Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология


Оқушылардың темперамент типтерін оқу-тәрбие үрдісінде ескеру



бет23/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы

46.Оқушылардың темперамент типтерін оқу-тәрбие үрдісінде ескеру.
Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп, дамиды. Бұл жәйтты И.П.Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жүйесі іс-әркеттің дамуымен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметтінде адамның шексіз- шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілетті және пластикалық төзімді қасиетті болады.
Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстардың тұрақты жүйесі оның қыллығына, іс-әрекетіне күрделі өзгерістер еңгізеді. Кісінің қоғамдық әлеуметтік көзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамытуына әсер етеді. Жеке адамның даралық өзгешілігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы орайда, біз темпераменттің жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялық ерекшелік екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкәрттердің психикалық дамуында олардың мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.
Темперамент типтерін, жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес. Өйткені, әр темпераменттің жарамды, жарамсыз, ұнамды,ұнамсыз сипаттары болатындығна көз жеткіздік. Мәселен, ұстамсыз тип холерикті шапашаң қимылдап, істі жігерлі атқаруға баулу флегматиктен онай. Ал, флегматикті салмақты, сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден жеңіл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қасиеттері, флегматиктің асықпайтын салмақтығы, холериктің жігерлігі, меланхоликтің ұзақ сақаталатын терең сезімі, темперамент типтерінің аса бағалы сипаттары болып саналады.
Темперамент ерекшеліктерінің ұнамды қасиеттерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жасатайынан тәрбиелеп, мінез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастыру отыру- ата-аналардың, ұстаздар мен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Сондай-ақ, тәлім –тәрбие істерінде балалар мен шәкіртердің бойындағы темперамент типтерін хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескеріп отырудың да маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет