Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет44/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

32 жаттығу. Барлық қатысушылар үлкен жартылай шеңбер құрап орналасады.

Нұсқаулық: «Әрқайсымыз кезекпен ортаға шығып, кез-келген, тек вербалдық емес амалдармен дәрістің әрбір қатысушысымен байланыс орнатуға тырыссын».

Барлығы тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы жаттығуды орындау барысында пайда болған әсерлерін талқылауын ұсынады. Қорытынды шығару барысында, жаттықтырушы қатысушылар атап өткен байланыс орнату тәсілдеріне сонымен бірге байланыс орнатылғанын дәлелдейтін белгілерге назар бөледі.



33 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап тұрады (жаттығуды өткізу үшін қатысушылардың саны жұп болуы керек)

Нұсқаулық: «Бір» дегенде, әрқайысымыз өз орнында тұрып және үнсіз (бұл екі талапты жаттығу барысында сақтауымыз қажет), өзіне жұп таңдайды. Біздің қатар санымыз жұп, сондықтанда әркім өзіне серік табады. Мен «екі» деген кезде серігіңізбен бірге бірдей қимыл жасайсыз. Одан кейін мен тағы да «бір» деймін, сол кезде сіз өзіңізге басқа серік таңдауыңыз керек, ал «екі» деген кезде сол серігіңізбен бірдей қимыл жасауыңыз тиіс».

Әдетте, біз топ мүшелеріне бұл тапсырманы 3 рет жасауға мүмкіндік береміз, одан кейін талқылауға кірісеміз, талқылау барысында «Сіздің жұбыңыз қалай құрылды?», «Бірдей қимылды қалай таңдадыңыздар?» деген сұрақтарды талқыға салу орынды болмақ .бірінші сұрақтың жауаптары байланыс басталғанын дәлелдейтін негізгі вербалды емес белгілерді: бағыттылық, көзқарасты бекіту, дене қимылы, жүзінің жылылығын, күлкі, алдыға қарай жеңіл қозғалу, әріптесінің қарсы алдына және т.с.с. анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жаттығуды орындау барысында топ мүшелері жинақтаған тәжірибені талқылау процесінде байланыс жасауға және ортақ әрекетті таңдау барысында белсенділік бой алғандығы жөнінде әңгіме жиі қозғалады. Егер, бұл тренингтің мазмұнына сәйкес болған жағдайда, (мысалы, іскерлік келісімсөздер жүргізу тренингінде), бұл мәселені нақтылай талқылау қажет. Бұл жағдайда, бірлескен әрекеттердің төмендегідей түрлері анықталуы мүмкін:



  • жұптың бір қатысушысы екіншісінің белсенділігін баса, өзінікін арттыра түседі:

  • серіктестердің біреуі екіншісінің толық келісімімен белсенділігін артырады;

  • бірлескен әрекеттердің барысында жұптың бір қатысушысынан екіншісіне және керісінше белсенділікті тұрақты түрде беріп отыру орын алады.

  • Бірлескен әрекеттер серіктестер бір-бірін кез-келген сәтте толықтай түсінетін әріптестік ретінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет