«Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен психологиялық ағарту бағыттары» Тастемирова Гүлзат Камбаровна


Жасөспірімдер мен олардың ата –аналарының кеңес алуға келуіне себеп болатын кейбір мәселелер



бет2/5
Дата01.04.2022
өлшемі69,5 Kb.
#137580
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психологиялық кеңес баяндама конференция

Жасөспірімдер мен олардың ата –аналарының кеңес алуға келуіне себеп болатын кейбір мәселелер[2. б.219]:

  1. Басқалармен қарым-қатынас орната алмағандықтан субъективті уайымдау: қарым-қатынасқа кедергі келтіретін ұялшақтық пен қорқыныш; құрдастары арасында сыйлы болуға деген қалау; біреуге өкпелеуден туған уайым; құрдастары арасында қорқытулар мен қысым жасау. Қазіргі кезде бұл қыздар арасында да ерекше көрініс табуда.

  2. Отбасындағы қарым- қатынас: ата-аналар тарапынан түсініспеушіліктер; артынан аңду ұйымдастыру және қатаң шектеулер қою; жасөспірімдердің еркіндікке ұмтылуы; үйден қашу немесе кету; жасөспірімнің қатысуымен болатын отбасылық конфликтілер, отбасы мүшелері үшін алаңдаушылық.

  3. «Қыздар мен ұлдар» мәселесі: сүйген адамын жоғалту немесе жоғалтып алам деп қорқу, қарсыластың болуы немесе қызғаныш, өзіне ұнайтын адамды өзіне қарату қалауы, танысу т.б.

  4. Жыныстық қатынас және жүктілік: ерте жүкті болу, венерологиялық аурулардан қорқу, жыныстық сауатсыздық, адам анатомиясын білмеуі, т.б.

  5. Мектеп: үлгермеушілік, мұғалім тарапынан болатын әділетсіздік пен қудалау, мектепке барудан бас тарту, өмірлік мақсат қою, мамандық таңдау.

  6. Заңмен байланысты мәселелер: құқықтық ақпарат іздеу, заңнамалық мәселелер бойынша түрлі сұрақтар, т.б.

  7. Медициналық және химиялық заттарды қолданумен байланысты мәселелер: медициналық ақпарат іздеу, дәрі-дәрмек қолданудан қорқу, наркотикалық тәуелділік, алкоголизм, химиялық заттармен улану т.б.

  8. Көңіл көтеру және бос уақытты өткізу.

  9. Жоғарыда айтылғандармен еш байланысы жоқ жеке мәселелер: өзін кінәлі сезіну, сағыныш, жалғыздық, өз сырт келбетіне көңілі толмау, өмірден мағына таппау, өзіне қол салу жөніндегі ойлар немесе іске аспай қалған суицид т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет