Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология


Темперамент қасиеттері. Темпераменттің физиологиялық негіздері



бет21/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы

44.Темперамент қасиеттері. Темпераменттің физиологиялық негіздері
Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.
Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.


45.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.
Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет