Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология



бет16/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы

31.Қиялдың қасиеттері мен түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді.
Актив (ырықты) қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның шығармашылық әрекетімен байланысты түрі
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.
Қайта жасау –суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның бір нәрсені елестете алуы. Арман өз қалауымызша жаңа образдар жасау, өзіміз тілеген
келешекке бағытталған процесс Шығармашылық қиялөзіндік жаңа образдар жасау арқылы жаңа продуктылар беруде көрінетін қиял
Пассив (ырықсыз) – адам сергек қалпында да кездеседі, өз алдына ешбір мақсат қоймай, өз ойыны тізгінін босатқанда пайда болады.
Түс көру- ұйқыдағы мидың фантазиясы (өмірде ешбір көрмеген , ұстамаған, дәмін татпаған нәрселер түске кірмейді). Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады.
Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.


32.Сөйлеу туралы жалпы ұғым.
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілеті, қоғамдық тәжірибемен тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.
33.Сөйлеу және тіл.
Жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты: біреу сөйлейді, екінші біреу тыңдайды, сөйтір өзара ұғынысады. Сөйлеудің мұндай жеңіл көрінуі-оның үйреншіліктігінде , Тереңірек ойласақ, сөйлеу актісі өте күрделі құбылыс. Тіл мен сөйлеу аарасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, дарындылығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторға ға байланысты. Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой-сананың күрделене дамуы т.б. жатады.
Ф.де Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасыдеп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның объектісі – сөйлеу әрекетінің индивидуалдық жағы, ол – таза психофизикалық пән, бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қажет деп біледі.
Ф.де Соссюр «сөйлеу әрекеті» деген терминді де қолданады. Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу-сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы: Ол: «Тіл-сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас, маңызды бөлшегі ғана» деп жазады. бірақ де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет