Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер.
Ығыстыру санасызтүрде жасалады. Бейсаналық саласына «көшетін» мотивтер, күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.
«Анимус» ( рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның адамға проекцияланады.
Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналықта бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл –ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.
Жеке бейсаналық құрылымдық констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған ( мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу- билік кешені болады).
Психологиядағыіс-әрекет ұғымы. Іс-әрекеттің негізгі теориялары.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барасында өз психикасының түрлі жолдармен жарыққа шығарады. Мысалы; мектеп жасына дейінгі бала өз психикасын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.
Әрекет дегенімізтүрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілң мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені іс-әрекеттің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты кең. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Алам әрекеті сан алуан; ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланыста туып отыратындығы. А.Н.Леонтьев анықтаған іс-әрекеттің құрылымын былайша көрсетуге болады:Қажеттілік, Түрткі ,Әрекет.