Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №9.Өңдірістік жарықтандыру



бет7/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №9.Өңдірістік жарықтандыру.
Өңдірістік бөлмелерді рационалды жарықтандыру, жұмысшыларға жақсы психофизиологиялық әер тигізеді, жұмыс процесі кезінде адамның жұмыс атқару қәбілеттілігін жоғарлатады. Жарық, адамның көңіл-күй жағдайына, зат алмасуына, жүйке жүйесіне жақсы әсерін тигізеді. Ал, жарық жеткіліксіз болған жағдайда, жұмыс процесі кезінде адамның көру функциялары нашарлап, көздің шаршауы жоғарлап, жарақаттанудың қауіптілігі артады. Кейбір жағдайларда аса жарықтық адам көзіне кері әсерін тигізеді, нәтижиесінде, адамның көрі функциялары уақытша бұзылады.(явление слепимости)
Жарық (көрінетін сауле) ─ кору сезімін туғызатын сәулені айтады. Табиғаты жағынан электромагниттік толқындар болып келеді. Ұзыңдығы 380 – 760нм-ге деінгі электромагниттік толқындар.(1нм-нанометр-10-9 метр).
Жарық келесідей негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жарық ағыны, жарық күші, жарықтық, жылтырлық, кереғарлық.
Сәулелі энергияның жарық ағыны Ф ─ көру сезімімен бағаланады, жарық сәулесінің қуатын сипаттайды. Өлшем бірлігі:люмен
Жарық күші І ─ жарық ағынының кеңістік тығыздығы. Өлшем бірлігі: канделла
Жарықтық Е ─ жазық бетке түсетін жарық ағынының беттік тығыздығы. Өлшем бірлігі: люкс
Жылтырлық ─ адамның көру функцияларының бұзылуын туғызатын, жарқылдайтын беттердің аса жарықтығы. Өлшем бірлігі: канделла/м2
Кереғарлық ─ заттардың ашық немесе әр түрлі түстерде айырмашылығын анықтау.

Жарық жүйесі және оның түрлері.


Өңдірістік жарықтың табиғи, жасаңды және қосарланған түрлері болады. Табиғи жарықтық, куннің тік сәулелері және шашыранды жарықпен қамтамасыз етіледі. Табиғи жарықтық, тәулік уақытына, ауарайы жағдайына, атмосфераның мөлдірлігіне байланысты өзгеріп отырады. Табиғи жарықтық орындалуына қарай: қабырғалы, үстіңгі және құрамдас болып келеді.
Жасаңды жарық, жарықтың жасаңды көздерінен пайда болады: щоқ шамдар және газоразрядты шамдар. Жасаңды жарық, табиғи жарық жетіспегенде немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады(тәуліктің қараңғы кезінде). Қызметіне қарай, жасаңды жарықтық бөлінуі: жұмысшы, апаттық, эвакуациялық, күзеттік және кезекші.
Жұмысшы жарықты, жұмыс орындалатын барлық өңдірістік бөлмелерде орнатады.
Апаттық жарық, апат кезінде жұмысшы жарықтың өшіп қалу кезінде қолданылады.
Эвакуациялық жарық, апат жағдайында жұмысшыларға қауіпті жерлерді жарықтандыруға негізделеді.
Күзеттік жарық (арнайы күзеттік техникалық құралдар жоқ болғанда) күзететін териториясының шекарасы бойымен орнатылады.
Кезекші жарық ─ жұмыстар орындалмаған кездегі жарық.
Қосарланған жарық, табиғи жарыққа қоса жасаңды жарықты айтады.
Бөлмелерді жасаңды жарықпен қамтамасыз ету үшін, газоразрядты шамдарды қолдану ұсынылады.(люменсцентті, доғалық сынапты, металлогалогенді және ксенонды). Газоразрядты шамдар жрғары деңгейдегі жарықты береді 100лм/Вт және ұзақ қызмет атқарады 10000...14000сағат. Шоқ шамдар жылу жарық көздеріне жатады, жұмыс істеу принципі, шамдарда орналасқан жіптің қатты қызуы жарықты туғызады. Пайдаланғанда сенімді және қарапайым. Кемшілігі, газоразрядты шамдарға қарағаңда аз жарық береді 20лм/Вт-тан жоғары емес, қызмет атқару мерзімі қысқа 1000сағатқа дейін.
Адам көзіне жарықтың әсері кедергі келтірмес үшін, шырақтың қорғау бұрышы қарастырылады.
Өңдірістік жарықтықты мөлшерлеу.
Табиғи және жасаңды жарықтық келесідей көрсеткіштерге тәуелді мөлшерленеді: ажырату обьектінің ең кішкентай өлшемі, көрінетін жұмыстың разряды мен подразряды, белгілі бір обьектінің фоны мен кереғарлығы. Табиғи жарықтық үшін табиғи жарықтың коэффициенті белгіленген (ТЖК)%; жасаңды жарықтық үшін өңдірістік бөлмелердегі жұмыс беттерінің ең кішкентай жарықтығы ескерілген.
Фон ─ ажырату обьекті жабысып жататын бет, шағылу коэффициентімен сипатталады – ρ. Шағылу коэффициенті ρ>0,4 болғанда жарық фон болып саналады; 0,2≤ρ≤0,4 болғанда орташа; ρ<0,2 қара фон болып есептеледі. Фоны бар обьектінің кереғарлығы К – қаралатын обьектінің жарықтарының фонға қатынасымен сипатталады (нүктелер, сызықтар, таңбалар, дақтар).
К=‌‌‌‌‌ |Lф-Lо|/Lф осында: Lф- фон жарығы; Lф- обьект жарығы}кд/м2
Фоны бар обьектінің кереғарлығы К> 0,5 болғанда, кереғарлық үлкен болып саналады; 0,2≤К≤0,5 болғанда шағын болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет