40.Ерік туралы жалпы ұғым.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.
Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.
Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.
Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді.
41.Еріктің физиологиялық негіздері
Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, өткен тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында бұрын құралған жүйке байланысының екінші сигнал жүйесі толады. Ерік іс-әрекет жасау қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді, сөйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді, сондықтан адам, теледидар өте қызықты нәрсе беріп жатса да, оны көрмей, өзін жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Ерік әрекетінде тітіркендіргіш ретінде сөздің рөлі ерекше. Сөз адамға сырттан ықпал жасайтын сигнал болуы мүмкін (мысалы, мұғалімнің нұсқауы), бірақ ол көбіне адамның өзіне-өзінің ішкі талабы, өзіне беретін бұйрығы болып табылады. И.П.Павлов сөз тек қана еститін және көретін (оқыған кезде) нәрсе емес сондай-ақ, өзіңмен-өзің отырғанда, ойда айтылатын нәрсе, – деп текке айтпаған. Барлық жағдайларда бұлар еркін жауап әрекет үшін нақтылы қоздырғыш болып саналады. Сөйтіп қозудың тұрақты ошағы болған жағдайда адам алдына қойған мақсатына жетеді.
Біздің қимылдарымызды басқаратын ми жасушалары үлкен ми сыңарлары қыртысының басқа жасушаларымен әрқашан да байланысты болады.
43.Оқушылар еркінің дамуы
Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтиже-сінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланын желігін керсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие аркылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланын саналы әрекетке қабілеті жаттыгу нәтижесінде біртіндеп дамиды.
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар Kepi-Hie берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын да-мытып отыру. Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мә-нін түсініп, максат таңдайды, ниет-тілек таласын терен " түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отан-ды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланын адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамыту-мен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптас-тыруға тікелей ыкпал етеді.
Еріктің ұстаздар мен тәлімгерлердің, ата-аналардын, жалпы, ересектердін. мінез-кұлқындағы жақсы сапалары ескелең ұрпакка қашан да үлгі-өнеге болмақ. рухани тіршілігі мен жап дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.
Достарыңызбен бөлісу: |