес ойлау мен іс- әрекет таныту қабілеттігі және өз тәжірибесін сезіну мен дамытуы ретінде анықтаймыз.

Креативтілік өзін көпқырлылық арқылы танытады. Бұл –шапшаңдылық, икемділік, нақтылық, ойлау ерекшелігі өте бай қиял, қалжыншылдық, жоғары эстетикалық талғамды ұстану, мәселе бейнесін жекелеу деңгейі. Бұл қабілеттілікті белсендірудің нақты шарты өз-өзіне сенімділік пен ұстамдылық болып келеді.

Креативтіліктің көрінуінің ауқымды бөлігі ойлау ерекшеліктеріне жатады. Ойлау ерекшеліктерінің шығармашылық жетістіктерімен әсер етуші алғашқы түсіндірілген тізбектерінің бірін Д. Гилфорд (28) ұсынған, ол шығармашлығы үшін конвергентік (логикалық, ілеспелілік, жүйелілік) және дивергенттік (жалпылама, интуитивті, релятивті) ойлаудың бірігуі қажет деп санады.

Жекелеп атасақ, ол ойлаудың екі өлшемінің бірігуі нәтижесінде оның келесі ерекшеліктерін атайды:



  • шапшаңдықты барынша көп ой жинақтай алу қабілеті ретінде;

  • икемділікті кең ауқымды көпқырлы ой тудыру қабілеттілігі ретінде;

  • ерекшелікті стандартты емес ойларды жинақтау қабілеттілігі ретінде;

  • нақтылықты ойлау өнімдеріне қорытынды түр беру қабілеттілігі ретінде (28).

Қисын мен шығармашылықтың өзара әрекетінің ерекшелігіне Я.А. Пономарев: «негізінде шығармашылық мәселенің кез-келген шешімі қисынның шегінен шығады. Алайда, бұл шешім шығарылғаннан кейін, ол әрине, белгілі бір шарттарда қисындық ұғынуға айналады. Егерде ол ұстанымды түрде жаңа ой болса, онда қисынды байытатыны хақ. Эвристикалық қисын деп жаңа ашылуларды талдау нәтижесінде тұрақты түрде толығатын қисынды айтамыз. Мұндай қисынның негізінде бұған дейін шығармашылық болған міндеттер, қисындық міндеттерге айналады. Қисынның жетістіктеріне сүйене отырып, шығармашылық қалыбы ауысады да, қайтадан қисын мүмкіндіктерінің шегіне шығады» - деп атап, назар аударады. (20).

Когнитивистік түсіндірмелік кестелер шығармашылық мәселелеріне қатысты психологиялық әдебиеттерде кеңінен таралған болар. Әрі шығармашылық өнімділік ойлау операцияларының сапасымен ғана емес, сондай-ақ креативтілік процестердің әртүрлі кезеңдеріне тартылатын жекелік сипаттамалар, дағды мен қабілеттердің ерекшеліктерімен анықталады.

Креативтілік адам үшін күнделікті өміріндегі қызметінде және қарым- қатынасында қажет.

Себебі креативтілік кімге және не үшін қажет деген сұраққа жауаптан қарастырылатын тренинг бағдарламасының неге арналғаны түсінік болмақ, бұған кеңірек тоқталайық.

Біріншіден, креативтілік көбіне адамның «нысан» ретінде және оның қызметінің бірқатар ерекшеліктерімен байланысты әлеуметті топ мамандары өкілдерінің қызметінің жемістігімен анықталады.

Гендік инженерия саласындағы соңғы жаңалықтар генетикалық жекешілік жетістіктеріне мүмкіндік беретіндігіне қарамастан, әр адам оның өмірлік жолын тура қайталау мүмкіндігі жоқтығына қарамастан өзіндік ерекшелігін және қайталанбайтындығын сақтайды. Бұл жағдай егер адамдармен жұмыс алгоритмделінген кепілдемелер мен түйінделген теорияларға негізделген болса, тиімділігі болмайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, барлық талаптарға сай әмбебап және қанағаттандыратын жеке тұлға теориясын қалыптстыру мүмкін емес, егерде нақты бір адамның психикалық өзгешелігі ескерілмейтін болса, жетекшінің, психологтың, педагогтың жұмысының ұстанымды нәтижесі болмайды.

Сонымен бірге, адам немесе адамдар тобы саналы түрде, сондай-ақ ойланбастан өздері туралы және өз әрекеттерінің жағдайы мен нәтижесіне қатысты ақпаратты бұрмалауы мүмкін. Істің нақты жағдайын түсіне алмайтын субъект, нақты жағдайға қатысы жоқ сағым болжамдарға сүйене әрекет жасайтын болады. Формальды қисын, жүйелі себепті-салдарлы пайымдаулар көп жағдайда адам мен топтың нақты өміріне тікелей қатысты болады, онда иррационалдық көп орын алады, бір мезгілде жағдайды себеп ететін күрделі жүйелер әрекет жасайды.

Болашағы болмайтын материалды «заттық» дүние нысандарынан бір өзгешелігі, адам ойы мен мінез-құлқы бір мезгілде өткеннің тәжірибесімен, нақты жағдаймен және алда күтетін және қалаған болашақтың бейнесімен анықталады.

Адамдардың құралмалы өзара әрекеті, олардың арасындағы тұрақты қатынастардың жасампаздығы қандай да бір әрекеттің қорытындысы, соңы бола алмайды. М.М. Бахтин өзінің «Эстетика словесного творчества» кітабында адамның толықтай қалыптасуының аяқталмағандығы, оның өз-өзімен сәйкессіздігі идеясын көтереді. Адамды «шексіз функция» деп атай отырып, «адам бір мезетте өз-өзімен сәйкес болмайтындығын» айта келе, М.М. Бахтин «тірі адамның» кез-келген уақытта қимыл-әрекетте болатындығын, оны ішкі әлемінің феномендерінің «ағымдылығын» нақтылайды (31).

Бұл жолмен, адамдармен кәсіби жұмыстың жасампаздығы стандартты әрекеттерді шектейді және шығармашылық сипаттауға ие болмау мүмкін емес.

Екіншіден, креативтілік күрделі техникалық, ұйымдастырушылық, ғылыми мәселелердің ерекше шешімін табуға, шығармашылық туындыларды жарыққа шығаруға көмектеседі.

Біздің пікірімізше, шығармашылық – бұл ғалымның, композитордың, суретшінің, жоғары категориялы маманға тән қасиет деп санайтын санада қалыптасқан үйреншікті стеротипті жеңу өте маңызды болмақ. Біз креативтілік өзінің көрінуінде шектеулікті қажет етепейді, ол үй қызметіндегі әйелге де, троллейбус жүргізушісіне де тән қасиет деп санаймыз. Бұл жөнінде К. Роджерс: «Шығармашылық сипаттама .. өзінің досымен жаңа ойын ойлап тапқан бала әрекетінеде; қатынастық теориясын құрастырушы Эйнштейнде де; ет тағамына жаңа қоспа ойлап табушы үй қызметіндегі әйелге де; өзінің тұңғыш романын жазушы жас авторға да; қатысты»- деп жазады. Адам өзінің шығармашылық негізін әдетті, жақсы таныс оқиғалардың мәселілігі арқылы да көрсете алады (26).

Сондай-ақ креативті адам шығармашылық потенциалы көрініс таппаған адамдармен салыстырғанда, қарым- қатынас барысында аса тартымдылыққа ие екендігін атап кеткен жөн. Ол біз уақыт ағымына қарамай, ұзақ уақыт алау маңында жағаға ағылған толқындарға қарап отыратынымыз сияқты, ұзақ уақыт бойында бірге болатын адамдарды өзіне тартады. Сондай-ақ шығармашыл адамның тартымдылығы оның тұрақты түрде дамуымен, өзгеруімен ғана емес, сонымен бірге өз кезегінде бұл шеңберді шектейтін немесе нақтырақ айтсақ, даму шиыршықтығын жалғастыратын басқаның тәжірибесіне ашықтығымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет