Селективтi қызметi. Бiр ғана әрекет кем дегенде 2 мотив арқылы себептенiп, мотивтердiң бiреуiнiң әрекетi, екiншiсiнiң жетiстiгiне кедергi жасауы мүмкiндiгi.
Энергетикалық қызметi- интенсивтiлiгiн, орындау үшiн жiберiлген iс-әрекет субъектiсiнiң энергиясының санымен шарттануын сипаттайды. (Гальперин П.Я., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).
Мақсат құрушы қызметi- қажеттiлiктi мотивациялық сферадағы иерархия, мотивацияның мәндiлiгi мен мазмұны, мақсаттың ерiктi қалыптасуының құрылымын анықтаушы фактор ретiнде шығады.
30.Қиялдың жалпы сипаттамасы.
Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Қиялдың ғылыми техникада және көркем шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.
Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |