Адамның іс-әрекеті – аса күрделі де көпқырлы құбылыс. Іс-әрекеттің жүзеге асыуында адамның иерархиялық құрылымының барлық: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік бөлшектері қатысады.
Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы.
Психологияның өзектi мәселелерiнiң бiрi мотивация және iс-әрекет мәселесiн және мотивтердiң шығу тегiн Х. Хекхаузен Мотивация және iс-әрекетң жұмысында қарастырған. Мотивация–бұл тұлғалық және iс-әрекеттiк жүйелердiң бiрiгуi негiзiнен пайда болған психологиялық ерекшелiк.
Адам iс-әрекетi мотивациясының ең маңызды мәселелерiнiң бiрi - оның қылықтарын себептi тұрғыдан түсiндiру. Психологияда осындай түсiндiру каузальдi атрибуция деп аталады.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады. Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. ...
Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. ... Адамның түрлі ситуациялардағы әрекет-қылығының себебін анықтайтын мотивациялық факторлары біртіндеп адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ене бастайды.
Мотивацияның психологиялық теориялары.
Каузальдi атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердiң 1958 жылы шыққан Жеке адам аралық қатынастар психологиясың деген еңбегiнен бастау алған. Осы кiтаппен бiрге баспада адам туралы ақпаратты көрсету қатарлылығының адамды тұлға ретiнде қабылдауға әсерiн анықтайтын адамдардың бiрiн-бiрi қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған.
Бiлiмнiң осы саласында Г.Келлидiң жеке адамдық құрылым - адамға әлемдi қабылдауға мүмкiндiк беретiн ұғымдар жүйесi болып табылатын тұрақты когнитивтi-бағалама құрылымдар-теориясы жөнiндегi жұмыстар үлес қосты.
Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз бiр адамның басқа бiр адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретiн мiнездемелерiнде жиi кездесетiн қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, ңақ - қараң, ңжақсы-жаманң).
Бiр адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелеуге болады. Ондай құрылымдар адамның мiнез-құлқын болжау, оны мотивациялық-когнитивтiк тұрғыдан түсiндiру (каузальдi атрибуция) қызметiн атқарады.
Мотивацияның Отандық теорияларында iс-әрекет пен жеке адам бiрлiгi принципi негiзiнде мотивтердiң келесi қызметтерi бөлiнiп сипатталған:
1.Мағына құрушы қызметi. Бұл қызметтi ең алғаш барлық iс-әрекеттiң анықтаушы негiзгi функциясы ретiнде Леонтьев А.Н. қарастырған
2.ңМен-әрекетң арасындағы мағыналық байланыстарды реттеушi қызметi (Рубинштейн С.Л., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).
3.Мотивация әсерiнiң белсендiлiгiн сипаттайтын қызметi (Божович Л.И, Рубинштейн С.Л., Леонтьев А.Н.).
Достарыңызбен бөлісу: |