Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет28/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

17 жаттығу. Топ мүшелері шеңбер жасап тұрады.

Нұсқаулық: «Әрқайысымыз қандайда бір қимыл әрекет ойлап тауып кезекпен топ алдында көрсетейік. Көрсету кезінде зейін қойып, әрқайысымыздың қимыл- әрекетін есте сақтауға тырысайық». Топ тапсырманың осы бөлігін жасайды.

«Енді бір- біріміздің әрекетімізді есте сақтаған болсақ, келесі жаттығуға көшейік. Жаттығуды бастайтын адам, ең алдымен өзінің қимыл-әрекетін жасайды, одан кейін келесі кезекті бергісі келген адамның қимылын қайталайды. Әрқайысымыз өзінің қимыл-әрекеті жасалған және өзіне кезек келген сәтті жіберіп алмау үшін зейін қойып, мұқият болайық. Кезегі келген адам өз қимыл-әрекетін жасайды және келесі адамға жол береді.

Жаттығу барысында ескеретін жайт: сізге кезек берген адамға қайтадан жол беруге болмайды».

Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушылардың жылдам әрекет жасауына жетелеп отырады. Жаттығу аяқталғаннан кейін: «Сізде қандай қиындықтар туындады?», «Сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет