58 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Өз назарыңызды оң жағыңыздағы (сол жағыңыздағы) көршіңізге аударыңыз. Біздің біріккен жұмысымыз барысындағы оның барлық көріністерін, не айтқаныны, не істегенін есіңізге түсіріңіз. Сіздің бойыңызда осы адамға қатысты пайда болған сезімдер мен қарым-қатынастарды есіңізге түсіріңіз. Бұл үшін біздің үш минут уақытымыз болады».
Үш минут өткеннен кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «біздің айналамызда, әрі біздің өзімізде барлығы тұрақты түрде қозғалыста. Ағаштарда жапырақтар тербеледі, құстар ұшады, қар жауады, балалар жүгіруде. Қозғалыстың сипаттамасы әр алуан болады. Сіздің сол жағыңыздағы (оң жағыңыздағы) көршіңіз туралы әсеріңізді бейнелейтін қозғалыс бейнесін табыңыз.
Барлығы дайын болғаннан кейін, әрқайысысыңыз кезекпен, өз көршісіне өзінде пайда болған бейнені хабарлайсыздар».
Бұл жаттығу өз сипаттамасымен алдыңғы жаттығуға ұқсас. Сонымен қатар, ол толығымен креативтік орта өлшемдерінің біріне сәйкес болады: шығармашылыққа қолайлы жағдай тудыратын белгісіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |