МҰҒАЛIМ ЭТИКАСЫНЫҢ НЕГIЗГI КОМПОНЕНТТЕРI
Мұғалiм этикасының негiзгi компоненттерiн мынадай түрде беруге болады: мұғалiм еңбегiнiң әлеуметтiк функциялары; қызметiнiң адамгершiлiк мазмұны; мұғалiмнiң жеке басының кәсiптiк мiндеттердi мейлiнше жақсы атқаруды қаматмасыз ететiн моральдық қасиеттерi; мұғалiмнiң жеке басының ерекшелiгiн психологиялық жағынан ұйымдастыру (қалыптастыру); мұғалiмнiң өзара қарым-қатынасының сипаты; мұғалiм мiнез-құлқының нормалары мен ережелерi; жасы, жынысы, мамандығы, жанұя жағдайы және т.б.
Мұндағы алғашқы екi компонент мұғалiмнiң кәсiптiк еңбегiнiң өзiн, оның еңбегiнiң адамгершiлiк аспектiсiн сипаттайды, ал қалғандары мұғалiмнiң өз жеке басына бағытталған.
Мұғалiм меңгерiп, қабылдаған, оның iс жүзiндегi оқу-тәрбие қызметiнде, нақты мiнез-құлық қасиеттерiнде, әдеттерiнде жүзеге асқан педагогтық этика талаптары мен нормалары оның кәсiптiк-этикалық даму деңгейiн анықтайды деп дәлелдеуге болады. Мұғалiмнiң психиканың терең қабаттарын қозғайтын адамгершiлiк-педагогтық даму процесiнiң тиiмдi өтуi көбiне мұғалiмде өздiгiнен бiлiм алу және өзiн-өзi тәрбиелеудiң мектеп әкiмшiлiгi, мұғалiмдер ұжымы тарапынан басшылық жасауға байланысты. Мұғалiмнiң өзiн-өзi тәрбиелеуi – жете ұғынылған және жеке адам басқаратын өзiн-өзi дамыту болса, мұнда қоғамның талаптарына, адамның өзiнiң мақсаттары мен мүдделерiне сәйкес өздерi жобалаған күш-жiгер мен қабiлеттер қалыптасатын болса, онда ұлы Абайдың жеке адамды адамгершiлiк-этикалық жағынан жетiлдiрудiң шарттары туралы айтқан ақыл-кеңестерiн еске алмауға болмайды: бiрiншiден, еңбексүйгiштiк. Абай еңбек адамдарын “адамның әулиесi” деп атаған, екiншiден, терең ойға, бiлiмге ұмтылу, үшiншiден қанағат: адам әр нәрсенiң шамасын бiлуге тиiс:
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бiр кiрпiш дүниеге,
Тетiгiн тап та бар қалан.
Шаманы әр адамға оның ар-ожданы айтуға тиiс, яғни, адам әрдайым ар-ожданы алдында жүгiнiп, өз өмiрiнiң, мiнез-құлқы мен қызметiнiң адамгершiлiк қорытындыларын өзiне-өзi есеп беру нәтижесiнде күнiне немесе аптасына, тiптi бомласа, айына бiр рет шығарып отыру қажет деп есептеуге тиiс.
Көптеген компоненттердiң, әсiресе, мұғалiмнiң кәсiптiк қызметiнiң моральдық аспектiсiне, оның жеке басының моральдық қасиеттерiн қатысты компоненттердiң мазмұны туралы жоғарыда, педагогтық этиканың өзiндiк ерекшелiктерi туралы сөз болған кезде айтылды.
Ал мұғалiмнiң жеке басын психологиялық жағынан ұйымдастыруға келетiн болсақ, мұғалiмнiң кәсiптiк ұстамдылығын, шыдамдылығын, бақылағыштығы мен аңғарымпаздығын, оның өз айналасындағылардың бәрiне: табиғатқа, қоғамға, өнерге, әдебиетке, және т.б. деген жанды қызығушылығын ғана емес, нервтiк-психикалық сфераның ерекше төзiмдiлiгiн, эмоциялық әсерлiлiгiн, артистизмдi, педагогтық оптимизм мен денсаулықты атап көрсеткен жөн. Дұрыс дене бiтiмi, жинақтылық, кез-келген жаста жарқын жүздiлiктi, белсендiлiктi сақтап қалу – жеке адамның жалпы мәдениетiнiң көрiнуi, мiне, осы. Мұғалiм үшiн сыртқы келбет, ұзақ жылдар бойы қартаймау қабiлетi қажет, оның үстiне бұған кәсiптiк жағынан қарулану, педагогтық шеберлiк қосылып жатса, құба-құп. Сондай-ақ, мұғалiм жұмысындағы артистизм туралы да айта кеткен жөн. Бұл – мұғалiмдi кәсiптiк даярлау жүйесiндегi негізгі салалардың бiрi. Әйткенмен, кезiнде мұғалiм қызметiндегi артистизмге, оқушылардың алдында өзiн ұстай бiлуге, ұжымдағы қарым-қатынас стилiне және т.б. А.С. Макаренко үлкен маңыз бергенi мәлiм.
Егер Шацкий, статистикалық мәлiметтерге қарағанда, сахнада 45 минут өнер көрсетсе, Кармен 40 минут ән айтса, “Ревизорда” дуанбасы бiр сағаттай ойласа, ал мұғалiм “көрермен қауымға” күнiне ең азы 5-6 сағаттай жұмыс iстейдi. Бұл – оны 2-3 сабақтағы қарбалас жұмысы, педагогикалық кеңестік, педагогикалық бiрлестiктiң жұмысына қатынасу, ата-аналармен жұмыс iстеу және т.б. Бұған қосымша қызметтiң барлық түрiнде оған ойнай бiлу қажет, ал ол стихиялы түрде, ешбiр ғылыми негiзсiз “ойнап шығады”.
Мұғалiм жұмысындағы артистизм дегенiмiз не? Жалпы артистизм дегенiмiз не? Бұл жөнiнде тiптi артистердiң өздерiнде бiртұтас пiкiр жоқ. Мысалы, Қазақ ССР халық артисi Ш. Жандарбекова мұны қиын жағдайда “жол тауып шыға” бiлу деп түсiндiредi. Сөйтiп, мысал ретiнде творчестволық өмiрбаяннан бiр оқиғаны келтiрдi. Москвада өткен қазақ өнерi мен әдебиетiнiң онкүндiгi күндерiнде Е. Брусиловскийдiң “Қыз Жiбек” операсында Бекежанның ариясын орындау кезiнде Қ. Жандарбековты күтпеген жерден жөтел қысады да, жөтелдi бiлдiрмеу үшiн ол қарқылдап күлiп жiбередi. Москвалық сыншылар жас әншiнiң осы бiр творчестволық тапқырлығына жоғары баға бередi.
Бұл анықтамалардың бәрi қызықты, әрi мұғалiмнiң қызметiнде ұтқырлық, тапқырлық, аяқ астынан бiрден бiр дұрыс шешiм таба бiлу, немесе кәсiптiк әрiптестiктi сезiне бiлу қажет. Бiрақ сонымен бiрге мұғалiмнiң жұмысында осы бiр күрделi ұғымның, бiрiншiден, мұғалiмнiң өз эмоциялық ресурстарын басқара бiлуi, екiншiден, өзiнiң психикалық, iшкi жан-дүниесi жағдайын басқара бiлуi және үшiншiден, өзiне творчестволық күш-жiгер шақыра бiлуi сияқты компоненттерi де маңызды. Әрi осы шеберлiктердiң бәрi мұғалiмнiң жеке басы мен қызметiнде оның этикалық әсерлiлiгiне, жағымды көңiл-күйiне және творчестволық ынтықтығына келiп қосылып жатуға тиiс. Бiрақ өз бойында осы творчестволық артистiк шеберлiктердi қалай қалыптастыру керек, олардың методикасы қандай- мұндай арнайы әдебиет мұғалiмде, өкiнiшке орай, әзiрге жоқ. Ал мұғалiмдер туа бiткен талантты артистер сияқты, өйткенi олар тiптi артистизм жөнiнде болар-болмас бiлiм алмай-ақ негiзiнен өздерiн қанға ұқсайды. Бұл жерде педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына нағыз мамандар сабақ жүргiзетiн “Мұғалiм жұмысындағы артистизм” деген, ең болмағанда, шағын арнаулы курс енгiзу қажеттiгiн атап көрсете кеткен жөн.
Мектепте жүргiзiлетiн сұрақтар бiр-бiрiне өте ұқсас көрiнiстi көз алдымызға әкеледi. Оқушыларға, мысалы, өз пәнiн жетiк бiлетiн және оны тапқырлықпен түсiндiре алатын мұғалiм ғана емес, сонымен бiрге әзiл-оспақтап сөйлейтiн, қалжыңды сүйетiн және түсiнетiн, шат көңiлдi мұғалiм олардың бойында қорқыныш туғызатыны белгiлi, оқушылардың ондай мұғалiмнiң сабағына қатысқысы келмейтiнi айтпаса да түсiнiктi. Мұғалiмдердiң өздерi де көбiне өзiнiң кәсiптiк оптимизмiне торыға қарап, “оптимизмдi ойлауға мұрша бар ма, программаны орындау керек” деседi.
Ал балалар, жеткiншектер, бозбалалар үшiн қиындықтарды жеңiлдететiн қуанышқа, шаттыққа деген қажеттiлiк тән. Әңгiме әдейi ұйымдастырылған жасанды көңiл көтеру, сабақта уақытты көңiлдi өткiзу туралы емес, сергек атмосфера, мұғалiмнiң жұмылдырушы дауыс ырғағы туралы, мұғалiмдер мен оқушылардың байланысы, бiрлiгi туралы болып отыр. Мұны А.С. Макаренко өте жақсы түсiнген. Ол үнемi тұнжыраңқы жүретiн, селсоқ тәрбиешiлердi аяусыз сынға алып, “жылуы жоқ” педагогтарға үзiлдi-кесiлдi қарсы болды, мұндай педагогтар, өкiнiшке орай, қазiргi мектепте де кездесiп қалады. Макаренко: “Сергек көңiл… мен бұл қасиеттi жоғары бағалаймын. Үнемi сергек жүру, бет-әлпетiнiң ешқашан тұнжыраңқы болмауы, әрекетке үнемi дайын тұру, шат-шадыман, нақтылап айтқанда сергек, ширақ, қуанышты көңiл-күйде жүру керек” деп шақырады. “Шырылдай берме!” деген сөз оның тәрбиеленушiлерiнiң сүйiктi девизi болды.В.А. Сухомлинскийдiң Павлышскiдегi мектебiнде жазылмаған бiр заң бар едi: мектепте ауру, күйiнiштер, қолайсыз жағдайлар… туралы айтуға тыйым салынған болатын.
Бәлкiм, өз жұмысында педагогтық оптимизмнен бас тартатын мұғалiмдiкi белгiлi бiр дәрежеде дұрыс та шығар: өйткенi әлi күнге дейiн бұл проблема педагогика мен психологияда мүлдем талданбаған күйде қалып отыр.
Тек Ю. Львовадан ғана педагогтық оптимизмнiң мәнiн ашуға және бiрқатар ұғыныстар беруге тырысқан әрекеттi табуға болады. Ғылыми медициналық, психологиялық әдебиетке сiлтеме жасай отырып, автор мынадай ұсыныстар жасайды:
Бiрiншiден, қажеттi жағдай ретiнде: «салауатты өмір салты» яғни жүйелi түрде дене тәрбиесiмен, спортпен айналысу жолымен жететiн “бұлшық ет қуанышын” жасау ұсынылады. Бұл – күн сайынғы таңертеңгiлiк жаттығу, су процедурасы, бiржарым-екi сағат бойы таза ауада жаяу жүру немесе жүгiру (10 минут жүгiру бiр сағат жүргенмен тең). Бұл “бұлшық ет қуанышы” психикалық күйдiң, көңiл-күйдiң де жақсаруына жәрдемдеседi. Мұны әркiм өз басында сынап көрiп, “денi саудың жаны сау” деген қағиданың дұрыстығын түсiнуiне көз жеткiзуiне болады. Шынында да, сау психика сау дене, немесе, керiсiнше, сау денеде сау психика болады.
Екiншi ұсынысты “ерiк-жiгер тежелiстерiмен үйлесiмдегi сезiмдер гимнастикасы” деп атауға болады. Мұғалiм өзiн қуанышқа, мейiрiмдiлiкке, сергектiкке жаттықтыруға, яғни сезiмдер гимнастикасымен, педагог шеберлiгiнiң элементi ретiнде ойынмен айналысуға тиiс. А.С. Макаренко тiкелей осыған нұсқан болатын.
Шынында да, мұғалiмге сергек көңiл-күй “жасай” бiлу, “… аздап тапқырлық, қандай да бiр қолпаштаған күлкi емес, қарапайым ақжарқын күлкi қоса” (Макаренко) бiлу керек. “Мен мiндеттi түрде аздап ойнауға тиiспiн және мен мұны өзiмнiң барлық әрiптестерiмнен талап етемiн”.
Сезiмдер гимнастикасына ерiк-жiгер тежелiсi де жатады. Ол оқушылармен және әрiптестермен қарым-қатынас жасау кезiнде үнемi сыпайы болудан көрiнуi мүмкiн. Мысалы, әрқашан балалармен де, қызметтес жолдастармен де жарқын күлкiмен бiрiншi болып амандасқан орынды. Әрине, сiздiң ақжарқын, шын пейiлден шыққан күлкiңiз жауапсыз қалмайды. Демек, ұжымдағы моральды-психологиялық климатты да жақсартып, жылытуға тиiс. Осы арада балалр әнiндегi күлкi мен достық туралы сөздер ерiксiз еске оралады. Ал мектеп ұжымдағы достық, жолдастық – оның ретке келтiрiлген өмiрлiк әрекетiнiң маңызды факторы.
Үшiншi ұсыныс ретiнде белгiлi психологтардың өзiне-өзi гипноз жасау туралы кеңестерi келтiрiледi. Ол үшiн таңертең, ояна салысымен бiрден, төсектен тұрмай жатып, өте сенiммен әрi әсерлi етiп, мысалға, мына сияқты сөздердi айту қажет: “Мен өз жұмысымды қалай сүйемiн десеңiзшi. Бәрi де жақсы болады, бәрi де тамаша болады. Жұмысымды сүйемiн, сүйемiн!” Осылайша бiрнеше рет қайталау қажет. Сөйлемнiң құптау мағынасында құрылуы, онда бiрде-бiр терiске шығаратын жалғаулық болмауы – маңызды шарт.
Мұғалiм арасында бұл ұсыныстарға бақылау жасап көру қызғылықты. Олар аудиторияда, әдетте, көңiлдi күлкi, әзiл-оспақ тудырады, ал өз жұмысына деген сүйiспеншiлiк туралы сөйлем көбiне қыран-топан күлкiге батырады. Мұндай реакция педагогтық оптимизмдi қалыптастыру шеберлiктi жетiлдiрудiң маңызды мәселесiне әзiрше айнала қойған жоқ деген ойға жетелейдi. Ал оған өзiн-өзi сендiру методикасын игеру өте-мөте қажет қой, өйткенi дәрiгерлермен қатар дерлiк “сендiрушi” ретiнде алға шығады.
Қазiр мектеп реформасына сәйкес оқушыларға салауатты өмiр салтын беруде дене тәрбиесiнiң ролiн арттыруға ерекше көңiл аударылып отырған кезде, мектеп оқушыларының тән саулығы адамгершiлiк саулықтан маңызы кем емес проблемаға айналып отырған кезде, сiрә, мұғалiмнiң денсаулығын нығайтумен де арнайы айналысқан жөн болар. Ал мұның өзi дене тәрбиесiнен басталады. Бұл – таңертеңгiлiк гимнастика, су процедурасы, еңбек пен демалысты, тамақтану режимiн алмастырып отыру, дауыс пен нерв жүйесi гигиенасын сақтау және т.б. Дене тәрбиесiмен және спортпен жүйелi түрде айналысу туралы айтпағанның өзiнде, тiптi таңертеңгiлiк жаттығумен нысаныасына айналуға тиiс, өйткенi мұғалiм денсаулығының әлсiздiгi күрделi моральдық аспкетiге ие болады, мұғалiмнiң қызметi, оның қызметiнiң негiзi және оның өзi елiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк дамуының негiзi бағыттарының мiндеттерiн өз күштерiмен шешетiн сол бiр басты адамдық факторды құрайды. Ал ол күштер әлсiз, аурушаң болса ше?
Өйткенi, мұғалiм (немесе бiрнеше мұғалiм) ауырған кезде сабақ кестесiнiң үздiксiз өзгеруi, пәндердiң ауысуы, үзiлiп қалуы және т.б. болып жатады. Жолға қойылған еңбек тәртiбi өте қатты бұзылады. Сырқаттан сауығып, мұғалiм өз мiндеттерiн атқаруға кiрiскен кездiң өзiнде де, бұрынғы байланыстарды, екi жақты жақсы көңiл-күйдi ретке келтiру үшiн уақыт керек болады…
Сонымен, денсаулықтың тамаша болуы, көңiлдi жүру, әрiптестерге, мектепке, өзiнiң педагогтық жұмысына психологиялық жағынан дұрыс қарау – педагогтық творчествоның маңызды қосындылары емес пе?
Педагогтық оптимизм проблемаларын сөз еткенде мұғалiм киiмінiң эстетикалық талғамға сай келуi сияқты факторды айтпасақ, онда ойымыз онша толық болмас едi. Әлбетте, бұл сыртқы фактор ең басты болмауы да мүмкiн, бiрақ мұғалiм жұмысында маңызы, тәрбиелiк мәнi жоқ мәселелер бола ма? Мұғалiм, А.С. Макаренконың сөзiмен айтқанда, “эстетикалық жағынан әсерлi” болуға тиiс. А.С. Макаренконың қалай болса солай киiнген, салдыр-салақ көрiнген мұғалiмдi сабаққа жiбермегенi белгiлi. Оның өзiнiң өте ұқыпты киiнуi тәрбиеленушiлерге керемет әсер ететiн.
Мұғалiмнiң киiм киiсi, мұғалiм киiмiндегi эстетизм, сән және мұғалiм – бұл мәселелер, бұрынғысынша, еш жерде дерлiк зерттелiп отырған жоқ.
Егер жұмысшылардың киiмдерi жұмыс сапасы мен қарқынына жағымды ықпал жасайтын өндiрiстiк эстетика элементтерiнiң бiрi болып табылса, ал мұғалiм киiмi туралы мәселе күнi бүгiнге дейiн шешiмiн таппай отыр, бүгiнде әрбiр мұғалiм өзiнiң жеке эстетикалық талғамына, жалпы мәдениетiнiң дәрежесiне қарай киiнедi. Нақты форма жоқ. Мұғалiм өзi оқушыларының қалт жiбермей, құштарлықпен бағып отыратын назарында болады. Ал олар мұғалiмнiң салдыр-салақ киiнiп, шашын жөндеп тарамай және т.б. келгенiн кешiрмейдi. Мұнысы өте дұрыс та: өйткенi, адамның сыртқы келбетi – оның айналасындағыларға құрмет көрсетуі. Бұл, әсiресе мұғалiм жұмысында айқын байқалады. Сондықтан әрбiр мұғалiм жұмысқа, мерекедегiдей, жақсы матадан сән талаптарына сай тiгiлген ең жақсы киiммен кел қағиданы ұстануға тиiс. Сәнге ден қойғанмен, әр нәрсенiң шегiн бiлу, жас мөлшерiн және т..б. ескерi даусыз, мұның өзi көңiл-күйге, өзiне деген сенiмге мiндеттi түрде ықпал етедi. Тағы бiр айта кететiн жас шiлтерлi бүрме жүргiзiлген ақ блузка киiп тұрып, оқушыларға қатты айқайлап, ұрысуға әрекеттенiп көрiңiзшi. Оныңыздан түк те шықпайды: әдемi киiм, өзiңiздiң сәндi екенiңiздi сезiну бұған жiбермейдi, яғни киiм де адамды жинақыландырып, тәртiпке салады.
Мұғалiмнiң кәсiптiк қарулануына қатысты мұғалiм этикасының келесi компонентi – педагогиканың iзденiстер негiзi және өзiне мынадай аса маңызды кәсiптiк-этикалық талаптарды, өзiн-өзi жетiлдiру программасын қамтиды: мұғалiмнiң қоғамдық-саяси және адамгершiлiк жағынан жетілуi жолына үздiксiз жұмыс жүргiзуi; мамандығы жөнiнен бiлiмiн тереңдету; педагогикалық теорияны және психологиялық бiлiмдердi игеру; педагогтық шеберлiгiн жетiлдiру; әдебиет пен өнерге тартылу; денсаулықты нығайту.
Өзiн-өзi жетiлдiрудiң мейлiнше маңызды мәселелерi мұғалiмнiң өзiмен жүргiзетiн жұмысының жеке жоспарында бейнеленуге тиiс.
Мұғалiмнiң кәсiптiк қарулануын жетiлдiру туралы айта отырып, “сөз дарыны” сияқты маңызды мәселенi үнсiз аттап өтуге болмайды. Бiз мүгiнде шешендiк өнер, мұғалiмнiң эстетикалық сөзi деп атап жүрген аса маңызды кәсiптiк мұғалiмдiк шеберлiкке К.Д. Ушинский осылайша бейнелi түрде анықтама берген. Өкiнiшке орай, педагогикалық жоғары оқу орындарының қабырғасында мұғалiмдi бұған мүлде үйретпеймiз. Мәнерлеп оқу жөнiнде шағын курс тек филология факултеттерiнде оқытылады, оның өзi де, әрине, болашақ мұғалiмдi шешендiк өнердiң әдiстерiмен, тәсiлдерiмен қаруландыру, проблемасын жеткiлiктi шеше алмайды, мұнсыз мұғалiм өзiнiң кәсiптiк еңбегiнiң басты қаруы - әсерлi, нанымды, тәрбиелеушi сөз дарынына ие бола алмайды… Сөйтiп, мұғалiм ешбiр ғылыми негiзсiз, өзiнiң практикалық қызметi процесiнде өзiнiң жеке-дара мүмкiндiктерiне қарай шешендiктi меңгеруге ұмтылады. Шынында да, шешендiк жүре келе қалыптасады. Ал мұғалiм өзiнiң шама-шарқына қарай шешен болып шығады. Өйткенi, егер адамның моралi, парасаты, көркемдiк талғамы сөзiнен көрiнедi десек, онда өзiнiң кәсiптiк мiндеттерiнiң арқасында өсiп, қалыптасып келе жатқан жеке адамға тәрбиелiк ықпал жасайтын мұғалiм сөзiне қойылар талаптың қаншалықты жоғары екенi түсiнiктi.
Мұғалiмге, ең болмағанда, сөйлеу мәдениетiне қойылар талаптарды: тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, анық мақамдап сөйлеудi, лексика байлығын, орфоэпия нормаларын, әдеби жағынан сөздi дұрыс айтуды, сондай-ақ сөздiң эмоциялық емес (дискурсивтi) және ерiктiк түрiнiң мазмұны туралы түсiнiгi болуы керек. Ал мұғалiмде таңдау сөздiң қандай да бiр түрiне тоқтау құқығы жоқ болғандықтан, өз бойында, өз сөзiнде эмоциялық әсерлiлiктi де, баяндаудың қисынды логикасын да, сендiру, иландыру күшiн де дамытуға ұмтылу қажет, мұның өзi ерiктiк күш-жiгерсiз мүмкiн емес. Шындығында, өз жан-дүниесiнде жалыны жоқ жан басқа адамның жандүниесiнде от жаға алмайды. Шынайы, көрiктi де жалынды сөз дарынын игермеген нағыз мұғалiмдi көзге елестетудiң өзi қиын.
Бiздiң шартты түрде бөлуiмiзше, мұғалiм этикасының 6 және 7 номерлерден кейiн келетiн компоненттерi басқалардың бәрiмен салыстырғанда, теорияда неғұрлым талдап жасалған әрi мектеп практикасында педагогтық этиканың барлық атқаратын қызметi педагогикалық процесте мұғалiмнiң өзара қарым-қатынасының, оның мiнез-құлқының жеке нормалары мен ережелерiнiң бар болғаны адамгершiлiк аспектiлерiн ғана анықтауда деп есептелетiндiгiмен таныс.
Шынында да, адамгершiлiк қарым-қатынастар проблемасы педагогтық этика мазмұнындағы жалғыз проблема емес, бiрақ ол онда жетекшi жағдайға ие болады. А.С. Макаренконың пiкiрiнше, педагогтық мораль проблемаларын ой елегiнен өткiзуде басты адамгершiлiк қарым-қатынас тәриешi мен тәрбиеленушiлер ұжымының қарым-қатынасы болып табылады. Оның жұмыстарында педагогтар ұжымы проблемасы шешушi фактор – оқу-тәрбие процесiнiң субъектi ретiнде тұңғыш рет қойылады. В.Н. Чернокозова мен И.И. Чернокозовтың “Мұғалiм этикасы” атты кiтабында оқу-тәрбие процесiнде адамдар арасындағы адамгершiлiк қарым-қатынастар мәселелерi А.С. Макаренко шығармаларында басқаша шешiлетiнi атап көрсетiледi. Ол педагогтық этиканы өз тәжiрибесi бойынша баяндап, мұғалiмнiң оқушылармен адамгершiлiк қатынастары мәселелерiн өте нақты талдап жасай отырып, құрмет пен талапшылдық қатынастары мектеп үшiн педагогикалық жағынан орынды қатынас ретiнде анықтама бердi. Оның өзiнде құрмет өлшемi ретiнде түсiнiлетiн талапшылдықты ол мектептiң және адамдардың өмiр салтының принциптерi ерекшелiгi деп есептедi. Макаренко “Бiз жеке адамға әдеттен тыс үлкен… құрмет көрсетемiз” деп жазды.
Педагогтық моральды зерттеушiлердiң iшiнен бiздiң заманымыздан аса көрнектi педагогы В.А. Сухомлинскийдiң ерекше орнын атап өтпеске болмайды. В.А. Сухомлинскийдiң еңбектерiнде отыз жылдан астам уақыт iшiнде Павлыск мектебiнде қалыптасқан адамгершiлiк қатынастардың белгiлi бiр жүйесi белгiленген. Ұзақ уақыт бойы педагогтық эксперименттiң тәжiрибелерiн ой елегiнен өткiзiп, қорытындылар жасай отырып, Сухомлинский, “Мұғалiм этикасы” авторлары әдiл атап көрсеткендей, бiздiң заманымыздағы мектепке тән педагогтық гуманизмнiң бiрқатар жақтары мен белгiлерiне баға беруге жаңаша келедi. Ол мұғалiмнiң балаларға қарым-қатынасына, директордың мұғалiмдерге қарым-қатынасына ерекше назар аударды. Ол балалардың бойындағы жақсы қасиеттердiң бәрiн көрiп, дамытып отыру мұғалiмнiң парызы әрi мiндетi деп бiлдi. Шынында да жеке адамды ұжымға сiңiрiп жiберудi емес, жеке адамды ұжым iшiнде дамытуды көздейдi.
Бiздiң заманымыздың этикалық-педагогикалық идеяларын дамытудағы В.А. Сухомлинскийдiң рөлi туралы сөз еткенде, Василий Александровичтiң моральдық бет-бейнесiнiң (оның терең сенiмiнiң, балаларға деген шексiз сүйiспеншiлiгiнiң) оның өзiн бiлетiндердiң немесе ең болмағанда оның идеяларымен және өмiрбаянымен, оның адамгершiлiк және педагогтық мұраттарын, сенiмдерiн нақты iске асырған қызметiмен таныс жандардың бәрiне жасаған адамгершiлiгiн айтпай кетуге болмайды. “Өзiм тәрбиелеп жүргендерге айтқандарымнан, үйренiп жүргендерiмнен бас тартқанша, - деп жазды ол, - мен басымды кестiруге дайынмын. Мен мұғалiмнiң мiндеттi iсi менiң әрбiр тәрбиеленушiм өз Отанының азаматы, адал ұлы болып шығуында, өз Отанының бостандығы, тәуелсiздiгi, ұлылығы жолында күресуге даяр болуында деп бiлемiн... Бiрақ менiң тәрбиеленушiм әзiрге бала. Педагогтың мен үшiн биiк мiндетi – бала бақытын жасаушы, балалардың жан-дүниесiнiң емшiсi мен сауықтырушысы бола бiлуiнде, адам жүрегiне қайғы мен уайым ұяламауында… Мен осы iске өмiрiмдi қидым”.
Бiртұтас педагогикалық процесте мұғалiм араласатын адамгершiлiк қатынастар сан қырлы әрi мынадай негiзгi параллельдерде кездеседі: мұғалiм – оқушылар, мұғалiм – оқушылардың ата-аналары, мұғалiм – мұғалiм, мұғалiм – мектеп әкiмшiлiгi, мұғалiм – жұртшылық. Әрбiр параллельдегi адамгершiлiк қатынастар сипатының арнайы қарастыруды талап ететiн өзiндiк ерекшелiктерi бар. Бiрақ олардың әрбiрi жоғарыда бiз сөз еткен жалпы моральдық принциптерге бағынады, ал егер олар бұзылса, шиеленiстi жағдайлар туады, олардан шығар жолды, мұндай келiспеушiлiктердiң басты себебi мiндеттi түрде өзiнiң педагогтық қателiктерiнде, моралдық-этикалық жаңсақтықтарында, сондай-ақ ең алдымен педагогтық әдептiң сақталмауында жатыр деп есептей отырып, мұғалiмнiң өзi iздестiргенi жөн.
Кейбiреулер егер мұғалiм балаларға дауыс көтермесе, олармен дөрекi сөйлеспесе, оларға сыпайы жөн көрсете отырып, жазалауды түсiндiрме әңгiмелермен алмастырса, онда бұл әдептi мұғалiм деп есептейдi. А.С. Макаренко, керiсiнше, мұндай моральдандыру-педагогтық әдепсiздiк көрiнiстерiнiң бiрi деп дәлелдедi. Ол былай деп жазды: “Балаларын нашар тәрбиелейтiн ата-аналар, жалпы педагогтық әдебi мүлдем жоқтығымен ерекшеленетiн адамдар – олардың бәрi педагогикалық әңгiмелесулердiң маңызын тым әсерлеп көрсетедi”. Макаренко кейбiр мұғалiмдер сияқты, әдептi дипломатиямен бiрдей деп қараған жоқ. “Соншалықты көп жазылып жүрген әйгiлi педагогтық әдеп, - дедi Макаренко, - Сiздiң пiкiрiңiздiң адалдығына жатуға тиiс…” Әдеп оқушылардың жеке-дара және жас ерекшелiктерiн жақсы бiлуден ғана емес, сонымен бiрге мұғалiмнiң ерiк-жiгер қасиеттерiнен: оның сабырлылығынан, өзiн-өзi ұстай бiлуiнен, шыдамдылығынан көрiнедi.
Педагогтық әдеп – кез келген жағдайларда балалармен жұмыс iстеудiң мейлiнше дұрыс тәсiлдерiн таба бiлу болғандықтан, ол “тактика” деген сөзбен бiлдiрiлетiн ұғымға жақындайды. Педагогтық әдеп, егер оның мәнiне қысқаша анықтама беруге тырысып көрсек, үш нәрсенi: мұғалiмнiң терең түсiнiгiн, сезiмтал қарым-қатынаста бола бiлу, iлтипаттылық, сыпайылылық көрсету, оқушыларға тiл қатқанда дұрыс дауыс ырғағын таба бiлу, оларға ақылға сиымды талаптар қоя бiлу, балалардың бойындағы адамдық қадiр-қасиеттердi құрметтей бiлу. Мiнез-құлықтың икемдiлiгi, жұмыс жағдайларына бейiмделе бiлу қабiлетi – педагогтық әдептiң бар екендiгiнiң көрсеткiшi.
А.С. Макаренко бiрде ешқандай iс адамнан мұғалiмнiң жұмысындағыдай тез икемделудi қажет етпейтiнiн әдiл атап көрсеткен болатын. Мұғалiмнiң әрбiр сөзi, оның әрбiр көзқарасы мен қылығы, оның тәрбиеленушiлермен күрделi де бұралаңы мол өзара қарым қатынастары өзiнiң барлық кезеңдерi мен түрлерiнде педагогтық этиканың биiк талаптарына, мұғалiмнiң мiнез-құлқының нормалары мен ережелерi сияқты компонентiне сай болуға тиiс.
Мұғалiмнiң мiнез-құлық эстетикасы – оның оқушыларға ойдағыдай ықпал жасауының шешушi факторының бiрi. Мұғалiмдер мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастарда тәрбиеленушiлер мен тәрбиелеушiлердiң жан-дүниесiн бiрiктiрiп, туыстыратын, көзге көрiнбейтiн әсемдiк сезiмi де, тартымдылық та орнауы тиiс. Бiрақ, өкiнiшке орай, басқа мазмұндағы мысалдар да аз емес. Соның бiреуi мынандай: сынып оқушылары алдында жас мұғалима мәнерлеп, шабыттана кiтап оқып тұрды. Оқушылар кiтаптың мазмұнына бар ынтасымен ден қойып отырған. Кенет ашық тұрған терезеден класқа көбелек ұшып келiп, оның қызғылт сары нәзiк қанаттары мұғалима кiтабының алдында жеңiл де әсем көлбең қақты. Ол Гогольдiң “Тарас Бульба” повесiндегi Днепр жағалауының тамаша суреттелуiн оқушылар тыңдаған әлгiнде ғана мың құбылған гүлдерiмен елтiген көз алдарында келген жазира даладан осында ұшып келген сияқты. Балалардың дауыстары жарқынырақ шыға бастады. – Қандай әдемi! – Гүл сияқты! Тура Запорож сечесiнен ұшып келгендей! – деген үндер естiлдi.
Бiрақ сабақтың барысы бұзылғанына мұғалима наразы болып қалған едi. Ол көбелектi ұстап алмақ болып қолын сермеген едi, бiрақ мүлт кеттi. Балалардың ду еткен күлкiсi естiлдi:
Тимей-ақ қойыңызшы, Нина Ивановна! – деп өтiндi балалар. – Мейлi ұшып жүре берсiн! Бiз оған қарамай-ақ қоялық.
Көбелек терезелердiң бiрiнiң әйнегiне соқтығысып, жайлап қонды да, қанаттарын болар-болмас қимылдатып тұрды. Мұғалима жәндiктi шошытып алмас үшiн оған жайлап жақын келдi. Бiрiншi партада отырған ақсары шашты бала тiптi орнынан тұрып, бейне бiр көбелекке көшеге ұшып шығуға көмектескiсi келгендей, терезеге қол созды.
Мұғалім апай, сiз оны абайлап ұстаңыз, әйтпесе, оның қанатындағы ұнтақты зақымдап аласыз, - деп кеңес бердi ол.
Бiрақ ызаланған мұғалима көбелектi шап берiп ұстай алып. Оны әйнекке жаншыды да, жиренген сыңаймен терезеден лақтырып жiбердi. Содан кейiн ол тақтаға қайтып келiп, қолын шүберекпен сүрттi де жеңiмпаздық кейiппен класқа көз тастады, ал сынып сiлтiдей тынып қалған, кенет тыныштық арасынан бiреу еңiреп қоя бердi. Бұл партаға қолын дәрменсiз түсiрiп, оған бетiн жауып алып, уанбай жылап жатқан ақсары шашты бала едi.
Осылайша мұғалима балаларға өте ғажап көрiнген нәрсенi өлтiрдi. Ол көбелектi ғана емес, балаларды баурап алған әсемдiк сезiмi мен әсердi жойды, оқушылардың мұғалимаға деген сенiмiн жойды.
Мұғалiмнiң этикасы туралы ойларымыздың соңында оның ең басты проблемасы – педагогтың кәсiптiк қызметке сүйiспеншелiгi проблемасына тоқтала кеткiмiз келедi. Түрлi еңбектердiң авторлары педагогтық этиканың басты саласы – мұғалiмнiң оқушылармен өзара қарым-қатынастарының адамгершiлiк мәнiн қарастыра отырып, мiндеттi түрде балаларға деген сүйiспеншiлiк туралы жазады, бiрақ оны түрлiше түсiндiредi. Бiреулерi егер балаларға деген сүйiспеншiлiк жоқ болса, онда мектептен кету қажет деп дәлелдейдi.
Мұғалiмнiң балаларға деген сүйiспеншiлiгi батыл, белсендi, өз күштерiне сенiмдi және iскер адамды тәрбиелеуге көмектеседi, мұның өзi жеке адамды тәрбиелеудiң мiндеттерiне сәйкес келедi.
Соңғы жылдары басшының этикасы туралы әдебиет барған сайын көбiрек шыға бастады. Бұл өте дұрыс та. Бiрақ сан қырлы қызмет атқаратын мектеп басшысының этикасы туралы әдебиет бұрынғысынша әлi тапшы.
Бүгiнгi күнгi мектеп директоры - әрi мұғалiм, әрi методист, әрi мемлекеттiк инспектор, әрi шаруашылыққа қарайтын қызметкер, әрi оқу процесiн ұйымдастырушы, әрi педагогтар мен оқушылар ұжымын тәрбиелеушi, сондықтан оның жеке адамдық және кәсiптiк қасиеттерi педагогтық этиканы жоғарыда аталған принциптерi мен категорияларының бәрiн өз бойнына сiңiру қаншалықты маңызды десеңiзшi.
Бұл, әсiресе, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын барына жеделдетудi (ал мұның өзi адам факторының белсендiлiгiн арттырмайынша мүмкiн емес), бұл мiндеттердi шешуге қоғамның барлық мүшелерiн бағыттаудағы бiрiншi қатарға шығарып отырғанда аса маңызды. Сондықтан, мектеп директоры үшiн бұқараның қалың ортасында болу, бұқараны бiлу, оларды өз соңынан ерте бiлу сияқты лениндiк талаптар бүгiнде бұрынғыдан да күшейе түседi. Әдебиеттерде мектеп директорындағы, оның жеке басындағы қасиеттердiң тобы: идеялық-саяси, кәсiптiк-iскерлiк және ұйымшылдық қасиеттер бөлiп өрсетiледi. Бiз ұйымдастырушылық қасиеттердi кәсiптiк-iскерлiк қасиеттермен бiрiктiре отырып, бұл қасиетті аздап өзгертемiз, өйткенi олар әрбiр педагогтың жалпы педагогтық шеберлiгiнiң маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Директордың жеке басының қасиеттерiнiң үшiншi тобына адамгершiлiк-коммуникативтi қасиеттердi қосуға болар едi. Олардың iшiнде адамдарға деген көзқарасты бiлдiретiн ықылас, сезiмталдық, қайырымдылық, әдеп, сабырлылық, объективтiлiк пен дербестiк сияқты қасиеттер тапшы болып жатады. Өйткенi басшының ұстамсыз, ашушаң, дөрекi болуы ұжымға қаншалықты қиындықтар әкелерi белгiлi ғой. Мысалы, социологтардың деректерiне қарағанда, басшының дөрекiлiгiнен туған қақтығысты жағдайдың бiр минуты бағынышты адамда 20 минут қатты күйзелiстi тударыда, мұндай кезде адамның қолы iске бармайды. Мектеп өмiрiнде, педагогтар ұжымында мұндай жағдайлар, өкiнiшке орай, әлi де кездесiп қалады. Сондықтан да мектеп коллективiнде басшылық жасау стилiнде талапшылдық, iскерлiк, бағыттылық, ұжымдық және мiндеттi түрде адамдарға деген құрмет болуы маңызды. Қазiр педагогтар ұжымы кiмнiң соңынан ередi? Ұжым кiмге сенедi? Кiмдi қолдайды. Табандылық, жете бiлушiлiк пен инициатива, адамшылық пен принципшiлдiк сияқты мiндеттi қасиеттерiрне бүгiн жаңаны сезiне бiлу, батылдық және өзiне жауапкершiлiктi алуға дайын тұрушылық, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қорғай бiлу, педагогтық басшылықтың, тәрбиелiк қызметтiң саяси мәнiн естен шығармау қабiлетi қосылғанын айта кетуге болады. Өйткенi тәрбие дегенiмiз адамдарға қалаған бағытта ықпал жасау, әдiстердiң сарқылмайтын арсеналын жеке адамға және ұжымда дұрыс пайалану. Педагог, әсiресе, басшы педагог өзiнiң әлеуметтiк рөлiн атқаруға жеткiлiктi дәрежеде дайын болуы үшiн тек арнайы бiлiм, тек мейiрбанды және адамгершiлiк iшкi жан дүние қасиеттерi ғана емес, сонымен бiрге мораль теорясын жақсы бiлу, педагогтық этика дәстүрлерiн дамытып, көбейту қажет. Себебi “Халық мұғалiмi – жасөспірiмнiң рухани дүниесiнiң мүсiншiсi, қоғам өзiнiң ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзiнiң үмiтiн, өзiнiң болашағын сенiп тапсыратын сенiiiмдi өкiлi”.
Этиканың кез-келген мәселесiнiң проблемалары екенi соншалық, ол арнайы қарастыруды талап етедi. Сол сияқты педагогтық этиканың бүгiнде ықпал ету сферасы ұлғайды. Ол өзiнiң спицификалық, тек өзiне ғана тән қызметпен қатар тәрбиелiк қызметтi де атқаратын кез-келген кәсiппен байланысты. Егер адамдармен жұмыс iстеуге қатысты әр-бiр адам предагогтық этиканы негiздерiн меңгеруге тиiс десек, бұл асырып айтқандық емес. Ал мұғалiмдiк еңбекке келетiн бослақ, мұнда педагогтық этиканың проблемаларын ғылыми талдап жасау, ой елегiнен өткiзу және практикалық жағынан шешу мұғалiм қызметiнiң сипатын елеулi өзгертуге жәрдемдеседi, өйткенi, бiрiншiден, оның еңбегiнiң адамгершiлiк және кәсiптiк мазмұнын байытады, екiншiден, мектеп өмiрiнiң барлық жағына педагогтық ықпал жасау сферасын ұлғайтады, үшiншiден, педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсартады. Ең бастысы – шынайы творчество үшiн жағдай жасайды.
Сонымен, қоғамды экономикалық және әлеуметтiк дамыту факторларының, ғылыми-техникалық прогрестiң, коммунистiк моральдың әлеуметтiк базасының ұлғаюы әсерiмен кәсiптiк еңбектiң барлық түрлерi адамгершiлiк-тәрбиелiк мазмұнмен үнемi қатысып отырады, совет мұғалiмдерiнiң идеялық-адамгершiлiк потенциалының, тәрбиенiң барлық бағыттарындағы моральдық фактордың маңызы арта түседi.
Бiз маңыздылығы реформа кезеңiн бастан кешiрiп отырған бүгiнгi мектеп өмiрiмен анықталатын педагогтық этиканың жекелеген мәселелерiне ғана назар аударуға тырыстық. Оның үстiне педагогтық этиканың әрбiр мәселесi түрлi ғылымдар өкiлдерiнiң тарапынан терең зерттеу мен талдауды, ең алдымен партияның программалық талаптарына сәйкес философтардың, психологтардың және әрине, педагогтардың бiрлесiп қарауын күтедi. Қазiргi заманғы проблемалардың күрделi, комплекстi сипаты қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың интеграциясын тереңдете түсудi талап етедi. “Ғылымды ұйымдастырудың актуальды проблемалардың пән аралық зерттелуiн, ғылыми кадрлардың қажеттi оңтайлылығын, ғылыми мекемелер құрылымының икемдiлiгiн, зерттеулер мен талдамалардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн формалары неғұрлым кең дамытылуға тиiс” бiлiктi көмектi қажет етедi.
Ал әзiрге республикамыздың болашақ мұғалiмдер кадрларын даярлайтын педагогтық жоғары оқу орындарында студенттерге арнап “кәсiптiк-педагогтық этиканың негiздерi” арнаулы курсын оқи бастау, педагогикалық жоғары оқу орындарын бiтiрушiлер кейiн бүкiл өмiр бойы өз антына адал және мұғалiм деген жоғары атаққа лайық болуы үшiн мұғалiмнiң игiлiктi қызметiн атап көрсететiн “Мұғалiм антын” талдап жасау өте қажет-ақ. Мұндай антты мектеп табалдырығынан аттаған кезде болашақ мұғалiм мiндеттi түрде беруге тиiс.
Педагогтардың тәрбие жұмысындағы қиыншылықтардың көпшiлiгi мектеп ұжымдағы моральдық қатынастардың күрделi динамикасын талдай бiлмеуден, ол қатынастардан бағдар ала, олардың қалыптасуына ықпал жасай бiлмеуден келiп туындайды. Сондықтан, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында да мұғалiмдердiң кәсiптiк этикасы мәселелерiн жүйелi зерттеп отырумен айналысу, оқу ағарту жүйесiнде арнайы сабақтарда “Мұғалiмiнiң этикасы” теориялық семинарын ұйымдастыру орынды болар едi. Мұның жұмыс жоспарына педагогтық этика пәнi, мектеп ұжымындағы адамгершiлiк өзара қатынастарының құрылымын талдау, мұғалiмнiң адамгершiлiк парызы және жауапкершiлiгi, балалардың мүдделерiн қорғаушы мұғалiмнiң ерекше қоғамдық қызметi, мұғалiмнiң кәсiптiк абыройы, оқушылардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынастар этикасы және т.б. осы сияқты көптеген мәселелердi енгiзуге болады.
Мұғалiмнiң кәсiптiк қызметiнiң ақырғы нәтижелерi оның еңбегiн қалың жұртшылықтың, ата-аналардың бағасынан, оның тәрбиеленушiлерiнiң құрметi мен алғысынан көрiнетiнi мәлiм. Бiрақ адам үшiн ең үлкен қуаныш, мұғалiм үшiн сiңiрген күш-жiгерге ең жоғары баға – балалар алдындағы кәсiптiк парызыңды, тәлiмгерлiк парызыңды жақсы атқарудан туатын өзiңнiң бақытты көңiл-күйiң. Белгiлi ақын Ғ. Қайырбеков ұстаз жайында былай деп орынды айтқан:
Ұстаз болу – жүректiң батырлығы,
Ұстаз болу – сезiмнiң ақындығы.
Ұстаз болу – мiнездiң күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Этика адамдардың алдына моральдiк талаптар қоятын жағдайлармен байланысты және оны дербес, саналы таңдай алуға көмектеседi. Мұндай жағдайларда “шығармашылықты, шабытты, қамқоршы болу керек” деген абстрактiлiк (ғылыми негiзделген боллса) үндеулер пайдалы болмайтын шығар. Тек осы таңдау арқылы “жақсылық iстегенiм”, ал басқаны таңдағаным “жамандық iстегенiм” деген ұғымға ғана сүйенуге болады. Кәсiби педагогикалық қызметтiң айырықша ерекшелiгi: педагог қызмет ету барысында басқа адамға (оқушыға дейiк) не жақсы, не жаман, не пайдалы, не зиянды әсер етiп отырғанын анықтау жауапкершiлiгiн өзiне алады.бiздiң ойымызша этикалық мәселе – осы жауапкершiлiктiң шектерiн, яғни педагогикалық кiрiсудiң шектерiн белгiлеу.
Педагогикалық ықпал мен медициналық әсердiң ұқсастығы шектеледi, өйткенi педагогикалық ықпал бiржолғы сипатта болмайды, әрдайым, үнемi, баланың мектептегi өмiрiнiң барлық жақтарына араласумен теңеседi. Мұғалiм әрбiр дауыс көтеруге, тыйым салуға немесе мақтмауға, басқа да ұсақ әрекеттерiне ата-аналардың келiсiмiн сұрауы мүмкiн емес. Бiрақ мұндай әсер етулердiң нәтижесi ескерiлмейтiндей шамалы ғана болмайды. Мiне осыдан педагогикалық этиканың негiзгi ұстанымы шығады: егер мұғалiмнiң шешiм қабылдауда бостандығы шексiз болса, онда оның қабылдаған шешiмдерiне жауапкершiлiк мөлшерi ұшаң-теңiз болу керек.
Педагогикалық еңбек аясындағы өзiндiк құндылықтардың ажырамас бөлiгi болып табылатын моральдық бағдарланудың ерекшелiктерi бар. Оның бiрi – педагогтың көп әрекеттерiн сырттан ешкiм бақылай алмайды, көбiнесе олар өздерiнiң iс-әрекетiне өздерi ғана бағалаушы бола алады.
Мұғалiм қызметiнiң ерекшелiгi, оның қолында нәтиже өлшеуiшi жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мұғалiм көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың iшiнде ең дұрыс педагогикалық шешiмдi таба бiлуi тиiс, ал мұның өзi оңай емес.
Сонымен қатар, баланың даму жолы соншалықты күрделi, өте көп факторлы болғандықтан жеке педагогикалық әсер мен жеке тұлға дамуының нақты мөлшерлi арасындағы себеп-салдар байланысын анықтау оңайға соқпайды. Тәрбиешiнiң бойында бала тұлғасының дамуына ол қай кезде жақсылық, ал қай кезде жамандық жасауға бейiмдi болып тұратынын анықтау мүмкiншiлiгiнiң болуы мiндеттi. Мұнда оның басшылыққа алатын негiзгi құндылығы – жеке тұлғаның iзгiлiктi қасиеттерiн дамыту құндылығы болуы керек.
Осыған орай, педагогикалық этиканың басты мiндетi баланың жеке тұлғасының жан-жақты табиғатына сай дамуына жәрдемдесу мүддесiн сәйкес педагог қызметiн нормалау болып табылады.
Педагогикалық этиканың негiзгi мiндетерi:
педагогтардың кәсiпптiк мiнез-құлықтарының ұстанымдарын, нормалары мен ережелерiн зерттеу;
педагогтардың мiнез-құлықтары мен iс-әрекеттерiн қалыптастыру, реттеу, бағалау;
педагогтардың кәсiби мiнез-құлықтарын анықтаушы сыртқы iшкi факторлар жүйелерiн зертеу;
педагогтың жеке тұлғасының маңызды қасиет-қабiлеттерiнiң кәсiптiк қарым-қатынас аясында педагогикалық процеске қатысушылардың бiрiн-бiрi қабылдауын, бағалауын зерттеу;
педагогикалық қызметте болатын қате iс-әрекеттердiң зиянды салдарлары мен қолайсыз факторларды жою.
Педагогикалық этиканың бiлiм беру саласындағы педагог емес басқа да барлық қызметкерлерге қатысы бар, яғни оларға педагогикалық мекеменiң талаптарына мiнез-құлықтарын, жүрiс-тұрыстарын сәйкестендiруi мiндеттеледi. Педагогикалық сананың әлеуметтiк жағдайларға, әлеуметтiк тапсырысқа, әкiмшiлiк-басқарушылық ұстанымдардың өзiндiк бағдарларына сүйенуi, бiлiм берудегi әдеп жүйесiн құрастыруға өзiнiң ықпалын тигiзедi.
Бүгiнгi күн талаптарына сай жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық түрлерiнде бiлiм беру мен тәрбиенiң мақсаты, мiндетi, мазмұны оқу-тәрбие үрдісiн оңтайлы ұйымдастыру, гуманитарландыру бағытына негiзделуi қажет. Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлемдiк және отандық мәдениеттiң ортақ мәселелерiн бағдарлай бiлуге, ең құнды адамдық қасиеттерге, ұлттық сана-сезiмге ие болуға, демократиялық және жаңа әлеуметтiк-мәдени ортада өмiр сүрудiң жаңа ережелерiн үйренуге, мәдени-тiлдiк қажеттiлiктi бағалауға мән берiлуi керек. Осы мақсатта мектептегi барлық пәндерге арналған мемлекеттiк базалық жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар, әдiстемелiк нұсқаулар қабылданып, мектеп тәжiрибесiне енгiзiлуiмен бiрге мұғалiм тұлғасының сапасына деген талап өседi.
Әбiкей Сәтбаев “… Адам баласына анық адам атын кигiзетiн адамдарды оқытушы деп атайды. Оқытушы бұл заманда бiзде ғана болып отырған емес, әр дәуiрдiң, әр елдiң, өз тұрмысына, бiлiмiне қарай оқытушылары болған. Бұл заманның оқытушыларын өткен заманның оықтушыларымен салыстыруға болмайды. Өмiр iлгерi басқан сайын бiлiм де iлгерi басуда. Онымен бiрге оқытушы да iлгерi баспақ. Бiлiм жүзiнде үздiк, iлгерi дамыған жұрттың оқытушылары да iлгерi, өнерлi, әдiстi. Мұндай жұртта оқытушыларын басқадан артық құрметтейдi. …Тек оқытушылар өз аттарын қадiрлей бiлiп, қиындыққа шыдаса. Сонда ғана ынтасы мен талабы жанбақ. Қалаған биiгiне жетпек”, - деген едi.
Жоғарыда айтылғандарды ой елегiнен өткiзсек, мұғалiмге өзiнiң күнделiктi еңбегiн шеберлiкпен аяқтап отыру үшiн, өз қамын ойлаудан, өз жүрегiнiң уайымынан арылуға, сөйтiп өзiнiң ойы мен сезiмiн балаларды табысты тәрбиелеу үшiн қажеттi арнаға бағыттауына тура келедi.
Өз қызметiнде шебер ұстаз барынша мол нәтижеге жетедi. Ал “шебер ұстаз” – деп қандай ұстазды айтуға болады? Педагог еңбегiнiң ерекшелiгi неде? Бұл ерекшелiк, мұғалiмнiң адамдармен жұмыс iстейтiндiгiнде болар? Бiрақ басқа мамандық иелерi де, мысалы заңгерлер, дәрiгерлер, артистер де адамдармен қарым-қатынаста қызмет етедi емес пе? Тек олардың ешқайсысы болашақтың еншiсiне адам дайындамайды, олар бүгiнгi адамдар игiсiне қызмет етедi. Әдiлет қызметкерлерi көбiне қылмыскермен, дәрiгер ауру адаммен т.с.с. жұмыс iстейдi, ал мұғалiмнiң алдына көзi мөлдiреген, бұлдырсыз болашақты болжаған, арманы мол, денi сау бала келедi. Оны осы заманның дұрыс жолдарымен келер заманға сәйкес дайындап, жақсылылығын асырып, жетiлдiре жетектеу – қандай қиын да ардақты мiндет! Педагог мамандығының ерекшелiгi мiне осында.
Мұғалiм қоғамдағы өз орнын нақты бiлуi тиiстi. “Оқушының бүкiл болашағы оқытушының қолында. Ол өсiп азамат болғанда, жақсы әсер, үлгiгi тәрбие берген оқытушысына мың да бiр алғыс айтады. Сондықтан жетi жасар балаларды тәрбиелейтiн оқытушы өзiне жүктелген әрi ауыр, әрi жауапты, әрi құрметтi мiндетiн тереңiрек түсiнумен бiрге, ардақтап ақтай бiлуi керек”, - деп Спандияр Көбеев “Кейбiр педагогикалық мәселелер туралы” мақаласында жазған болатын.
Мұғалiм – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжiрибе жинақтады. Жас ұрпақ мұғалiм арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең бағалы және қажеттi мағлұмат алып, санасына сiңiредi. Мұғалiм балаларға өткен ұрпақ өнегесiнiң ең таңдаулысын терiп беруi және ескiнiң кемiстiгi мен кеселiнен аулақ болуды үйретуi тиiс. Мұғалiм жас ұрпаққа бiлiмiн ғана емес, ғылыми дүниетанымын, ұлттық мұрамен, егемендi елiмiзде орныққан азаматтық позициясын қалыптастырады, оларды рухани-адамгершiлiк тұрғысында тәрбиелейдi.
Мұғалiм мамандығы – бiздiң елiмiзде ең кең тараған мамандықтың бiрi. Мамандықтың бұқаралығы оның маңыздылығын көрсетедi, дегенмен, бұл әрбiр мұғалiмнен педагогикалық кәсiптiң қоғамдық мәртебесiн көтеру жөнiнде айрықша қамқорлықты қажет етедi.
Мұғалiм болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметi адамды қалыптастыруға, оның алдағы жағдайдың өзгеруiне қарай белсендiлiгiн арттыруға бағытталған. Л.Н. Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшiн, оларды тамаша жетiлген азамат етiп тәрбиелеу қажет – тек сонда ғана тәрбиеленушi өз ортасында өмiр сүретiн ұрпақтың лайықты мүшесi бола алады.
Бұл айтылғандар халық тәрбесiнiң мiндеттерiне де толық сәйкес келедi. Бүгiн партада тәлiм алып отырғандар елiмiздiң ХХI ғасырдағы тағдырын шешетiн азаматтар. Сондықтан, мұғалiм көз алдында болашақ ұрпақтың отырғандығын әрдайым естен шығармауы мiндет.
Осыған орай қалың жұртшылықтың мұғалiмнiң жеке басына, оның тек кәсiби сапасына ғана емес, сонымен бiрге адамгершiлiк қасиетiне, дайындығына, оның моральдық бет-бейнесiне ден қойып, көңiл аударуы тiптi де тегiн емес.
Түптеп келгенде, қоғам мұғалiмге ерекше жауапкершiлiк жүктейдi. Мұғалiмге үйретуге адам ең көнгiш кезiнде сенiп тапсырылады. Мұғалiм баланың, бiлiмiн, икемдiлiгiн, әдетiн, мұратын және өмiрлiк тағдыры тұр. Кезiнде көне грек философы Платон былай деген едi: егер кебiс тiгушi олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар бiршама нашар киiнер, ал егер ұстаз өз мiндетiн нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейiп кетедi. Д.В. Луначарскийдiң сөзi де осы ойға үндес: “Егер алтын iсiнiң шеберi алтынды бүлдiрсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлiнсе, онда ол жарамсыз болып табылады, алайда ең бағалы деген гауһар тастың өзi, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы – не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкiнiшке айналады. Сондықтан бұл материалмен мүлтiксiз, одан не жасай алатыныңды күнi бұрын бiле отырып жұмыс iстеу қажет” – деген.
Педагог өзiнiң күнделiктi жұмысында мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына қазiргi дүниеде болып жатқан жағдаяттардың мәнi мен ой-мақсатын дер кезiнде және де дәлелдi түсiндiруi, ақылаққа (моральға) жат насихаттың зиянды ықпал жасауына қарсы тұра бiлудi үйрету мен бiрге, идеялық және моральдық тазалығы, табандылығы жөнiнен үлгi көрсете алуы, бiздiң мұраттарымызға жат нәрсенiң аясы барлық жағынан әлеуметтiк мән-мағынаға толы және ол күннен күнге жетiлiп отырады. Мысалы, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, педагог ештеңе өндiрмейдi, тындырмайды сондықтан, оның елге экономикалық пайдасы жоқ деп санау халық арасында қалыптасқан пiкiр.
Ондай пiкiр педагог қызметiнiң толық пайдалылығын сандық көрсеткiштерге салып сыйғызуға болмайтындығының белгiсi. Оның белдi-беделдi, дарынды, ақылды, елге жан-жағынан пайдалы қанша азамат тәрбиелеп шығарғаны және сол азаматтардың халық қазынасына келтiрген экономикалық үлесi тиын-теңгеге салып санауға келмедi.
Бiрақ мұғалiмнiң жұмысында жiберген олқылықтары алыс ұзамай қарасын көрсетiп жатады: түрлi экономикалық, саяси, тұрмыстық қылмыстар (қылмыстың нәтижесiнде болған шығын, оны ашып, әдiл жазалауға шығарған шығын т.с.с.); денсаулығы, жан саулығы әлсiреген азаматтар (шындап айтса, олар экономика жағынан әжептәуiр елге масыл) т.б. Мұны да ақшалы көрсеткiшпен сипаттау мүмкiн емес.
Сондықтан неғұрлым ұстаз ел, отан, халық алдындағы борышының саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге экономикалық жағынан да пайдалы болатыны күмән тудырмайтын айғақ.
Осыны түйiндей келе өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бiрге едәуiр экономикалық нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негiзгi мiндеттерi – шәкiрттерiне әлем туралы ғылыми түсiнiктi сiңiру, оқушыларды өз бетiнше және шығармашылықты ойлауға аулу, ғылыми таным тәсiлерiн меңгерту, өмiршеңдiктерiн арттыру, т.б.
Өмiр сүру, - деп жазды С. Экзюпери, - демек баяу өсiп-өну. Мұғалiм бiздiң үмiтiмiздi жән бiздiң, қоғамымыздың болашағын үйлесiмдi тәрбиелеуге тиiс. Мұғалiм балаларға әлем мәдениетiн таныстыра отырып, шын мәнiнде, бақыт негiзiн қалайды” – деп, ал К.Г. Пауствоский “бақыт бiлiмпазға келедi. Бiлiмдi әрi тәрбиелi адам ғана көре алатын жер көркiн надан адам ешуақытта көрмейдi” – деп, мұғалiмнiң шеберлiгiне болашақтың бақыты тәуелдi екенiн бiлдiредi.
Ұстаз – болашақ ел иелерiн тәрбиелеу iсiндегi қоғамның жұрт сенген өкiлi. Көптеген азаматтық қасиеттердiң адам бойына ұялауы мектеп ұстаздарының жұмысымен ажырамас байланыста. Әр баланың жүрегiне жол тап, бiреуiн жылы сөзiңмен баура, екiншiсiне сәл-пәл қатаңдау бол, үшiншiсiне әлдененi өзiң жасап көрсет … әр балаға нақтылықпен қара, - деп халық педагогикасы да мұғалiмдi мiндеттейдi.
Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттерi мен мiнезiнде қандай қасиеттер, тұлғасында қандай қабiлеттерi мен моральдiк көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, мектеп реформалары мұраттарын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Неге парыздану керек?
Адамзат ұстазға арналған өте көп педагогикалық “кеңестердi”, “рецептердi” сақтаған. Соның iшiнде ең маңызды кеңес – мұғалiмнiң қоғамдағы өз орнын анықтай бiлу қажеттiлiгi.
Қорыта келгенде, оқытушы өзiнiң сыртқы бейнесi арқылы да, өзiнiң ұстаздық iсi, адамгершiлiгi арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас орнатуы арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиешi болу арқылы да үлгi болу керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделдi болады. Мұғалiм бойында мұның бәрiн болдыруға жетелейтiн құдыреттi күш – парыздылық сана-сезiмi, этикалық потенциал.
Қазiргi қоғамда еңбектiң ондаған мың түрлерi бар. Бұлардың әрқайсысын, адамға өз талап жүйесi бар, кәсiп деп атауға болады. Сонымен, алғашында бiз кәсiп деп адамға белгiлi бiр талап жүйесi бар еңбек түрiн атауға келiсiп алайық.
Педагог-мұғалiм мамандығы – қазiргi кездегi ең белгiлi және басқа кәсiптердi айқындайтын, деуге болады, кәсiптердiң бiрi, өйткенi еңбектiң барлық басқа түрлерi арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық жұмыс барысында меңгерiледi.
Жаңа ұрпақты өмiр мен еңбекке дайындау мақсатында қоғамдық тәжiрибенi бар ұрпақтан екiншiге тапсыру қажеттiгi оқыту мен тәрбиенiң қоғамда өте ерте дербес қызмет болуына себеп болды.
Алғашқы мектептер құл иеленушi қоғамда, егiншiлiкпен айналысқан, ыстық климатта қолмен суғаруды қажет ететiн, ежелгi Шығыс елдерiнде (Ассирия, Египет, Вавилон, Финикия) пайда болғанын бiлемiз. Нiл, Тигр, Ефрат өзендерiнiң уақыт-уақыт арнасынан шығуын бақылау, өзендерде плотиналар мен қалалар салу қоршаған орта туралы және арифметика, геометрия, астрономия, медицина салаларындағы ғылыми бiлiмдi қодануға байланысты бiртiндеп еңбек тәжiрибесiнiң жиналуына әкелдi. Ғылыми деректер көпшiлiкке беймәлiм болды, олар ерекше адамдар – абыздармен (пiрлер) – құпияда сақталынып, тек осы қызметке тағайындалған адамдарға ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырған. Абыздар арасында бiлiм ата-анасынан балаларына берiлiп отырған. Бiрақ та үлкен қалалар ғибадатханаларында абыздық мектептер де болған. Мұндағы мұғалiмдер б.э.д. 2500 жылы Египетте кездескен. Мұнда сановниктер балаларына арналған ғибадатханалық мектептер туралы айтылған. Кейiнiрек Египетте “Рамессеум” бiлiм-ғылым мекемесi пайда болған, мұнда тек абыздар ғана емес, сонымен қатар әскерлер, сәулешiлер, дәрiгерлер дайындықтан өткен.
Ежелгi Грецияда жекеменшiк ақылы грамматистер және кифаристер мектептерi болған, мұнда 7-14 жас аралығындағы ер балалар оқыған. Оқыту екi мектепте қатар немесе кезек жүргiзiледi. Қыз балалар тек үйде тәрбиеленетiн болған. Грамматистер мен кифароистер мектебiндегi мұғалiмдер дидаскалдар (грек тiлiнен “дидаско” - оқимын) деп аталған. Баланы мектепке құл апарып-әкелiп отырған, мұндай адамды педагог, яғни бала жетектеушi деп атаған.
Ер балалар 13 жасында палестраға – күрес мектебiне ауысытырлған, мұнда екi-үш жыл педотрип басқаруымен гимнастикамен шұғылданған. Күресуге, жүгiруге, секiруге, диск пен найза лақтыруға, жүзуге үйренген.
Спартада мемлекеттiк тәрбие мекемелерiнiң (агелл) басшыларын педономдар деп атанған: оларды ақсақалдар ақсүйектер қатарынан тағайындаған. Педоном мiндетi – тәрбиеленушiлердiң тәртiбiн, әскери дайындығын қадағалау, кiнәлары үшiн жазалау болған.
Б.э.д. II ғасырдың бiрiншi жартысында Римде грамматика мектептерi құрылған. Бұл Рим қоғамы өмiрiндегi тәрбие ролiнiң өзгеруiмен, мәдениет, ғылым, өнер ролдерiнiң өсуiмен байланысты. (Бұл кезеңде Рим Жерорта теңiзiнiң көптеген мемлекеттерiн жаулап, өзiне бағындырған едi.) Грамматикалық мектептерде төрт жыл бойы әулеттi, бай адамдардың үй жағдайында немесе бастауыш мектептерде оқуға, жазуға үйретiлген 11-12 жас аралығындағы ер балалары оқытылған. Мектеп мақсаты, жақсы әлеуметтiк бiлiм беру және соның негiзiнде әрi қарай қызметке, мүмкiн, саясат немесе сот дiлмарларын дайындау болды. Грамматика мектептерiнiң төменнен шыққан мұғалiмдерiн грамматиктер немесе литераттар деп атаған. Олар кең бiлiмдi адамдар едi.
Б.э.д. I ғасырдың басы мен ортасында Рим республикасында қатал саяси күрес жағдайында, саяси және соттық дiлмарлық қажеттiгi өсiп тұрған кезде, кең жалпыәлеуметтiк бiлiм беретiн, тарихшылар, дiлмарлар, ақындар шығармаларымен, философиямен, заңмен таныстыратын, сонымен қатар тәрбиеленушiлерiне саяси мансапқа жол ашатын риторлық мектептер құрылған. Риторлық мектептерде 13-14 жастанғы балалардан бастап 16-19 жас аралығындағы бозбалаларға дейiн оқытылды.
Рим империясы кезеңiнде мемлекет қоғамдық өмiрдiң басқа салаларымен бiрге бiлiмдi де өз қарамағына алды. Император Веспасиан барлық риторларға жылсайынғы мемлекеттiк гонорар тағайындады, Юлий Цезарь барлық мұғалiмдерге римдiк қызметкерлер бола бастады. Император Диоклетиан әрбiр мектеп үшiн мұғалiмдер санын, олардың мiндеттерiн және гонорар көлемiн анықтап бердi.
Ежелгi ортағасырда ағартушылық iсiнде шiркеу үстемдiк жүргiзген. Бұл кезеңде мектептiң үш түрi болды. Монастырлық, соборлық (кафедральды немесе епископтiк) және приходтiк. Монастрырлық мектепте ата-аналары монах болсын деп жiберген балалар оқытылды. Мектептiң барлық түрлерiнде мұғалiмдер – педагогтiк кәсiпке икемi бар монархтар болды. Барлығы бiр кешенде отырғанымен, мұғалiм -монарх әр оқушымен жеке жұмыс жасаған.
Сауда мен қол өнердiң дамуына байланысты үлкен қалаларда қолөнершiлердiң ұсынысы бойынша цех мектептерi, ал саудагерлер бастамасымен – гильдия мектептерi ашылды. Екеуi де ақылы, кейiнiрек қалалыққа қосылды.
Мұғалiмдердi, мектеп меңгерушiлерiн цехтар, гильдиялар немесе қалалық басқармалар тағайындады.
XVI ғ. жоғарғы тап балалары үшiн жабық, интернаттық бiлiм мекемесi – иезуит мектебi немесе коллегиум құрылды, оның мақсаты католик шiркеуi ықпалын нығайту болды. Мұнда жаңа жағдайлар – күшейтiлген дене тәрбиесi, бiлiмнiң көрнекiлiгi, сырттай жұмсақ тәртiп қолданылды. Мұндай жауапты жұмысқа жақсы мұғалiмдер қажет болды, изеуиттер олардың тек қана орден мүшелерiнен дайындалғанын талап етiп алды. Иезуиттер ең алғашқы болып өз мектептерiне қажеттi мұғалiмдердiң жүйелi дайындықтан өтуiн iске асырады. Ол педагогикалық тәжiрибеде түрiнде болды. Ең үздiк студенттер иезуит коллегиумын бiтiрген соң, осы коллегиумның бастауыш сыныптарына сабақ беруге шақырылады. Олардың жүргiзген күнделiктерi, сабақтары жалпы жиналыстарда, олардың сабақтарына қатысқан тәжiрибелi мұғалiмдермен ьалданып отырған. Осындай бiрнеше жыл тәжiрибелiк жұмыстан кейiн жас мұғалiмдермен талданып отырған. Осындай бiрнеше жыл тәжiрибелiк жұмыстан кейiн жас мұғалiмдер жоғарғы сынып оқушыларына сабақ беруге рұқсат алған.
XVIII-XIX ғғ. мұғалiм мамандығы басым болды. Мұғалiмдер әр түрлi мектептер мен училищелерде штаттық қызмет орындарын алды. Үй мұғалiмдерiнiң көмегiмен бастауыш бiлiм ретiнде гувернерство тарады. Осыған байланысты Англияда джентельмендi (авторы Джон Локк) тәрбиелеу жүйесiн еске түсiрсек орынды болар, ол бойынша тәртiпсiз, жаман балалар жиналған мектеп тәрбие орны болуы мүмкiн емес. Нағыз джентельмен үйде тәрбиеленедi, үй тәрбиесiнiң кемшiлiгi мектепте берiлетiн бiлiмнен салыстырмай-ақ пайдалы.
Алғашында мұғалiм мiндетiн ешқандай арнаулы дайындығы жоқ адамдар атқарған. Кiм оқытқан?
Ресейде петровтiк реформалар кезеңiнде сауат пен арифметикаға, кейбiр жағдайларда, сауат пен арифметиканы бiлетiн оқушылар оқытқан. Шетелдiктер инженерлiк ғылымдарды оқытқан. Бiртiндеп (Ресейде XVIII ғ. соңында) педагогтары кәсiптiк қызметке арнайы дайындау қажеттiгi туралы ой пайда болды.
1779 жылы Москва университетi тұсында бастауыш мектептерге, Москва және Қазан гимназияларына және пансиондарына мұғалiмдер даярлайтын, педагогикалық бiлiм мекемесi ретiнде мұғалiмдер семинариясы ашылды. 1803 жылы Петербургте қалалық училищелерге мұғалiмдер дайындайтын мұғалiмдер гимназиясы ашылды. 1804 жылы ол педагогикалық институт болып қайта құрылды. XIX ғ. Ресейде мектептердiң ортаңғы сыныптары мұғалiмдерiн дайындайтын алғашқы мұғалiмдер институты құрыла бастады.
Революцияға дейiнгi Ресейде бастауыш мектептер мұғалiмдерiн даярлау басым болды. Ол 1917 жылдың басынан 171 мұғалiмдер семинариясында төрт жылдық оқу мерзiмiмен өттi және олар халықтық ағарту Министрлiгiнiң қарамағында болды. Семинарияда Құдай заңның, шiркеулiк-славян тiлiнен, қол өнерден және жалпы бiлiм пәндерiнен басқа, жалпы бiлм пәндерiн алғашқы оқытудың педагогикасы мен әдiстемесiне оқытқан. Шiркеулiк-приходтық мектептерге мұғалiмдердi, әулие Синодтың қарамағындағы шiркеулiк-мұғалiм мктептерi және екi сыныптық мұғалiмдер мектебi дайындаған. Педагогикалық бiлiмi жоқ мұғалiмдер мұғалiм атағын арнайы экзамен өткiзгеннен кейiн алатын болған.
Сонымен қатар, бастауыш мектеп мұғалiмдерiн 913 әйелдер гимназиясының, 50 епархиялық училищесiнiң педагогикалық сыныптарында және Петербургтетегi әйелдер педагогикалық институтында дайындаған.
Ресейде орта бiлiм мекемелерiнде тек университет, кейбiр педагогикалық емес жоғарғы бiлiм мекемелерiн және рухани академияларда бiтiрген адам ғана мұғалiм бола алатын едi XIX ғ. 60-70 жж. әйелдерге арналған орта бiлiм беретiн оқу орындарына және ерлерге арналған орта мектептердiң бастауыш сыныптарына мұғалiмдер даярлайтын Жоғарғы әйелдер курсы ашылды.
1917 жылғы революциядан кейiн мұғалiмдер семинариясы үш жылдық педагогикалық курстарға қайта құрылды, кейiн – педагогикалық техникум болды. Бұрынғы мұғалiмдер институты педагогикалық институттарға немесе халықтық ағарту институттарына айналды. 30 жж. кешкi (орта және жоғары) және сыртқы педагогикалық бiлiм (пединституттар мен университеттердегi сыртқы курстар, факультеттер, бөлiмдер) алу кеңiнен тарады.
XX ғ. 80 ж. ортасынан бастап педагогикалық жоғарғы оқу орындарында қосымша мамандықтар енгiзiле бастады. Жоғарғы педагогикалық бiлiм стандарты тек қана пән мұғалiмдерiн ғана емес, сонымен қатар екiншi педагогикалық бiлiмi (информатика, шет тiлi) бар мұғалiмдердi дайындауды қарастырды.
Сонымен, Москва педагогикалық университетiнiң тарих мұғалiмдерi саясаттану, шет тiлi, заң тәртiптерiнен, ал орыс тiлi мен физика мұғалiмдерi – шет тiлiнен сабақ беруге құқылы болды. Санкт-Петербург педагогикалық университетiнiң география мұғалiмдерi бiр уақытта экология және туристiк жұмыстардың педагог-ұйымластырушы ретiнде химия мұғалiмдерi – шет тiлi мұғалiмi ретiнде, биология мұғалiмi – педагог-психолог ретiнде дайындалады.
90 жж. Ресейдiң педагогикалық институттарының көпшiлiгi педагогиккалық университеттер болды: орта педагогикалық оқу мекемелерiнiң жаңа түрлерi пайда болды. Бұл XXI ғ. межесiнде педагогика мамандарын дайындауға сапалы өзгерiстердi болжайды. Мұғалiмдiкке даярлау 50-ден астам мамандық бойынша жүргiзiледi және олардың құрамы үнемi кеңiп отырады. Мысалы, С.-Петербург педагогикалық экономика факультетiнде – экономистердi, адам философиясы факультетiнде – философия және мәдениеттану мұғалiмдерiн, әлеуметтiк ғылымдар факультетiнде – саясаттану, әлеуметтану мұғалiмдерiн дайындайды.
“КӘСIП” ЖӘНЕ “МАМАНДЫҚ” ТҮСIНIКТЕРI
Кәсiп – бұл адамның,
Кәсiп – тұлғаға қойылатын талаптармен анықталатын еңбектiң белгiлi бiр түрi.
Мамандық – кәсiп шеңберiндегi еңбек түрi.
Мысалы, токарь – кәсiп, бұл кәсiп шеңберiндегi мамандықтар – карусель-токарi, токарь-расточник, токарь-полуавтоматчик, токарь-револьверщик. Мұғалiм – кәсiп, ал мамандықтары – физика және информатика мұғалiмi, физика және шет тiлi мұғалiмi, орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi, орыс және шет тiлдерi мұғалiмi, шет тiлi және әдебиетi мұғалiмi. Экономика және заң мұғалiмi, көркемөнер мұғалiмi, технология және кәсiпкерлiк мұғалiмi және т.б.
Қазiргi кезде күнделiктi және ғылыми тiлде екi – мұғалiм және педагог ұғымдары пайдаланылатынын атап өткен жөн. Бiрақта, дәстүр бойынша, кейiнгiсi бiрқатар кеңiрек деген көзқарас қалыптасқан. Мына анықтамаларды салыстырыңызшы: “Мұғалiм - өзi меңгерген бiлiмдi, тәжiрибенi, өмiр түсiнiгiн және оған қатысын басқаларға жеткiзетiн тұлға.”
“Педагог – бiлiм беру түрлерiмен айналысатын тұлғаларды анықтау үшiн қолданылатын жалпы термин. Әлеуметтiк мәртебесi бйынша педагогтар екi түрге бөлiнедi: а) кәсiпқойлар, яғни арнайы дайындығы бар, ақылы жұмыс iстейтiн тұлғалар; б) басқа мамандықта бола тұрып, оқыту және тәрбие жұмыстарын атқаратын тұлғалар. Мұндай педагогтарға бiлiмi мен тәжiрибесi басқаларға тапсырылатын ата-аналар, кiшi-гiрiм топ, ғылыми мектеп басшылары жатады”.
Алған мамандығы бойынша қызметкерге квалификация берiледi. А.И. Герцен атындағғы РМПУ-де кадрлар дайындау жүйесiне сәйкес түлектерге келесi квалификациялар берiлуi мүмкiн: жоғары кәсiптiк бiлiмнiң төрт жылдық негiзгi оқу бағдарламасын меңгерген студентке бакалавр квалификациясы берiледi; диплом берiлген маман квалификациясы – студент жоғары кәсiптiк бiлiмнiң бес жылдық үздiксiз негiзгi оқу бағдарламасын меңгерген кезде берiледi; магистр квалификациясы – жоғары кәсiптiк бiлiмнiң оқу бағдарламасын сатылы негiзде сәттi аяқтап және алты жылдық бакалавриатты бiтiрген кезде берiледi.
Ондаған мың кәсiптер мен мамандықтар арасында мамандықтың классификациясы көмегiмен бағдар алуға болады.
Кәсiптер классификациясы
Классификация – бұл заттардың, құбылыстардың негiзделген ретi, оларды ерекше белгiлерiне байланысты бөлу. Ең белгiлi классификациялар химияда, тарихта, ботаникада, зоологияда, орыс және шет тiлдерiнде. Классификация негiзiнде қандай да бiр классификациялық белгi немесе белгiлер жату керек. Бiрақ әр автор класификация негiзiне әр түрлi негiз алуы мүмкiн. Классификациялар бiрнеше болуы мүмкiн. Бұнымен бiз кейiнiрек педагогиканың практикалық және теориялық курстарын оқыған кезде танысамыз.
Әр түрлi негiздегi кәсiп классификациялары 1. Кестеде көрсетiлген.
1 кесте.
№
|
Негiзге алынған белгi
|
Классификация кемшiлiктерi
|
1.
|
Кәсiп атауының бiрiншi әрiбi
|
Қолдануға ыңғайсыз, кәсiп атаулары тiзiмiнiң ұзақтығы
|
2.
|
Еңбек сипаты (ой немесе күш еңбектерi)
|
Ой және күш еңбегiнiң арасындағы айырмашылықтар жойылды
|
3.
|
Халық шаруашылығы саласы (мысалы, өндiрiс пен құрылыс; транспорт пен байланыс; ауыл шаруашылығы; мал шаруашылығы мен егiстiк; сауда; ғылым; ағартушылық; мәдениет; денсаулық сақтау; басқару органдары аппараты және т.б.)
|
Шартты, себебi кейбiр салалар, мысалы, денсаулық сақтау басқаларына енедi, мысалы ғылымға
Халық шаруашылығының бiрқатар салаларына тараған салааралық кәсiптер бар, - мысалы, слесарь
|
4.
|
Материалдық өндiрiстiң белгiсi (материалдық құндылықтарды өндiредi немесе өндiрмейдi). Өнлдiретiндер – кәсiпорын, ауыл шаруашы-лығы, құрылыс, орман шаруашылығы, өндiрiс-тiк транспорт, байланыс. Өндiрмейтiндер – денсаулық сақтау, сауда, бұқаралық ақпарат жүйесi, ағартушылық және басқалар.
|
Мұндай классификацияның кемшiлiктерi бар ма? Жауабыңызды негiздеңiз.
|
5.
|
Қажеттi квалификацияның деңгейi мен сипаты (жұмысшы мамандықтары үшiн): Жоғары квалификациялы (операторлар, реттеушiлер); квалификациялы (жалпы жұмыскерлер – токарь, фрезеровщик, слесарь және басқалар);
Квалификациясы төмендер (машинисткалар және т.б.); квалификациясы жоқтар (қосалқы жұмыстағылар)
|
Мұндай классификацияның кемшiлiктерi бар ма? Жауабыңызды негiздеңiз
|
6.
|
Еңбек затының белгiсi (Е.А. Климовтың классификациясы). Еңбек заттары:
Техника; басқа адам; табиғат; белгi; көркем бейне
|
Мұндай классификацияның кемшiлiктерi бар ма? Жауабыңызды негiздеңiз.
|
Кез-келген еңбек түрiнiң компонентi болып – еңбек заты, еңбек мақсаты, еңбек құралы және жұмыс шарты табылады. Алдамның осы еңбек компоненттерiн түсiнуi оның мамандықтарға қоятын талаптарына әсер етедi.
Е.А. Климов ұсынған кәсiптер классификациясына (еңбек заты бойынша) тоқталайық.
Бiрiншi белгiсi бойынша – еңбек заты – барлық мамандықтарды бес топқа бөлуге болады.
Кәсiптердiң бiрiншi тобы. Техника – еңбек бағытталған зат болып табылады. Бұл топ кәсiбiн шартты түрде “Адам-техника” (Человек-Техника) деп атайды және Т. бас әрiбiмен белгiлейдi. Бұл топ кәсiптерiне: жөндеу, қызмет көрсету, орнату, реттеу, жүргiзу жұмыстарымен байланысты мамандықтар (слесарь-жөндеушi, технологиялық жабдық реттеушiсi, жүргiзушi, техник, механик); металл өндiру және өңдеу, оларды монтаждау, сонымен бiрге электр құралдарын жинастыру мамандықтары (слесарь-механик, токарь, сталевар, инженер-физик және т.б.) жатады.
Егер қызметкер жұмысы кез-келген ғимараттардың, құрылыстардың жөндеуiне, тұрғылылуына бағытталған болса, онда бұл – сәулетшi, құрылысшы, техник-сантехник мамандықтары.
Кәсiптердiң екiншi тобы. Бұл Ч. бас әрiбiмен белгiленетiн “Адам-Адам” (Человек-Человек) типтi мамандықтар. Бұл топта еңбек заты – басқа адамды талқылау, онымен арақатынас. Бұл жағдайда еңбек мақсаты – тәрбие, бiлiм беру, дамыту, ақпараттандыру, қызмет көрсету (тұрмыстық, сауда, медициналық) болуы мүмкiн. Бұл мамандықтар адамдар ұжымын басқарумен байланысты болуы мүмкiн.
Бұл топқа экскурсия жетекшiсi, сатушы, менеджер, мұғалiм, педагог (балалар бақшасының тәрбиешiсi, педагог-психолог, ассистент, доцент, профессор, методист және т.б.)
Мамандықтары жатады. Бұл дағдайда тек мектеп педагогтары ғана емес, басқа да бiлiм мекемелерi.
Кәсiптердiң үшiншi тобы. Мұнда еңбек заты – табиғат болып табылады. Бұл “Адам-табиғат” (Человек-Природа) тобы П. Бас әрiбiмен белгiленедi.
Жер бетiндегi кез-келген зат, тiптi адам да табиғатқа жатады. Бiрақ “Адам-табиғат” түрiндегi кәсiптердi айта тұра, бiз еңбек заты деп тiрi табиғатты бiлемiз (өсiмдiктер, жануарлар ,микроорганизмдер). Кәсiптiң бұл түрiнiң техникасымен микробиолог, ветеринар фельдшерi, механикаландырылған ферма операторлары байланысты болуы мүмкiн, бiрақ олар үшiн ол зат емес, еңбек тәсiлi болады.
Кәсiптердiң төртiншi тобы. Мұнда еңбек заты – ауызша немесе жазбаша тiл, цифрлар, химиялық және физикалық символдар, ноталар, сызбалар, карталар, кестелер, суреттер, жол белгiлерi және т.б. Бұл “Адам-Белгi жүйесi” (Человек-Знаковая система) кәсiп түрi З.К бас әрiптерiмен белгiленедi. Бұл кәсiптер тобына корректор, редактор, экономист, стенографист-машинист, чертежник, нотографик, топограф және т.б. жатады.
Кәсiптердiң бесiншi тобы. Мұнда еңбек заты – көркемсурет, музыка, әдеби-көркем, актерлiк қызметте болатын көркем бейне. Бұл “Адам-Көркем бейне” (Человек-Художественный образ) кәсiп тобы Х. бас әрiбiмен белгiленедi. Олар – киiмнiң конструктор-модельерi, фотограф-суретшi, музыкант, артист, музыкалық аспаптардың реттеушiсi, журналист, кiлем тiгiнi және т.б.
Еңбек мақсатына байланысты, яғни, мамандықта ең бастысы не – бiлу, жаңарту, әлде iздеу ме, соған байланысты, кәсiптi үш класқа бөледi – гностикалық, жаңалаушы және iздестiрушi (2 кестенi қара)
2 кесте
Еңбек мақсаты
|
Бiлу, анықтау, қадағалау, классификациялау, сұрыптау, алғашқы мәлiм белгiлерiмен тексеру, бағалау, зерттеу
|
Еңбек затының қасиетiн жағдайын өзгерту
|
Шешiмнiң жаңаша түрiн ойлап табу
|
Кәсiп кластары
|
Гностикалық (танымдық) Г бас әрiбiмен белгiленедi
|
Жаңалаушы П бас әрiбiмен р кiшкене әрiбiмен – Пр түрiнде белгiленедi
|
Iздестiрушi И бас әрiбiмен белгiленедi
|
Кәсiптер
|
Корректор – З
Сыншы – Х
Санитарлық дәрiгер – Ч
Химия-бактериологиялық сарап лаборанты – Ч
Дайын бұйымдардың қабыл-даушы-тексерушiсi – Т
|
Ағаш ұстасы – Т
Мұғалiм – Ч
Егiншi – П
Сызушы – З
Қайта өңдеушi – Х
Дәрiгер – Ч
Педагог – Ч
|
Ательенiң киiм пiшушiсi (өз мысалыңызды келтiрiңiз)
|
Келесi компонент – еңбек құралы. Қандай да бiр кәсiптiң құралы дегенiмiз не және тәсiлi дегенiмiз не? Еңбек құралына немесе өндiрiс тәсiлiне байланысты (автоматты, машинамен, қолмен) кәсiптер төрт бөлiмге бөлiнедi (3 кесте).
3 кесте
Құралдар
|
Қол және механика-ландырылған – Р бас әрiбiмен белгiленедi
|
Қолмен немесе аяқпен басқарылатын машина – М бас әрiбiмен белгiленедi
|
Автоматтандырылған және автоматтық құралдар – А бас әрiбiмен белгiленедi
|
Адам ағзасының функционалдық амалы Ф бас әрiбiмен белгiленедi
|
Кәсiптер
|
Слесарь-сантехник (отверткалар, әртүрлi кiлттер)
Хирург (скальпель)
Ағаш ұстасы (бұрғы)
Тiс дәрiгерi (бормашина)
|
Токарь
Фрезеровщик
Кран
Машинисi
Тепловоз машинисi
|
Сталевар
Печатник
Маташы
Энергия жүйесiнiң операторы
|
Әншi
Актер
Мұғалiм
Балерина
Шарап
дегустаторы
|
Сонымен, жұмыстың орындалу жағдайына байланысты (қарапайым тұрмыстық. Ашық аспан астындағы, ерекше, моральдық жауапкершiлiктi қажет ететiн жағдайда) кәсiптi төрт топқа бөлемiз (4 кесте)
4 кесте
Еңбек жағдайы
|
Қарапайым тұрмыстық жағдайлар – кiшкентай б (бытовые) әрiбiмен белгiленедi астындағы жағдайда – о (в открытом) кiшкентай әрiбiмен бел-гiленедi
|
Кез-келген уақытта температура күрт төмендеп, жауын-шашын болуы ықтимал ашық аспан
|
Ерекше жағдайларда (су астында, биiктiкте, жер астында, жоғары температурада) – н (необычные) кiшкентай әрiбiмен белгiленедi
|
Жоғарғы моральдiк жауапкершiлiктi қажет ететiн жағдайда (адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн немесе өте бағалы заттар үшiн) – м (моральн. Ответств.) кiшкентай әрiбiмен белгiленедi.
|
Кәсiптер
|
Сызушы
Бухгалтер
Радиоаспап тексерушiсi
|
Егiншi
Тракторист
Кең профильдi механизатор
|
Сүңгушi
Шахтер
Биiктiкте
Монтаждаушы
|
Мұғалiм
Сот
Сатушы
Прокурор
Адвокат
Педагог
|
Сонымен, бiз еңбек мақсатымен байланысты еңбек затымен, мамандық кластарымен, мамандық бөлiмдерiмен анықталатын кәсiп топтарымен таныстық. Бұл бiлiм бiзге кәсiптер классификациясын 5 кестедегiдей, ал кез-келген басқа, соның iшiнде мұғалiм мамандығын “пирамида” түрiнде көрсетуге мүмеiндiк бередi.
5 кесте
|
Еңбек заты (мамандық-тар түрi)
|
Адам-техника
(Т)
|
Адам-Табиғат
(П)
|
Адам-Адам
(Ч)
|
Адам-белгiлер жүйесi (З)
|
Адам-Көркем бейне (Х)
|
|
Еңбек мақсаты
|
Г
Тану, айыру, анықтау, бағалау, талдау, тексеру
|
Пр
Жаңарту, өңдеу, жинақтау, ұйымдастыру, ықпал жасау, қызмет көрсету
|
И
Ойлап табу, шешiмнiң жаңа амалын табу
|
|
Еңбек құралдары (кәсiп бөлiмдерi)
|
Р
Қолмен жасау
|
М
Механикаландырыл-ған (машина мен механизмдердi басқару)
|
А
Автоматтандырыл-ған (станоктар мен қондырғыларды басқару)
|
Ф
Ағзаның функционалды амалдарын қолданы
|
|
Еңбек жағдайы (кәсiптоптары)
|
М
Жоғары моральдiк жауапкершiлiк жағдайы
|
Н
Ерекше еңбек жағдайлары
|
Б
Тұрмыстық жағдай
|
Ашық аспан астында жұмыс iстеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |