Педагогикалық жағдаят және педагогикалық мәселе.
Педагогикалық мәселе дегеніміз не? Оны педагогикалық шеберліктің негізгі клеткасы деуге болады. Педагогикалық мәселе – бұл әрқашан педагогикалық педагогикалық жағдаятты түсіну, оның мақсаты педагогикалық іс-әрекеттің мақсатына жақын жаңа деңгейге ауыстыру, оның өзгеруі болып табылады. Жалпы педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жағдаяттар байланысынан тұрады. Оларды мұғалімдер, оқушылар кездейсоқ және арнайы құрады.
... Мектеп күні басталды. Сыныпқа кешігіп қалған оқушы кіріп келді – бұның өзі жағдаят. Үй тапсырмасы тексерілді. Екі оқушы дайын емес екен – бұл да жағдаят. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында сыныпта оқушылар бір-біріне хат жіберіп отырды – тағы да жағдаят. Бұның барлығы конфликт емес, бірақ қарама-қайшылық. Мұғалім осы жағдаяттарды түсініп, өзіне міндеттер қояды: стратегиялық сипаттағы (оқушыларда жауапкершілік сезімін тәрбиелеу), тактикалық сипаттағы (сабақтағы танымдық іс-әрекеті ұйымдастырудағы, білімдерді бақылау құралдарын жасау) және жағдаятық сипаттағы (кешіккен, сабақ оқымаған оқушыға қалай жауап қайтару керек).
Мұғалімнің шеберлігі – педагогикалық мәселені жағдаятқа айналдыра білу білігінде, яғни алға қойылған педагогикалық мақсатқа жақындай отырып, қалыптасқан жағдайларды қатынастарды қайта құруға мақсатты түрде бағытау. Егер мұғалім жағдаятқа мән бермей, оны байқамаса, жағдаят мәселе бола алмайды. Егер мұғалім пайда болған жағдаятқа айқайлау арқылы жауап қайтарып, конфликтті шешудің орнына, оны тереңдетіп жіберсе, ол мәселе бола алады, бірақ мақсатты түрде шешілуі мүмкін.
Осылайша, жағдаят мақсатты бағытталған педагогикалық іс-әрекет жағдайында мәселеге айналады (жағдаят + мақсат = мәселе). Мәселенің бірнеше шешімдері болуы мүмкін, олардың жағымды эффектісі педагогтың біліміне, бағыттылығына, оның қабілеттілігіне, техниканы меңгеруіне тәуелді.
Педагогикалық мәселені шешу жағдаятты талдаудан және мәселені түсінуден басталады . жас мұғалімдер осы кезеңді өткізіп алғаннан соң шешім қабылдауға кіріседі. Конфликтінің тереңдігін түсінбейді, асығады, жағдаятты тәжірибеде кездестірген жағдаят ретінде қабылдайды. Нәтижесінде ол соңына дейін түсінілмейді, мәселенің айқын бөлігі ғана қабылданады. Оқушылардың әрекеттерін түсінбеу, жағдаятты көрмеу мәселені шешудегі қателіктерге алып келеді. Педагогтың шеберлігі педагогикалық мәселелерді шешу қабілетімен сипатталады.
Мәселені шешудің келесі кезеңі – негізгі мәліметтерді талдау: педагогикалық жағдаяттың тұтас процесіндегі жағдаят орны, тәрбиеленушілердің, тәрбиешілердің, олардың ара-қатынасының сипаттамасы. Нәтижесіндеіс-әрекеттің, жағдайлар ерекшелігінің, арақатынастар ерекшелігінің мақсаттарының мотивтері түсініледі.
Достарыңызбен бөлісу: |