47.Қабілет жайлы жалпы ұғым.
Күнделікғті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс — әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
48. Қабілеттердің негізгі сипаттамалары
Бұл үрдіс әртүрлі деңгей-де өрістеп отырады. Он-ың алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.Қабілеттілікті жіктеу
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.
Қабілеттің дамуындағы нышандар
Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», — деп тұжырым жасайды.
Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |