Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Оқыту іс-әрекетінің психологиясы



бет14/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы

7 дәріс. Оқыту іс-әрекетінің психологиясы.
Оқу іс-әрекетін қалай қалыптастыру керек? Яғни бұл -әрбір студентті психологияны дұрыс оқуға үйрету. Алайда осы "дұрыс оқу" сөзінің мазмұнына не кіреді? Психологиялық аспектіде проблема былай көрінеді: "бұрын белгісіз болған, қатысушыларда бейсаналық түрде болып, оларда меңгеріліп, атақты болып, объективтіліктен субъективтілікке, материалдыдан идеалдыға айналуының себебі неде?". Бұл сұрақтың жауабы оларды дұрыс оқуға бағыт көрсетеді.
Отандық психологияда 50 жылдары бұл проблемамен П.Я. Гальперин мен оның шәкіртттері айналысып, олар ақыл- ой әрекетінің қалыптасу процесін зертттеуден бастаған болатын. "Адамның санасынан тыс болып келген сыртқы, қандай жолмен ішкі ақыл-ойға айналады, яғни оның санасының мүлкіне, оның ақылына тән болуы қандай жолмен жүзеге асады? "- деген сұраққа жауап іздеуде бірте -бірте бұл мәселеге қорытынды шығарылып, бұл П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс- әрекетінің қалыптасуының жоспарлы сатылық концепциясын құрады.
Бұл концепция кең жалпыпсихологиялық маңызға ие, себебі ол жоғарыдағы сұраққа жауап беріп қана қоймай, психология пәнін оқытуда бағыттаушы қызмет атқарады; жануарлардың психикалық дамуынан принципті ерекшеленетін адам психикасының эволюциясы туралы білімді; психикалық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын (қабылдау, ойлау, зейін т.б.) және олардың қалыптасу заңдылықтарын оқыту; сондай-ақ идеалды іс-әрекет пен образды т.б.сондай-ақ, психикалық іс-әрекеттің негізгі элементтерінің қалыптасу заңдылықтары туралы оқыту, яғни бұл ақыл- ой әрекеті мен түсініктің қалыптасуы туралы оқыту болып табылады. Ал бұл педагогика тілінде "білім- икем-дағдыны" білдіреді. Бұл психологиялық дұрыс оқытуды үйрететін қазіргі кезеңде қызығушылық тудырып отырған соңғы теориялық негіз болып отыр және әдебиеттерде оқу- "ақыл-ой іс -әрекетінің сатылық қалыптасу теориясы" ретінде танымал.
Осы теорияға сәйкес оқу саналы іс-әрекетті қалыптастыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады. "Саналы іс-әрекет - адамның практикалық, танымдық әрекетінің негізгі бірлігін құрайды, ол жеке тұлғаның тәжірибесінде бірнеше өзгерістер мен жағымды (немесе жағымсыз ) құрамын өзіне қосу арқылы қалыптасады."
Гальпериннің концепциясында оқу- қатысушыға жаңа білім мен қабілет беретін іс-әрекеттердің спецификалық түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл теорияны жақтаушылар оқудың мақсаты жұмыс туралы біліммен әрекет ету қабілеті деп санайды. Кез-келген оқу адамға "бір нәрсені істеуге" үйрету үшін қолданылады, ол ізденушіге іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалап, бағыттап, дәл, анық білім беруден бұрын, ол үшін нені қалай істеу керек, неліктен тура солай істеу керектігі туралы білім керек. Сонымен қатар маманға жүзеге асқалы жатқан іс-әрекеттің қайсы элементтері әрдайым кәсіби іс-әрекетті қатесіз жүзеге асыратын сенімді бағыт болатынын анықтай білуі қажет. Бұл бағыттырдың-элементтердің жиынтығы оқушыға бұл қызметтті оқып-үйренуде ең негізгі әрекеттің нысаналы негізі болуы тиіс. "Әрекеттің нысаналы негізі- бұл адамның әрекетті жүзеге асырудағы шынайы сүйенетін талаптардың жүйесі болып табылады. "Оқушы аталмыш әрекетті білмегендіктен, ол оған енді ғана үйрене бастағандықтан, оқытушы оқушының "қолына" іс-әрекеттің нысаналы негізін ұстатуы тиіс, осыдан кейін ғана оқушы осыған сүйене отырып, өзінің әрекетін орындайды. Басқаша айтқанда адам егер әрекеттің нысаналы негізін (ООД)- қатаң қадағалып, соның бастауымен жұмыс істесе, бұл аталмыш әрекетпен алғаш кездескен адамның өзі де қатесіз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Осы арқылы ол кез-келген жаңа жұмыс, жаңа қызмет түрі болсын, бұл тіпті тригонометриялық есептерді шығару болсын, хатты орфографиялық сауаттылықпен жазу немесе жаңа самолетті жинау немесе психологиялық құбылыстарды анализдеу болсын кез-келген әрекетке үйренісіп кете алады.
"Кез-келген адамның іс-әрекетінде ,-де жазды П.Я.Гальперин ,- нысаналы, атқарушы және бақылаушы бөлігі бар. "Оқушы оқытушы қамтамасыз ететін нысаналы бөлігіне сүйене отырып, оқушы оқу процесінде әрекеттің атқарушы бөлігінде оқиды.
Оқытудың нақты методикаларының негізінде жүзеге асырылған ақыл-ой әрекетінің этаптық қалыптасуының психологиялық концепциясы оқу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді: мұның нәтижесін оқушының қалыптасқан қызметін қатесіз орындау икемімен, оның басқалармен салыстырғанда уақыт (кейде тәртіп) жағынан әрдайым біршама ерте аяқтайды. Ал жиналған білімнің шыдамдылығы мен сапасы, икемі мен дағдысы басқалардан жоғары тұрады және негізгісі - бұл ешқандай қосымша материалдық, қаржылық, адами (кадрлық) ресурстарды қажет етпейді.
Оқу іс-әрекеті бүтіндей Элькониннің басшылығымен зерттелді. Зерттеу әдісі ретінде төменгі сынып оқушыларынның бүкіл оқу процесін қамтитын ұзақ уақыт қалыптасқан эксперементі алынды. Зерттеуді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныптарға зерттеу жүргізген.
Элькомин алғаш рет оқу іс-әрекетінің құрылымын толық алып көрсетті.
Ал Д.В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрасытырылған:

  1. Тапсырмадан, яғни оқу ситуациядан.

  2. Тапсырманы орындаудан.

  3. Орындаған тапсырманы тексеру кезеңінен.

  4. Баға қоюдан.

Әрекеттің құрылымдық сәттерін бөлшектеу және оның процесін анатомдау, оларды зерттеуде жүйелік бағыттың құрамдас бөлігін білдіретін, іс-әрекеттің құбылыстардың сапалық бірліктерін моножүйелік талдауды іске асырудың мәні бірінші тараудың көпбөлігін алады.
Іс-әрекеттің бөлшектік құрылымының анықтау бірнеше макрожүйе ретінде алынатын іс-әрекеттің полижүйелік талдауының өнімдерінің бірі ретінде қарастырылуы тиіс. Мұндай құрылу тек «алғашқы» іс-әрекеттердің ғана емес, сондай-ақ олардан жинақталатын біршама ірі іс-әрекеттің қалыптасудың сипаттамасы болып табылады. Әріқарайғы талдау сонымен қатар олардың әрқайсысы мамұнының мүмкін варианттарына да тең, мұндай жүйе бөлшектерінің мазмұнын ескеруді болжайды.
Біздің қызықтырып отырған іс-әрекетінде қолдануда, оның бірліктерін құрылымдық талдауынан басқа адамдың іс-әрекеттер жүйесіндегі орнын және оның олардан негізгі айырмашылқтарын қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет