Мақсаты: қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу.
Жүргізуші: «Біз қазір әрқайсысымыз шеңбер бойынша өз аттарымызды айтым, өзіміз жайлы бір ауыз сөз айтамыз. Оның алдында әр қатысушы өзіне бір қағаз (табличка) алып, соған өз атын жазады. Ол міндетті түрде сіздердің аттарыңыз болуға тиісті емес, сіз басқа да қалаған атты жазуыңызға болады. Егер сіз басқа ат алсаңыз, бірінші өз шын атыңызды атаңыз, сосын неліктен атыңызды ауыстырғаныңызды түсіндіруге тырысыңыз. Мүмкін осы алған аттары оларға тіпті қажет емес болар, бірақ әрқайсысы қағаз алып, басқа атпен өзі туралы біраз айтып кетуіне болады. Сонымен, бастаймыз».
«Сыйқыр сөз»
1. Мысалы, біз қобалжығанда, біз өз ішімізден осы сыйқыр сөзді айта аламыз және сонда өзімізді сәл болса да, сенімді және сабырлы сезінеміз. Ол әртүрлі сөздер бола алады: «тыныштық», «салқын самал» жәнет.б.. Ең бастысы сізге көмектессе болды.
Аяқталысымен жүргізуші барлық қатысушылардан қандай «сыйқырлысөз» болғанын және олар сол кезде не сезінгендерін сұрайды.
2. Сабырлыққа келудің тағы да бір тәсілі бар. Сізде қобалжу, қысым түсіретін жағдайды есіне түсіріңіз не ойлап табыңыз. Өз ішіңізден бірнеше рет, сіз өзіңізді жақсы, сабырлы сезінетіңізді айтып кетіңіз. Бірақ бұл сөздер әрине оң болуы тиіс, мысалға «мен қобалжымаймын», «мен сабырлымын» және т.б.
Жаттығу біткен соң, жүргізуші қатысушылардан қандай сөз тіркестерін қолданғандарын, не сезінгендерін және егер қиын болмаса, естеріне қай жайттар түскенін сұрайды
Берілген жаттығу топтағы сенімді атмосфераның болуына, өз-өздерін реттеуге және осыдан кейін топ қатысушылары өз сезімдерін ашық және сенімді білдіреді.
«Бұзылған телефон» жаттығуы
Мақсаты: вербалды деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.
Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша, барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді (сіріңке қорабы, пистолет, волейбол добы және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жаңағы иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. Шарттары: барлығы да дыбыссыз орындалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?
Кімге өз досын түсінуге қиын болды?
«Арқаға арқа» жаттығуы
Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу.
Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бөліседі.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
осы әңгіме күнделікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар?
әңгіме құру оғай болды ма?
әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па?
Қалғандары да дәл осылай істей алады.
«Қолтырауын» жаттығуы
Мақсаты: басқаларға күлкілі, ретсіз болып көрінуден арылу.
Көбі адамдар қоршаған ортаға күлкілі болып көрінуден қорқады. Осы ойын қорқыныштан арылудың құралы ретінде ұсынылып отыр. Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бір сөзді не сөз тіркесін жасырады да, келесі топ - өзінен бір адамды сол табуға шығарады. Топтар кезекпен сөздерді жасырады.
Талқылауда:
Көрсетуге қиын болды ма?
өздерін қалай сезінеді?
Ойын аяқталысымен қандай сезімде болды?
«Ыстық орындық» жаттығуы
Мақсат: өзіне деген оң және теріс айтып салуларды адекватты түрде қабылдау.
Жүргізуші топ қатысушыларына бір адам туралы өз ойларын айтуға ұсынады. Бір-бірі туралы осылай айтуға болады: «сен бірдеңені істегенде, не айтқанда былайда былай, менде осындай да сезімдер қалыптасады, және маған осы былай, а былай болуы мүмкін еді». «Ұнайды», «жақсы», «жаман» деген айтулардан аулақ болуға тырысу.
Бір қатысушы өз тілегі бойынша ортаға отырады. Содан барлығы айтып болған соң, қатысушы өзі туралы естігенде не сезінгенін айтады. Қатысушылар кезекпен айтады, ал ортаға ыстық орындыққа тілектері бойынша отырады.
Талқылау кезінде қатысушылар өз сезімдермен бөліседі, олардың бір-біріне деген қатынастары осы жаттығудан қалай өзгерді.
Неліктен кейбіреулері отырған жоқ?
«Сиқырлы ғажайып орман» жаттығуы
Мақсаты:Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
Сараптама:
Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.
«Жеміс-жидек»жаттығуы
Мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.
Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.
«Карусель» жаттығуы
Мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.
Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
«Өзін-өзі таныстыру»жаттығуы
Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
«Ауадағы сұрақтар» жаттығуы
«Ауадағы сұрақтар» тәсілін қолданамын. Бұл ойын түрінде жүргізілетін тәсіл. Мұғалімдерге шар үлестіріліп беріледі, бір сұрақ ойлап, оның жауабын шарға жазуды сұраймын. Шардың шетіне өз есімдерін жазып қоюды ұмытпауы тиіс. Мұғалімдер шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған жауаптарға сұрақ қояды. Өз жауабы жазылған шар өзіне қайтып келгенше қайталай беруге болады. Өз шары өзіне қайтып келген соң, сондағы сұрақтарды төмен және жоғары дәрежелі деп екіге топтастырады. Бұл тапсырманың идеясы - шарларда жазылған сөздерге түрлі сұрақтар жазу және олардың түрлерін анықтау арқылы ашық және жабық сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл тәсіл мұғалімдерді белсенді іс-әрекетке жетелейді. Қызықты жаттығу ретінде де қолдануға болады.
« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы
Тиімділігі: ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Бұл жаттығуды әсіресе «Сыныптағы психологиялық ахуал, Оқушыларды ынталандыру, «Ынтымақтастық атмосферасын орнату» тақырыптарын өткенде қолдану тиімді.
Сипаттама: тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады. Мен бұл жаттығуды өз тобымдағы мұғалімдермен орындадым.
Нәтижесі: тыңдаушылар бұл жаттығуды ұнатты, олар салынған суретте әрқайсысының үлесі бар екендігін сезініп, соңында өз саяхаттарының қайдан бастау алып,жолда қандай кедергілер және қызықты оқиғалар кездескенін анықтап, қайда келіп тоқтағанын сипаттап айтып берді.
«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы
Мақсаты: топтың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын күшейту, ашықтық
атмосферасын қалыптастыру.Топ мүшелері дөңгеленіп отырады: әрбіреуінде
қағаз бен қарындаш дайын болуы тиіс. Мұғалімдерге өздеріне қатысты үшсөйлем жазу ұсынылады. Бұл үш сөйлемнің екеуі шындық, біреуі жалғанболуы тиіс. Барлық қатысушылар өз сөйлемдерін оқиды, қалғандары айтылғандардың шындық, не жалған екенін түсінуге тырысады. Барлық пікірлер негізделуі тиіс. Авторлар барлық мұғалімдердің ойларын тыңдап алған соң ғана түсіндірмелерін айтуы тиіс
«Біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?..» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелерінің ынтымақтастығын, ұйымшылдығын арттыру. Барлық қатысушылар кабинетте араласып жүреді, кездескен әріптесіне бірінші «сіз маған.... ұқсайсыз» (мысалы, сіз маған ақ көңіл мінезіңізбен ұқсайсыз, сіз маған табандылығыңызбен ұқсайсыз т.б.) (екі минут), содан соң «Сіздің менен айырмашылығыңыз...» (мысалы, сіздің менен айырмашылығыңыз еңбекқорлығыңызда, сіздің менен айырмашылығыңыз деген сөйлемдерді айтады. Қорытындысында біз негізінде бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз және өзіндік айырмашылығымыз да бар, ешкім бізге әр түрлі болуға тыйым сала алмайды.
«Кішкентай ергежейлі» жаттығуы
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдына қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.
«Кенгуру» жаттығуы
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).
«Кеме» жаттығуы
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады.
Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.
«Алақанға жан бітір» жаттығуы
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
«Құпия дос» жаттығуы
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
«Жағымды сөздер» жаттығуы
Мақсаты:Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез - келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?
«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы
Мақсаты:Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.
Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.
Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?
«Ол кім, көрсет?» жаттығуы
Мақсаты:Әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.
Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10 - 12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.
Талдау: Лайық ойыншыны көрсетуде сіздерге не көмектесті? Қандай әсер алдыңыздар?
«Жауырындағы жазу» жаттығуы
Мақсаты: Өзара сенімділік, топтың ынтымақтастық сезіміне зейін қою.
Жүргізуші мамандықтың аты жазылған қағазды бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Қағаз түйрелген ойыншыны өзінің арқасында не жазылғанын табу керек.
Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қай мамандықты көрсету қиын болды? Неге?
«Суретті жалғастыру» жаттығуы
Мақсаты:Шығармашылықты, оның көрінуіндегі кедергілерді сезінуді дамыту. Топ қатысушылары шеңбер бойымен отырады. Шеңберде түсті қарындаш, бор, фломастерлер, парақтар бар.
Нұсқау:Мен «бастаймыз» деп айтқан кезде, әрбіреуіңіз парақ және сурет салуға қажет нәрселерді аласыз. Сурет салуға 15 секунд беріледі. Уақытты мен қадағалап тұрамын және 15 сек. соң сол жақтағы көршіңізге әрқайсыларыңыз өз парағыңызды беруіңізді сұраймын. Парақты алған соң сіз салынған суретті әрі қарай, мазмұнын дамыта отыра, кез –келген бағытта, тағы бірдеңелерді салуыңыз керек. Әркімнің парағы өзіне қайтып келгенше шеңбер бойымен жүріп шығуы керек».
Талдау:Жасалған жұмысты талқылау кезінде тренер топтың зейінін қатысушылардың күтпеген, дәстүрлі емес, өзгеше қабылданған сюжеттің өрбу сәтіне шоғырландыруына болады.
«Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер жаттығуы
-Бір айдын ішінде сізді егерде куантқан нәрселер көбірек болса жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.
Түйін сөз : мұғалімдердің таңдауларына қарай тренер қорытынды сөз айтады
Келесі жаттығуды ойдағыдай жасап көрсек сіздің позитивті бейнеңіз «мұғалім таңбасынан» байқалады.
Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем»,жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.
Кері байланыс сұрақтары:
жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыз?
жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?
таңбаңызға қарап тұрғанда қандай ой туады?
«Сыйлық» жаттығуы
Тұлғааралық қарым- қатынасты дамыту және де ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Әр топ мүшелері тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі заттың атын атап сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.
«Ортақ әңгіме» жаттығуы
Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.
Талдау:Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?
«Саусақтар» жаттығуы
Мақсаты:Қатысушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әркім қолдарын жұмып отырады, жүргізушінің бұйрығымен бәрі саусақтарын «ашады». Топтың қатысушылары бір - бірлеріне қарамай, бір ғана санды саусақтарымен көрсетуге тырысу керек. Қатысушылар бір - бірімен келісуге, «заңсыз» әдістермен өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді.
Талдау:
Осы тапсырма несімен ұнады?
Несі ұнамады?
Тапсырманыорындау оңай болды ма?
Қандай әсер алдыңыздар?
«Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуы
Мақсаты:Топ бірлігін нығайту.
Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағы сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды.
Нұсқау:Әркім өзінің алдына орындық қояды. Кімде - кім қандай да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады. Үшіншісі, алдыңғы екеуінің тықылдатқан ырғағын қайталап, өзінікін қосады және т.с. Ұмытып қалған немесе дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады.
Ырғақты аяқпен де тақылдатуға болады. Ондай жағдайда биге барлығы қосылады.
Талдау:Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Біздің топты аз да болса біз сездік пе? Енді не сезінудесіздер?
«Кім жылдам?» жаттығуы
Мақсаты:Ой жылдамдығын дамыту.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Тренердің қолында доп.
Нұсқау:«Қазір біз бір - бірімізге доп лақтырамыз. Доп лақтырған адам мына үш сөздің «ауа», «жер» немесе «су» біреуін айтады, ал допты алған адам «ауа» деген сөзді естіген соң допты алса - құстардың аттарын, «жер» дегенде - аңдардың, «су» дегенде - балықтардың аттарын атайды. Ойын тез ойналу керек». Жұмыс барысында тренер қатысушыларды өз қарқындарын арттыруға қозғау саналады.
Талдау:Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма? Сөз ойлап табу жеңіл болды ма? Не қиындық туғызды?
«Күтпеген сұрақ» жаттығуы
Мақсаты:Ойдың дәлділігін, өзгешелігін дамыту.
Нұсқау:«Қазір әркім өз орындығын алып, кезекпен шеңберге кіреді және кезекпен шеңберде қалғандардың әрбіреуінің қарсы алдына отырады да, күтпеген сұрақ қояды. Сұрақ берген соң оның жауабын күту керек».
Модификациялау болуы мүмкін: шеңбер бойында отырғандар, өзінің алдына келіп отырған ойыншыға сұрақ береді.
Талдау:Күтпеген сұраққа жауап беру жеңіл болды ма? Не ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыз? Енді не сезінудесіз?
«Құпияны іздейміз» жаттығуы
Мақсаты:Өз бойыңда жасырылған ерекшелікті іздеу.
Ақылынан адасқан ғалым дәл сіздің көшірмеңіз тәрізді робот жасады. Сіздің сыңарыңыз бар жағынан сізге ұқсады. Бірақ ол – қастандық құралы болғандықтан, оны адамдардың, сіз деп қабылдағанын қаламайсыз.
Дәл сіздікіндей жасауға болмайтындай сіздің бойыңызда не бар? Сізді жақсы білетін адамдар сіздің орныңызға басқа біреуді айырбастағанын біліп қоюы мүмкін бе?
Сіз барлық құпияны аштыңыз, бірақ робот бәрін дәл көрсетіп берді. Сіз – ол сіз, сіздің көшірмеңіз емес екеніне жоқ дегенде өзіңізді сендіру үшін, ең соңында сіз қандай маңызды құпияны ашар едіңіз?
Талдау:Сыңарыңыздың бойынан қандай ерекшелікті көргіңіз келді?
«Жағымды сөздер» жаттығуы
Мақсаты:Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез - келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез - келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
Талдау:Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?
«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы
Мақсаты:Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.
Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.
Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
Мақсаты:Өзіңнің ішкі дүниеңді түсінудің алуан түрлі мүмкүндігін көрсету.
Жүргізуші: Сонымен, сөйлемдерді жалғастырамыз (шеңбер бойымен)
Мен – стакандағы су ...
Мен – әдемі гүл ...
Мен – еріп жатқан мұз бөлігі ...
Мен, балық сияқтымын ...
Мен, «О» әрпі сияқтымын ...
Мен – ән ...
Мен – соқпақ жол ...
Мен – жел ...
Мен – құз ...
Мен – қызықты кітап ...
Мен құмырсқа сияқтымын ...
Мен – шам ...
Мен – доллар ...
Мен – тышқан ...
Мен – сары қағаз ...
Мен – дәмді таңертеңгілік ас ...
Мен – пластилиннің бөлігі ...
Мен – сәуле ...
Мен – құрлық ...
Мен – формула
Достарыңызбен бөлісу: |