«Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен психологиялық ағарту бағыттары» Тастемирова Гүлзат Камбаровна



бет4/5
Дата01.04.2022
өлшемі69,5 Kb.
#137580
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психологиялық кеңес баяндама конференция

Айналып өтетін иллюзиялар [2. б.222]:
Көптеген практикалық психологтарға таныс бірқатар типтік қателесулер болады.
Соның ішінде ең көп тарағаны – «өз күшіне сену» иллюзиясын атауға болады. Ол «Мен бірнәрсе істеуім керек» немесе «Мен бірнәрсені өзгертуге тиіспін», осындай көзқараспен психолог өзінен көмек іздеп келгендермен өзара әрекеттесе бастайды. Бірақ, психолог жағынан көмек беруге деген ниеттің өзі аз, оның толық іске асуы үшін, қарсы жақтың да келісімі мен «өзгеруге» деген құлқы болуы тиіс. Сонымен қатар, абоненттің өзі, өзіне байланысты бірнәрсенің өзгергенін қалайды ма, немесе ол тек ішіндегісін айтып, шығарғысы ғана келді ме және оған тек «тыңдаушы» ғана керек болды ма, осыны анықтау керек.
Сондықтан, альтернативті психотерапевтік позиция шынайы кәсіби тартылыстан туады. Соған сәйкес психологтың ұстанатын негізгі ережелерінің бірі - бұл тыңдай білу. Тыңдай білу - бұл оны меңгерген адамды өзінен-өзі басқаларды түсінетін, қиындықтарына ортақтаса алатындай етіп өзгертіп, рухани істерге талпындырып жіберетін қарапайым өнер емес. Тыңдаушыдан талап етілетіні - тыңдай отырып, ести білу. Осыған ұмтылу керек.
«Аналық махаббат» иллюзиясы келесі ережеге негізделген: «Бәрі – өте әдемі, өте жақсы, бірақ олар бақытсыз адамдар. Оларды мен болмасам, ешкім түсінбейді». Жиі осындай қателесу шындыққа тіреліп, «шағылып» жатады! Біріншіден, кез-келген адамды жақсы көру мүмкін емес. Екіншіден, және бұл маңыздысы, қиындыққа тап болған адам, жиі басқаларға, соның ішінде психологқа да, жек көру, ашу, жаугершілік сияқты қасиеттер танытады. Жиі кездесетін кедергілердің бірі, көмек іздеп келген адам жағымсыз болуы мүмкін, сондықтан бәрін бірдей жақсы көру мүмкін емес.
«Өзінің қателеспейтініне сенімді болу» иллюзиясы - бұл мәселе жайында менің бар білгенім осы болса, онда мен басқа жауап көрмей тұрмын – деуі мүмкін; «ақылдылық» иллюзиясы - ультиматум қою (Мен, тек қана Мен Сіз үшін дұрыс жауап бере алам); «көмек» иллюзиясы- психолог тек диспетчерлік қызмет («Анда барыңыз, мұнда барыңыз, Сізге солар көмек береді») атқаруы.
Сонымен, қорыта айтқанда, психолог кеңесші, ол:

  • белсенді тыңдаушы болуы: тыңдаушы бола білу маңызды, қазіргі уақытта көп адамдар бұған мұқтаж;

  • шынайы болуы: яғни кәсіби «бетперде» кимеу, өз сезімдерін көрсете алуы, шынайылық пен ақылдылықты сақтау;

  • өзін көмек беруші «құрал» ретінде қолдануы: бірге уайымдау, сұрақ қою, түсіну, анықтау, әңгімелесушінің барлық тұлғалық ресурстарын іске асыру; немесе шешім табуға көмек бере алатын ұйымдар мен тұлғалармен байланыстыратын келістіруші болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет