Дәріс №1. Еңбекті қорғау


Дәріс №2.Еңбекті қорғауды басқару



бет2/14
Дата03.02.2023
өлшемі141,5 Kb.
#167384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-60069
Документ, ������ �� ����� ����� ��� � �� ����� �������� ����������� ����, пед сро 2, f616416553eca5 (2), stud.kz-68753, ынтымақ тобы
Дәріс №2.Еңбекті қорғауды басқару
1.Еңбекті қорғауды басқару жүйесі.
Еңбекті қорғауды басқару ─ адамның еңбек ету үрдісі кезінде оның денсаулық қауіпсіздігімен оны сақтауға бағытталған ұйымдық,техникалық,гигиеналық,сауықтыру іс-шараларын дайындап оларды қабылдап жүзеге асыруды айтады.Кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару осы кәсіпорынды басқаратын толық жүйенің бір тізбегі.
Еңбекті қорғаудың обьекті ретінде жұмыс орындарда,цехтарда,өңдірістік учаскілерде және де кәсіпорындарда толығымен қауіпсіз еңбекті ұйымдастыратын структуралық бөлімшелер қызметтерді айтады.Кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқаруды орындайтын бас инженер.Еңбекті қорғауды басқару жөніңде ұйымдық-әлеуметтік жұмысты еңбекті қорғау қызметі орындайды,осы еңбекті қорғау қызметі кәсіпорынның бас инженеріне тікелей бағынышты.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нормативтік негізі ретінде еңбекті қорғау туралы заңдар,қаулылар,стандарттар,нормалар,ережелер және басқа да еңбек қауіпсіздігі жоніңдегі нормативтік құжаттарды айтады.
Еңбекті қорғауды басқару келесі мәселелерді шешеді:өңдірістік жабдықтар мен жұмыс орындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;жұмысшылардың жұмыс жасау және демалу режимдерін оптималдау(жақсарту);жұмысшыларды емдеп-сауықтыратын қызметті ұйымдастыру;әрбір мамаңдық бойынша жұмысшыларды кәсіби тұрғыдан іріктеу;жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне үйрету.

2.Еңбекті қорғау жөніңдегі білімді арттыру.


Жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді әр түрлі инструктаждарды өткізу арқылы еңбекті қорғауға үйретеді.Өзінің өткізу уақыты мен сипатына байланысты инструктаждар 5 түрге бөлінеді: 1)кіріспе, 2)жұмыс орныңдағы алғашқы, 3)қайталама, 4)жоспардан тыс, 5)ағымдағы.
Кіріспе инструктаж ─ жаңа ғана практикаға келген студенттер мен жаңадан жұмысқа қабылданатын барлық адамдарға жүргізіледі.
Жұмыс орныңдағы алғашқы инструктаж ─ жаңа жұмыс түрін орындайтын жұмысшылар мен қызметкерлерге жүргізіледі.
Қайталама инструктаж ─ 6 айда бір рет барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге жүргізіледі.
Жоспардан тыс инструктажды еңбекті қорғау жөніңдегі ережелер өзгергенде,кәсіпорындағы жабдық пен құрал-саймандарды ауыстырғанда өткізеді.
Ағымдағы инструктажды жұмысшыларға өңдірістік жұмысты бастамас бұрын жүргізеді.
Жоғарыда айтылған барлық инструктаждарды өткізу және еңбекті қорғау жөніңдегі білімді тексеру арнайы журналда тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет