Дәріс №1. Еңбекті қорғау



бет1/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы

Дәріс №1.Еңбекті қорғау
Еңбек дегеніміз қоғамның материалдық және рухани кажеттіліктерің қамтамасыз етуге бағытталған адамның нысаңды қызметі.Еңбек ету үрдісі кезінде адам өңдірістік құралдармен,өңдірістік орта және еңбек заттарымен тікелей байланыста болады.Сондықтан адам денсаулығына және оның жұмыс атқару қабілеттілігіне табиғаты жағынан әр түрлі факторлар өз әсерін тигізеді.Осы өңдірістік факторлардың әсері қандай жағдайға әкеліп соғатынына байланысты,олар қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар болып 2 түрге бөлінеді.
1)Қауіпті өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда жарақаттанып қалуына немесе денсаулығының күрт нашарлауына әкеліп соғатын факторды айтады.
2)Зияңды өңдірістік фактор деп ─ жұмысшының белгілі бір жағдайда науқастанып қалуына немесе жұмыс атқару қабілеттілігінің томендеуіне әкеліп соғатын факторды айтады.Өзінің сипаты және әсер ету ұзақтығына байланысты,зияңды фактор қауіпті факторға ауысып кету мүмкін.
Адам организіміне әсер ету бойынша қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар 4 топқа бөлінеді:физикалық,химиялық,биологиялық және психофизиологиялық.
Физикалық қауіпті және зияңды өңдірістік факторларға жататындар:
а)Технология мен жабдықты сипаттайтын факторлар:қозғалыстағы машиналар мен механизімдер;жабдықтың қозғалмалы механизімдері;материалдар мен жабдық беттерінің температурасы;электртізбектегі кернеудің жоғары болуы және т.б. факторлар.
б)Өңдірістік ортаны сипаттайтын факторлар ─ жұмысшы зона ауасының шаң және газбен ластануы;жұмысшы зона температурасының төмен не жоғары болуы;ауаның тым ылғал болуы;табиғи және жасаңды жарықтың жетіспеуі.
Химиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар:Адамға тигізетін әсерінің сипатына байланысты:токсикалық (организімнің улануын қоздарады);тітіркендіргіш (тыныс алу жолдарының тітіркенуі);канцерогендік (рак ауруларын қоздырады);мутагендік (тұқымқуалаудың өзгерісін қоздырады) және т.б. факторлар.
Биологиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлар,келесі биологиялық обьекттерді қамтиды:патогендік микроорганизімдер (бактериялар,вирустар);макроорганизімдер (өсімдіктер,жануарлар).
Адамға тигізетін әсерінің сипатына байланысты психофизиологиялық қауіпті және зияңды өңдірістік факторлардың болінуі:физикалық (статикалық және динамикалық) және жүйке жүйенің жүктенуі.
Еңбек қауіпсіздігі ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін қауіпті және зияңды өңдірістік факторлардың жоқ болғандағы еңбек жағдайын жасау.
Еңбекті қорғау ─ адамның еңбек ету үрдісінде оның денсаулығы мен жұмыс атқару қабілеттілігін сақтайтын және қорғайтын әлеуметтік,экономикалық,ұйымдық,техникалық,гигиеналық және сауықтыру іс-шаралар мен құралдардың заңды актілер жүйесін айтады.
Қауіпсіздік техникасы ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін қауіпті өңдірістік факторларлы болдырмайтын техникалық құралдар мен ұйымдық іс-шаралар жүйесі.
Өңдірістік санитария ─ жұмысшыларға әсерін тигізетін зияңды өңдірістік факторларды мүлде болдырмайтын немесе оларды азайтатын техникалық құралдар мен іс-шаралардың жүйесі.
Еңбекті қорғаудың тағы бір ажырамас бөлігі ретінде өрт қауіпсіздігін айтуға болады.Өрт қауіпсіздігі ─ өрттің пайда болуын,оның одан әрі даму мүмкіңдігін және адамдар мен материалдық байлықтарға тигізе алатын қауіпті факторларды болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет