Психотерапия технологиялары


тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті



бет2/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
b231 3

1 тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
Жоспар.
1. Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.
2. Психотерапияның даму тарихы.
3. Психотерапия әдістерінің жіктелуі.
Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу).
Бастин (Bastine R., 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады.
П.Ледер (Leder S., 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия туралы келесідей ұғымдарды атайды:
1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;
2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде;
3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;
4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.
Штротц (Strotzka Н. Н., 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»
Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.
Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович (Aleksandrowicz J.W., 1979) болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:
1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;
2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;
3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.
Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет