Сократ сұхбаты, когнитивтік диспут, өз ойын бақылау, ұқсастықтар әдісі, өзін-өзі талдау (интроспекция)
Мінез-құлық психотерапияның техникалары
Шынайы өмірде науқас пікірінің негізділігін тексеру көрнекілігі мен иллюстрациясы мақсатында сирек қолдану.
Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, экспөзициялық терапия, әрекетті жоспарлау, көңіл аудару техникалары)
Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, шұғыл ескерту және т.б.)
Жеке бағдар
Тұлғаны кең диапазонда қарастырады, психотерапия үдерісінде жеке ерекшеліктер серпілісін есепке алады
Тұлғаның өзін-өзі жігерлендіруі негізнен ойлаудың жалған сипатының танылуы есебінен, өзін түзетуге жауапкершілікті өзіне қабылдаудан. «Когнитивтік осалдық» тұлға құрылысына жатады.
Тұлғаның өзгеруі интегративті түрде «ABCDE» кестесі бойынша жасалады.
Теоретикалық алғышарттар
Формалды және диалектикалық логикаға жету. Иландыруға деген жағымсыз қатынас
Эмоционалдық бұзылулардың теориясы, депрессияның когнитивтік үлгісі. Психикалық талдауға жағымсыз қатынас.
Дюбуаның рационалдық психотерапиясы, сезімнің мағынасына арналған Дежерин мен Гоклер жұмыстары.
Түсіну аппараты
Дәстүрлі медициналық, психологиялық, философиялық
Психологиялық ұғымдар басым
Психологиялық ұғымдар басым
Көрсеткіштер
«Ойлау түрінің» науқастары, ипоходрикалық жүйке төзуы, жабысқақ жағдайлар жүйке төзуы, психосоматикалық аурулар, әр түрлі фобийлер, ятрогениялар
Интроспекцияға бейімділігі бар, өз ойларын талдай алатын, депрессиялық генерализацияланған эмоционалдық бұзушылықтары бар науқастар
Психикалық аурулары жоқ жақсы дамыған сөйлеу ерекшелігі мен жеткілікті жақсы айқандалған ақыл-ойы бар науқастар
Өткізу нысаны
Топтық емес, жеке құпталады
Жеке
Жеке, топтық, өз-өзіне көмек
Рационалды психотерапияның (Р.П.) ең алдымен ауруға деген нөзологиялық көзқарасқа бағдарланған және өзінің қолданысына жеткілікті деңгейде көп көрсеткіштері бар интегративтік әдісі болып табылады. Рационалды-эмоционалдық психотерапия және когнитивтік — когнитивтік-мінез-құлық психотерапия — өз мәнінде рационалды психотерапия әдісінің нұсқалары болып табылады. Бұл көзқарас когнитивтік және рациональды-эмоциональдық психотерапиямен, сондай-ақ психотерапевтикалық емдеу мақсатына бірыңғай теориялық көзқараспен салыстырғанда, рационалды психотерапевтикалық әсер етудің неғұрлым жүйелілігі мен молдығымен негізделген.
Одан басқа бұл терапия идеяларына диалектикалық логика мағынасы салынған, бұның формальды логикаға жетуді қолданудан гөрі болашағы зор. Рационалды психотерапия әдістері жүйесінде жұмыс жасайтын психотерапевт логиканың жетістіктерін жақсы елестететіп, дәлелдеменің заманауи теориясын игеру керек. Науқастардың контекстуальдық дәлелдерге қарсылық білдірудің күрделілігін белгілеу қажет (дәстүр мен бедел, ішкі түйсік пен наным, саналы ой дәлелдері), яғни қарсылық білдіруге логиканы білудің арнайы білім қажет дәлелдер.
Аталмыш терапия нейролингвистикалық бағдарлау әдісімен де, кейбір бірдей ұқсас жағдайлары бар, бұл табиғи болып табылады, себебі ойлау және тіл негізінен бір-бірінен ажырамайды, өзінің терапевтикалық қатынаста бұл әдістер тек әр түрлі деңгейі мен ұйыту мәнімен, сонымен қатар нейролингвистикалық бағдарлаудың нейропсихологиялық аспектілерімен ажыратылады.