19 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Әрқайысыларыңыз кез-келген бір жануарды атаңыздар. Әрі кім қандай жануарды атағанын мұқият зейін қойып тыңдап, есте сақтауға тырысыңыздар».
Барлығы кезекпен жануарларды атайды, әрі кім қандай жануарды атағанын есте сақтай алу үшін біршама уақыт бөлу керек. Тапсырманы жеңілдету үшін жануарларды шеңбердегі кезек бойынша атауды ұсынуға болады және әркім жануарды атамас бұрын, өзіне дейінгі қатысушылар атаған жануарларды қайталап атап беруі қажет.
«Ал енді жаттығуды орындау барысындағы ырғақты есімізде сақтайық».
Жаттықтырушы ырғақты көрсетеді: екі рет шапалақ және алақанымен екі рет тізесінің ұрады.
«Жаттығу барысында біз осы ырғақты сақтаймыз. Тапсыраны мен беріп отырамын. Ең бірінші бастайтын адам, екі рет шапалақтайды да өз жануарының атын атайды:, мысалы, «қасқыр», одан кейін екі рет тізесін шапалақтай өзі кезек бергісі келген адамның жануарының атын атайды. Ал ол адам екі рет шапалақ ұра өзінің жануарын атайды, содан кейін келесі кезекті бергісі келген адамның жануарын атап тізесін екі рет шапалақтайды. Бұл жерде ырғақты бұзбау керек және сізге кезек берген адамға қайта айналып кезек бермеу керек. Өте мұқият болайық, себебі қателескен адамға қосымша тапсырма беріледі».
Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы оны біртіндеп жылдамдата түседі. Қателескен адам, екі рет шапалақтап, өз жануарына тән дыбысты бейнелеуі керек.
Жаттығу көңіл- күйді сергіте түседі, жұмысты жалғастыруға қолайлы жағдай тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |