Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.
Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың кеңеюі.Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.
Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».
Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.
Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.
Қашқақтау— «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.