Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №12.Электр тоғы соғудан қорғайтын құралдар мен техникалық тәсілдер



бет10/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №12.Электр тоғы соғудан қорғайтын құралдар мен техникалық тәсілдер.
Техникалық тәсілдер мен қорғау құралдары: үздіксіз бақылау құрылғысы бар тоқ өткізгіштнрді оқшаулау; желілердің электрлік бөлінуі; төмен кернеулерді қолдану; электрқорғау құралдары; блокировка;сигнализация және қауіпсіздік таңбалар; жерге тұйықтау; нөл сымына қосу; қорғаныш ауытқу.
Тоқ өткізгіштерді оқшаулау. Электр қоңдырғыларды қалыпты жұмыспен қамтамасыз етуге және электртоғы соғудан қорғау үшін жұмысшы оқшаулау қолданылады. Оны басқаша, тоқ өткізгіштердің электрлік оқшаулануы деп атайды. Жұмысшы оқшаулау бұзылған кезде, қосымша оқшаулау қарастырылады. Жұмысшы және қосымша оқшаулаудан бірлескен оқшаулауды ─ қос оқшаулау деп атайды. Ол жоғары сенімділікпен ерекшеленеді. Кейбір жағдайда, жақсы жасалынған жұмысшы оқшаулау, қос оқшаулау сияқты жоғары сенімділікке ие болады, оны кушейтілген оқшаулау деп атайды.
Қоршау құрылғылары (ограждения).
Тоқ өткізгіштерге жанасуды болдырмау және қауіпсіз ара қашықтықты қамтамасыз етуге арнайы қоршаулар қолданылады. Қоршаулар электрлік және механикалық қасиеттерге ие болу қажет. Олардың жасалу конструкциясы әр түрлі болады: тегіс немесе торлы. Қоршауларды ашып-жабуға, орналастыруға арнайы кілттер мен инструменттер қарастырылады.
Желілердің электрлік бөлінуі.
Ұзын желілерді тармақтағанда жоғары тоқ сыйымдылығына қол жеткізуге және жерге қатысты кедергілерді азайтуды көздейді.
Желілердің электрлік бөлінуі дегеніміз ─ желіні бір-бірімен байланыспаған бөлек учаскеілерге бөлу. Осы кезде белсенді және сыйымдылық өтімділікті төмендету арқылы,электр тоғы соғудың қауіптілігі күрт кемиді. Желіні бөлуге арнайы бөлгіш трансформаторлар қолданылады.
Төмен кернеулерді қолдану.
Төмен кернеу деп ─ 42Вольттан жоғары емес номинал кернеуді атайды.
Ол электр тоғы соғудың қауіптілігін азайту мақсатында қолданылады. Төмен кернеу электрификацияланған инструменттерді, тасымалданатын шам-шырақтарды қоректендіруге арналады.
Электр қорғау құралдары.
Қызмет атқару бойынша 3 түрі болады: 1)оқшаулағыш;2)қоршаулағыш;3)көмекші.
Оқшаулау құралдары, адамды тоқ өткізгіштерден оқшаулауға арналады. Өз ішінде олар, негізгі және қосымша болып келеді. Негізгі құралдар, ұзақ уақыт бойы жұмысшы кернеуге төзе алады. Негізгі оқшаулау құралдарына: оқшаулағыш штангілер; оқшаулағыш және электрөлшеуіш қысқыштар; диэлектрлік қолғаптар және т.б.
Қоршау құралдары тоқ өткізгіштерді уақытша қоршау үшін арналады. Оларға тасымалданатын қоршаулар (щиттер, торлар); тасымалданатын жергетұйықтаушылар жатады.
Көмекші құралдар биіктен құлаудан қорғайды және электрқоңдырғылар туғызатын жарық, жылулық, механикалық, химиялық әсерлерден сақтайды. Оларға: сақтаушы белбеулер; сақтандырғыш арқандар; қорғау көзілдіріктері; брезентті қолғаптар; противогаздар жатады.
Осы айтылған барлық элекрт құралдар периодты түрде сынақтан өтеді.
Сигнализация, плакаттар мен қауіпсіздік таңбалар.
Сигнализация (дыбыстық және жарықтық) ─ қызметкерлерді электрқоңдырғыларда кернеудің бар не жоқ болуын ескертеді.
Плакаттар мен қауіпсіздік таңбалар адамды электрқоңдырғыларға жақындағаның ескертеді. Қызметі бойынша осы плакаттар мен таңбалар келесідей бөлінеді:1)ескертуші(«стой-напряжение», «не влезай убьет»); 2) тыйым салатын («не включать – работают люди»); 3)ұйғарымды – предписывающие («работать здесь»); 4)көрсетуші («заземление»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет