37.Эмоцияның негізгі қызметтері мен қасиеттері.
Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық қозғыштық, эмоциялық албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады.
Эмоциялық реакциялардың индивидуалдық ерекшеліктері эмоциялық қозғыштық пен тұрақтылықты салыстырып байқағанда анық көрінеді.
Оларға тән арақатынас мына төмендегідей:
а) күшті эмоциялық қозғыштық, күшті эмоциялық тұрақтылықпен сәйкес келеді,
б) күшті эмоциялық қозғыштық, әлсіз эмоциялық тұрақтылықпен сәйкес келеді,
в) әлсіз қозғыштық, күшті эмоциялық тұрақтылықпен ұштасады;
г) әлсіз эмоциялық тұрақтылықпен ұштасады.
38.Сезімдердің психологиялық сипаттамасы.
Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, өмірге үйренуі, әдемі көріністерді тамашалау, табиғаттағы, көркемөнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Өзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды көріп куә боламыз. Мұндай адамдар өзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз.
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев.
Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл- ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |