Түрткіні А.Н.Леонтьев адамды іс-әрекетке талаптандыратын және оны басқаратын, қажеттіліктің нақты пәні ретінде анықтайды.
Қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, эмоциялық күші жағынан әртүрлі сәйкестену кейде аффектіге әкеп соғады.
Әрекеттер-шығарылатын мақсаттың көрінісі, нәтижеге жету процесі болып табылады. Мақсатты бөлу және олардың әрекетін қалыптастыру түрткі функцияларын ажыратуға әкеп соғады. Олардан бағыт және ниеттену функциялары бөлінеді.
Мақсат дегеніміз адамның іс-әрекетінің көздеген нәтижесі. Мақсат белгілі бір зат, құбылыс немесе әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі тәртіптерге сәйкес мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін,
алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң бұл білімді практикада пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.
Іс-әрекет пен белсенділіктің физиологиясы.
Адамның сезімі – мінез-құлқының сапалы мотиві, адамның іс-әрекетіне маңыздылық пен айқын бағыттылық және сезімдермен тығыз байланысты (адамгершілікке сену, құдайға сену). Маңызды мотивтердің бірі – идеал. Идеал – жеке адамның осы уақыттағы сенетін образы, соны басшылыққа ала отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жүзеге асыру. Санадан тыс түрткілер адамның (құмарту) ынтығу (асқа, жыныстық ынтығу) және бағдар. Адамның қажеті мен мақсатын жөнді сезе алмаған жағдайда бағдар болады.
Белсенділік - белсенділіктің қозғаушы күші құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пенқұштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік ,
биологиялық белсенділік , әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі.