Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары



бет12/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы

Оқытудың негізгі тұжырымдамасы.


    1. Ақыл-ой іс-әрекет теориясын кезеңдік қалыптасуы.

Бұл теория окытуды, орындалуы оқушыны жаңа білімдер шеберліктерге жеткізетін іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінің жүйесі ретінде карастырады.


П.Я.Гальперин өз еңбегінде: « Кез келген іс-әрекетті окыту деп атауға келісейік, өйткені нәтижесінде оны орындаушыда жаңа білімдер мен шеберліктер қалыптасады немесе бұрыңғы білімдері мен шеберліктері жаңа сапаға ие болады»,- деп жазады.
Оқыту іс-әрекетінің әрбір түрі, өз кезегінде, біртұтас мотив пен біріккен және бірлескен түрде өздері құрамына кіретін іс-әрекеттің мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесінен тұрады.
Оқытуды талдау, берілген тапсырманы шешу үшін білім алушылар орындауы қажет іс-әрекетті анықтаудан басталуы тиіс; сонан соң оның әрекеттерін құраушыларды бөліп көрсетуге ұмтылу керек, ал соңынан - олардың әрқайсысының мазмұнын құрылымдық және функционалдық талдауға келу керек болып табылады.
Сонымен, бұл теорияның орталық буыны оқыту іс-әрекетінің бірлігі ретіндегі, адамның кез келген іс-әрекетінің бірлігі ретіндегі әрекет болып табылады. Әрекет деңгейінде біз осы теорияның талдауын жүргіземіз. Ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі, атақты психолог П.Я.Гальперин қалады.
Бұл теория психикалық процестер жайлы түсініктерді, теориялық, әксперименттік және қолданбалы аспектілерді түпкілікті өзгертті. Аталмыш тұжырымдамада адамның психологиялық өмірі багдарлаушы іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде қарастырылады, тек танымдық процестер ғана емес, субъектінің идеалды әрекеттері- сыртқы және ішкі әрекеттердің жоспарлары да сараланады. Бұл теория бойынша бағдарлаушы іс-әрекет субъектінің қажеттіліктері және қойылатын міндеттер арқылы меңгеріліп, жүзеге асырылады. Психиканы бағдарлаушы іс-әрекет ретінде түсіну зерттеудің дәстүрлі стратегиясын өзгертуге әкеледі. Психология ғылымында психикалық құбылыстарды бағдарлаушы іс-әрекет ретінде қарастырылатын мүмкіндіктер ұғынылған, мақсатты бағытталған, дамыған әрекеттердің көрінісі болып саналады. Ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптасу теориясында адамның психикалық өзара байланысқан жүйе ретінде төрт бөліктен тұрады. Қарастырылатын теориялар ішінде білімді меңгеру кезеңдері жайлы іс-әрекетті меңгеру кезеңдерінен бөліп айтуға болмайды. Білімдер заттың, құбылыстың, әрекеттің, материалды әлемнің бейнесі ретінде адам басында қандай да бір іс-әрекетсіз, жеке әрекетсіз болмайды. Іс-әрекет принципіне сай және әрекетті оның талдау бірлігі ретінде бөле отырып, біз сол арқылы ең басынан-ақ білімді әрекет құрылымына кіргіземіз. Әрекеттер объектісінің құрылымдық орнын ала отырып, немесе оның бағдарлық негізінің мазмұнына кіре отырып, немесе әрекет мақсатын құрай отырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет