«Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері мен психологиялық ағарту бағыттары» Тастемирова Гүлзат Камбаровна



бет3/5
Дата01.04.2022
өлшемі69,5 Kb.
#137580
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психологиялық кеңес баяндама конференция

Кеңес берудің негізгі кезеңдері
Кеңес алуға келген жасөспіріммен алғашқы әңгімелесу жиі соңғы болып қалып жатады. Сондықтан диалог қысқа мерзімді интенсивті психотерапия заңдылықтары бойынша құрылады. Әңгіме бірнеше кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы ерекше міндетке бағынады және анықталған психотерапевттік техникаға сүйенеді. [2. б.220]:
Бастапқы әңгіменің екі мақсаты болады:
а) адамға оны түсініп, қолдау көрсететілетініне деген сенімділік беру;
б) жартылай болса да, позитивті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нақты уақыт көлемін бағалай отырып, қалыптасқан жағдай мен абоненттің күйіндегі салмақтылық дәрежесін анықтау. Абонентке сөйлеуге мүмкіндік бере отырып, оның әңгімесіне араласпау арқылы алғашқы ақпаратты жинау. Тек қана анда- санда «ия», «дұрыс» деген сияқты қолдау сөздерді қолдануға болады.
Екінші қадам жасөспіріммен қарым-қатынас дамытуға негіз қалауға бағытталады. Психолог көмек беру жағдайына арналған фундаментальді ережелерге сүйенеді:

  • көмек берілетін адам тұлғасын және оның ішкі сезімдері мен толғанысын сөзсіз қабылдау (қабылдау дегеніміз оған жағымды баға беру емес, бұл- бар нәрсені қабылдау екені анық).

  • оған деген қатынасқа баға беруден аулақ болу;

  • эмпатия, яғни адамның ішкі әлемін түсіну, онымен бірге уайымдау және т.б.

Жасөспірімдер қарсы алдындағы әңгімелесушінің шынайы күйін байқап қоятынын ескеру керек, себебі, терең терапевттік ережелерді сыртқы технологиямен ауыстырып, оларды әдіс ретінде қолдану «кері нәтиже» береді. Сондықтан осы жағдайларды сақтаған жағдайда ғана жасөспірім өзін еркін ұстап, өз жағдайы жайында алғашында ұялып немесе айтуға қорыққан болса, енді олар туралы ашық, әрі бүкпесіз айта бастайды.
Жас абоненттің алдында болған оқиғалар мен уайымдар қаншалықты ол үшін салмақты екені байқалса, соғұрлым проблеманың мазмұнын ұғуға тырысу керек. Жиі, өз ісін ұйымдастыра алмайтын адамға, өзін мазалап тұрған нәрсені дөп айту қиын екені белгілі. Сондықтан кеңесшінің рөлі осы кезеңде жасөспірімге өз проблемасын нақты көре білуге көмектесу болып табылады. Ол белсенді рефлексивті тыңдау техникасын қолданады: ақпараттың кейбір бөлшектерін анықтайды, кеңес алушының өз әңгімесін тереңірек жеткізуге талпындыратын «анықтаушы» сөздерді қолданып, «ашық» сұрақтар қояды («Мүмкін болса, осы жерді толығырақ айтып берсең...», «Мүмкін, тағы айта алмай отырғаның бар шығар...» т.б.), жасөспірімнің айтқан ойлары мен сезімдерін өз сөзімен қайталап береді және т.б.
Ақпарат нақты болған соң, үшінші кезең басталады, оның мақсаты - жасөспірімге проблеманы ақыл–оймен түсініп, құндылығын бағалауға көмектесу. Кеңесші енді тереңірек сұрақтар арқылы сол жасөспірімнің өмірлік-мағыналық шындығына тереңдей отырып, негативті эмоция тудырған себеп көзін анықтауға тырысады («Осы жерде сені ренжіткен нәрсе не?»), жасөспірім ойлап отырған нәрсені сөзбен жеткізіп, оқиғаның сүйенетін мағыналық тұстарын анықтайды – осылайша болған ретімен, мазасыздық тудырған тұстарын тауып, оқиғаның объективті және анық суреттелуіне көмек береді. Кейде жасөспірімнің өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі өмірде қолдану тәжірибесі арқылы өзін-өзі жоя бастайды, сондықтан кеңес беруші жасөспірімнің тұлғалық дамуында жаңа мағыналарды ашуға көмек беретін жаңа құндылықтарды іздеуде бағыттаушы бола алады. Осылайша, бірте-бірте алғашқы анықталған ішкі толықтық пен бұзылған «Мен» функциясының қайта қалпына келуіне қадамдар жасалады.
Төртінші кезең – бұл кеңес берушіден әңгіме барысында барлық психотерпевтикалық мүмкіндікті қолдануды талап ететін психокоррекциялық жұмыстың бөлігі. Мұнда жасөспірімнің барлық сау, позитивті, бұзылмаған жақтарын анықтау және қолдау маңызды, оларды оның өзіндік бағасын көтеріп, өзіне деген сенімділігін арттыруға бағыттаған жөн. Сонымен бірге оның оқиғасында оған көмек бере алатын достары мен таныстарының аумағын белгілеу керек. Бұл мүмкін болған жағдайда, жасөспірімнің өзі нысанадан шығарып алған барлық ресурстарын қайта іске қосуына көмек болады.
Бесінші кезең – бұл кризистік жағдайды жеңуге бағытталған іс – әрекет жоспары. Психотерпияның кез-келген үрдісінде кеңес алушының белсенділігі маңызды болады. Сондықтан қол жеткізген нәрселерге сүйене отырып, жасөспірім шешімді өзі таңдап қабылдауы керектігін түсінуі керек (А.Кемпинскидің сөзімен айтқанда, «жүйе не істейтінін өзі таңдауы керек»).[3] Жасөспірімнің іс – әрекет жоспарын жасауға қатысса, бұл оның өзіне сол белгілегенді орындауға деген іштей міндеттер жүктейді. Кеңес беруші енді «пассивті» белсенділік позициясын ұстанады: кідіріс «жасайды» (белсенділікті жасөспірімнің өзіне беру мақсатында үнсіз қалады), ал егер бір нәрсе ұсынатын болса, онда дайын шешім ретінде емес, гипотеза ретінде ұсынған дұрыс.
Әңгіменің қорытынды кезеңі – бұл абонентті қайтадан қолдау және барынша мақұлдау: оның өзіне, оның күшіне, белгілеген мақсаттарды орындайтынына деген (соңғы сөздердің барлығы қолдау сөздері болуы тиіс) сенім білдіру.
Психотерапияның кезеңдерінің бірізділігін сақтау жедел көмек көрсетудің маңызды қағидалары болып табылады. Әрине, жасөспірім әлі өз уайымдарынан шыға алмай тұрғанда оған кеңес айтып, көңілін көтеруге немесе оған әлі дайын болмай тұрғанда шешім айтудың қажеті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет