8 дәріс. Дәрісті оқыту түрлері. Дәріс сабағында қолданылатын әдістер.
9 дәріс. Колледжде және мектепте сабақ оқыту формалары. Жобалау әдісі. Оқытуда пікір-сайыс ұйысдастыру және жүргізу әдістері.
10 дәріс. Психология ғылымын оқытудың мақсаты, әдістері және теориялық ерекшеліктері.
1960-1970 жылдар аралығында оқытудың түсіндірмелі – иллюстративті түрі практикада кең орын алып келгені бәрімізге белгілі. 1960 жылдың аяғында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту тұрғысында дидактика ілімінде жаңа бағыттар пайда болды. Оқытудың бұл түрі зертеушілердің пайымдауынша, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану білім сапасының деңгейін көтеруге ықпал етеді. Оқыту әдіс тәсілдері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдістерінің құрылымы өте күрделі. Оның мазмұндық құрылымын анықтағанда, ғалымдар ең алдымен атқаратын қызметін естен шығармау керектігін ескертеді. Оқыту әдістері, оларды дұрыс оқу мақсаттарына орай, бір-бірімен тығыз бірлікте, атқаратын қызметіне қарай қолданғанда ғана тиімділігі артады. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, мотивациялық қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес қолдана білудің маңызы зор. Мұны жүзеге асыратын тікелей субъект оқытушы екендігі, ең алдымен оның теориялық білімінің тереңдігі мен әдістемелік-кәсіби шеберлігіне байланысты.
Әдіс –«метод» гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әр түрлі топтаудың жүйесі қалыптасқан.Дидактика ілімінің көрнекті өкілдері И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқыту әдістерінің сипатына қарай 5 түрін ұсынады.
түсіндірмелі-көрнекілік әдісі: білімді «даяр» күйінде алу, яғни студенттер репродуктивті ойлау деңгейінде қалады.;
репродуктивті: үлгі, ереже негізінде оқу
проблемалық хабарлау, оқу материалын бере отырып, проблема қою, оқу іс-әрекетінің нәтижесін дәлелдей отырып,мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Бұл қазір кең қолданылып жүрген әдіс;
ішін ара -іздену немесе эвристикалық әдіс. Ойлау процесіөнімділік сипат алады. Үйренуші өз бетімен жұмыс жасайды және олар үнемі бақылауда болады;
зерттеушілік әдіс (оқушының өз бетінше шығармашылық-іздену әрекеті);
Белгілі ғылым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бөліп қарастырады;
оқытуды ынталандыру және уәждеу: танымдық ойындар, оқу ой толғақтары, пікірталастар, мадақтау;
оқу әрекеттерін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: сөйлеу, көрнекілік, практикалық индуктивті, дидуктивті, ұқсату, проблемді іздену, эвристикалық, зерттеу, реппродуктивті (нұсқаулар, түсіндіру, жаттығу), кітаппен өз бетінше жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |