Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет129/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

Қосымша нұсқаулық: «Біз бөлінудің тым қарапайым немесе тым күрделі белгісін таңдай аламыз. Ең дұрысы, таңдаған қасиеттердің екеуі де «жағымды», ешкімнің бойында наразылығын тудырмайтындай психологиялық қалаулы болғаны. Мысалы, кейбір жағдайларда ұстамды, орынды болу пайдалы, ал кей жағдайларда—эмоционалды, кей жағдайда авантюризмдік танытып, тәуекелдікке бару керек болады, ал кейде - сақтық және есепшілдік; ал кей жағдайда қаттылық қажет, кейде – жұмсақтылық және т.б. Бұл қасиеттердің әрқайысысының пайдасы бар. Бірақ біз бөліну үшін күрделі қасиеттерді де таңдауымызға болады. Мысалы бақылампаздықты эмпатияға (басқа адамды эмпатиялық түсіну эмоциональдық қосылуды талап етеді, ал бақылау арқылы түсіну – жағдайдан белгілі деңгейде алшақтауды. Бұл мағынада эмпатикалық және бақылампаздық қарама-қарсы қасиеттер ретінде қарастырылады) қарсы қоюға болады, жекелік тұңғиықтылықты - жекелік кеңдікке, мөлшерлікті немесе мінез- құлықтың әдептілігін - әдеттегіден тыс ерекше немесе тіпті таңқалдырарлық мінез және т.б.».

Топ бөлінудің мүмкін деп тапқан белгілерін талқылап, анықтағаннан кейін топтың әр мүшесіне өз дәптерінің бетіне тігінен сызық жүргізіп екі тізбекке бөлу ұсынылады. Сол жақтағы тізбек қасиеттің бір түріне, оң жақтағысы – екінші түріне арналады. Мысалы, сол жаққа «бақылампаздық» деп жазылуы мүмкін, ал оң жаққа – «Эмпатикалық» немесе сол жаққа «Эмоционалды», оң жаққа – «Рационалды» және т.с.с.



Топ мүшелерінің барлығының, шеңбер бойында отырғандардың, бөлмеден шығып кеткендердің және жаттықтырушының өзін қоса, екі тізбектің біріне есімдерін тізіп жазып шығу керек: а) немесе өзін және топ мүшелерін екі полюстің қайысысына жатқызады сол тізбекке тізіп шығу; б)немесе, егер әділ пікір ұстанатын болсақ, әр адам қай топқа өзін жатқызар екенін бағалай білу. Бұл жаттығудың екі бөлек түрі, сондықтанда аталмыш нақты жағдайда қай түр таңдалатындығына топтық келісімге келу қажет.

Егер біз адам қай полюсті өзіне таңдайтынындығына жорамал жасайтын болсақ, онда бұл біздің адам өзін қандаймын деп санайды немесе санағысы келетіндігін анықтау әрекетіміз болады; ал егер де біз адам әділ пікір ұстанғанда, өзін қай топқа жатқызуы тиіс екендігін анықтайтын болсақ, онда бұл біздің ол адамды қандай деп ойлайтынымыздың көрінісі болмақ. Сонымен, біз қандай түрді таңдаймыз – мінез-құлықты жорамалдауды ма әлде қасиетті әділ пікір ұстана бағалауды ма?».

Топтың барлық мүшелері әр қатысушының ұйғарымымен таңдалған түрге сәйкес қандай да бір полюске тіркелгеннен кейін, жаттықтырушы топтың барлық мүшелеріне орындарынан тұрып, бір жерге қадалып қалмай, бөлме бойына орналасуын ұсынады, одан кейін картина ілінген қабырға қасына «рационалдыларды», ал сөре тұрған жаққа – «эмоционалдылардың» отыруын өтінетінін айтады және т.с.с.

Топ мүшелері орналасып болғаннан кейін, өздерінің жорамалдары мен бағалауларын тексергілері келетіндігі анық. Бұнымен жүргізушілерді жаттықтырушы шақырғанша айналысуды ұсынуға болады.

Көрші бөлмеге шыққаннан кейін, жаттықтырушы жүргізушілерге нұсқаулықты тағы бір қайталауы тиіс: «Біз жекелік белгілері бойынша анықталатын екі шағын топқа бөліндік. Сендердің міндеттерің – топтың қандай белгі бойынша бөлінгенін он минуттың ішінде анықтайтын тапсырмалар беру. Қандай да бір сұрақтарыңыз бар ма?». жиі жағдайда жүргізушілер қандай да бір жаттығуды немесе тәсілді қолданардағы мақсаттылыққа байланысты кеңесу тілегін айтады. Жаттықтырушыға оларға мүмкіндігінше әдістемелік көмек және бұл кезеңде қолдау көрсетуі қажет, егер мүмкін болса, ұсынылған жаттығулардың қайысысы тиімдірек және қайысысы нәтижесіз болатындығын айтуына да болады.

Көп жағдайда қатысушылардан қарапайым әрекетті талап ететін тапсырмалар нәтижелі болады: мысалы, тақтаға квадрат сызыңыз, арықты немесе басқада қандай бір кедергіні аттап өту, қарама-қарсы топтың мүшелерімен амандасу және т.б. Топтың ішіндегі өзара әрекеттік мақсаттағы жаттығуларда тиімді болады: өз тобының мүшелерінің мүсінін құрау, топтың әнұраны болуға лайық ән құрастыру немесе есіне түсіру, өздерінің ұрандарын ойлап табу, өздері таңдаған қасиеттері жарқын көрінуі мүмкін жаттығу ойлап табу және т.с.с.

Екінші жағынан, қандай да бір маңызды немесе терең мәселеге топтың әр мүшесінің қатынасын шеңбер бойымен сұрап шығу аталмыш жаттығу тапсырмасын шешуге еш септігін тигізбеуі мүмкін. Өйткені салмақты талқылаулар барысында адамның жеке тұлғалық қасиеттері (мысалы, бақылампаздық) емес, жалпылама болмысы көрінеді, сондықтанда, қатысушылардың жеке ерекшеліктерін қандай да бір жеке белгі бойынша жалпылай болмысы көлеңкелеуі мүмкін. Жүргізушілерге, егер өздері қолайлы ешнәрсе ойлап таппаса, топ ішіндегі немесе топтар арасындағы өзара әрекеттерге арналған нақты жаттығуларды ұсынуға болады. Бұл жағдайда біраз үзіліс жариялап, жүргізушілерді дайындауға қосымша уақыт арнау дұрыс болмақ.

Бұдан кейін жаттықтырушы жүргізушілермен бөлмеге оралады, шағын топтардың біріне қосылады да (өзін қайсысына жатқызатына байланысты), және барлық қатысушыларға жүргізушілердің бөліну белгісін анықтау міндетінің қиындығын шамалы жеңілдету үшін, тапсырманы орындау барысында оларға таңылған қасиетті белсендіруін өтінеді. Бұл жол арқылы, жүргізушілер, әр уақытта бүкіл топ және жаттықтырушы олардың жетістікке жетуі үшін күш салатындығына сенімділік ұялататын белгілер алуы тиіс. Топ мүшелері өздері жүргізушілерге көмек болуы мүмкін тапсырылған жаттығулардың өзгерту түрлерін ұсынуына болады.

Негізінене, барлық жүргізушілер өздеріне жүктелген тапсырманы орындап, бөліну белгілерін анықтайды. Ең дұрысы, олар әр шағын топ ойлаған қасиетті тура атайтын жағдайда болуы. Егер жүргізушілер шеше алмай бірақ, мақсатқа жақын болса, жаттығуды белсенділік бәсеңдегенше жалғастырғаннан бұрын, қандай да бір жуық шешіммен тоқтатқан дұрыс. Жүргізушілер тапсырманың шешімін тапқаны жарияланғаннан кейін, топ олардың жұмысына алғыс айтып, өздерін мүшесіміз деп санайтын шағын топтың біріне қосылуды ұсынады.

Бұл процедураны ілеспелі түрде жүргізу маңызды. Алдымен, жаттықтырушы барлығы өздерінің бағалауларын «жариялауға» келісетіндіктерін және оларды топтың басқа мүшелері қалай бағалағанын шынымен білгілері келетін сезімдері нық екендігін анықтап алуы керек. Егер қатысушылардың әрқайысысы өздерінің келісімдерін сөзбен нақтыласа, және жаттықтырушының бұл процедураның дұрыстығына қосымша ешқандай күдіктері туындамаса, қорытынды шығара беруге болады.

Егер топ өзін бағалау жорамалы тапсырмасын орындаса, онда жорамалдың туралығы қатысушы өзі қай топты таңдағанымен жорамалдың сәйкестігі бойынша анықталады. Жаттықтырушы топқа: «Серік рационалдылар тобын таңдады. Егер сіз ол өз «рационалдылар» тобын таңдайды деп жорамалдасаңыз, өзіңізге 1 ұпай қоя аласыз. Ал егер сіз ол «эмоционалдылар» тобын таңдайды деп жорамал жасасаңыз, онда өзіңізге 0 ұпай қою керек болады – сіздің жорамалыңыз анықталды. Айжан «эмоционалдылар» тобын таңдады». Егер сіз ол «эмоциональдылар» тобын таңдайды деп жорамалдасаңыз, өзіңізге жорамалдың туралығы үшін 1 ұпай қоя аласыз. Егер сіз ол «рациональдылар» тобын таңдайды деп жорамалдасаңыз, 0 ұпай» және т.с.с. осылай жаттықтырушыны қоса отырып, барлық қатысушылар тізбектеліп аталып шыққанға шейін.

Егер топ тапсырманы қатысушыларды «әділ пікір жасау арқылы» бағалаумен орындаса, онда бағалаудың туралығы қатысушының жеке пікірі топтық бағалаумен сәйкес екндігі арқылы анықталады. Жаттықтырушы топқа: «Олжасты «рационалдылар» тобына жатқызғандар, қолдарыңызды көтерсеңіздер – дейді. Дауыстардың санап болғаннан кейін, жаттықтырушы мен басқа қатысушылар оны жазып қояды. Одан кейін тағы бір тексеру үшін жаттықтырушы: «Олжасты кім «эмоционалдылар» тобына жатқызды?» - деп сұрауына болады. Алынған сан жазылады, бұнымен қатар жаттықтырушы барлық дауыстардың қосындысы топ мүшелерінң жалпы санымен сәйкестігін тексереді. Сондай-ақ, бұндай процедура арқылы, аталмыш жағдайда өзі туралы әңгіме қозғалған қатысушы, қай адамдардың пікірі ол туралы көпшіліктің пікірімен және өзі туралы өз пікірімен сәйкес еместігін немесе, керісінше, көпшіліктің пікірімен сәйкес емес бірақ, өзінің пікірімен сәйкес екендігін түсіну үшін, оны кім қарама- қарсы полюске жатқызғанын байқай алады.

Егер дауыстардың қатынастығы, полюстердің бір жағына басымдырақ болса, онда топтық пікір негізінене осы полюске бейімделеді деп санауға болады: мысалы, 13:0, 12:1, 11:2, 10:3, 9:4 немесе, болмаған жағдайда 8:5 қатынастығында – бұның барлығы «Рационалдық» жағына басымдылық. Жаттықтырушы: «Топтық пікір «рационалдық» жағына бейімделеді деп санауға болады, сондықтанда кім өз бағалауында Олжасты «рационалдылар» полюсіне жатқызса, өзіне 1 ұпай қоюына болады. Ал Олжасты «эмоционалдылар» полюсіне жатқызғандар, өздеріне 0 ұпай қояды, өйткені олардың пікірі топпен сәйкес болмады». – деп айтады.

Әр қатысушы өзі жинаған ұпайының қосындысын жеке санайды: бірінші жағдайда ол оның болжамының туралығы білдіреді, екіншіде – оның бағалауының топтық пікірге жақындығын. Жаттықтырушы қорытынды жасайды: « Кімде ұпай қосындысы 13 болды, 12?, 11?. Құттықтаймын сізді! Бұл өлшемдер кездейсоқ шешу ықтималдығынан белгілі деңгейде ерекшеленеді».

Көп жағдайда, кейбір қатысушылардың өзін бағалауы, топтық пікірмен сәйкес болмайды: адамға ол ықшамды сияқты көрінеді, ал топ оны бірауыздан «ұзақ сөйлейтіндер» полюсіне жатқызады. Жаттықтырушы бұған топтың назарын аудартуына болады, ал кейде мұндай дәйектерді талдамасада болады, себебі бәрібір- ақ маңызды психодиагностикалық ақпаратқа жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет