Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет27/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

16 жаттығу. Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: Біз әртүрлі қимылдар, әрекеттер жасаймыз. Орындау барысында бір талапты ескеруіміз қажет: сіздер мен алдын-ала «Серік айтты» деген сөзбен алмастырғанымды хабардар еткен қимыл- әрекеттерді орындауларыңыз қажет. Мысалы мен: «Серік айтты: оң қолыңызды көтеріңіз» - деп айтамын, сіз менің айтқанымды жасайсыз, ал егерде «Қолыңызды көтеріңіз» немесе «Мен сіздің қолыңызды көтеруіңізді өтінемін» - деп айтсам бұл әрекетті жасамау керек.

Жаттықтырушы ұсынатын әрекеттер түрі, әр аулуан болуы мүмкін: жүріс, бұрылыс, қол көтеру, секіру және т.б. сонымен қоса жаттықтырушыға топты жаңылдыратын әрекеттер жасауға болады мысалы жаттықтырушы «Тұрайық» - деп айтып, өзі де тұрады немесе «Оң қолымызды көтерейік» деп қолын көтереді және т.б.

Жаттығуды екпінді ырғақта қайталау керек. Әдетте, жаттығу көңілді өтеді, нәтижесінде қолайсыздық, шаршағандық төмендейді, көңіл-күй көтеріледі. Сонымен бірге жаттығу назарды жүйелеуге септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет