59.Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері
Балалар дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделіпроблемалардың бірі. Өйткені мектепте оқитын шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеп, мән-мағынасына толық түсініп алуы қажет.
Жеткіншек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардыңжанқасиеттерінекүрделіәсерінтигізетініндәлелдеген.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметке кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып оларға дәл және тиімді көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан әр психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы келгенінше толық қамтуға тырысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |