Психотерапия технологиялары



бет1/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
b231 3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


А.Р. Жунусова




ПСИХОТЕРАПИЯ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Психология, Әлеуметтік жұмыс, Педагогика және психология мамандықтардың студенттеріне, орта кәсіби білім беру мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына және тәжірибелік психологтарға арналған оқу-әдістемелік құралы

Павлодар
Кереку


2010
ӘОЖ 159. 96 (07)
КБК 88. 3 я7
П 84


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Қ. М. Кертаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
А. Ж. Аплашова – психология ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, психология кафедрасының меңгерушісі.
Жунусова А.Р.
П 84 Психотерапия технологиялары: Психология, Әлеуметтік жұмыс, Педагогика және психология мамандық студенттеріне, орта кәсіби білім беру мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына және тәжірибелік психолог мамандарына арналған оқу-әдістемелік құралы / А. Р. Жунусова – Павлодар : Кереку, 2010. – 136 б.

Оқу-әдістемелік құралында «Психотерапия технологиялары» пәні бойынша оқу тақырыптары, тест материалдары, терминдер глосарийі, әдебиеттер тізімі берілген.


Оқу-әдістемелік құралы Психология, Әлеуметтік жұмыс, Педагогика және психология мамандықтардың студенттеріне, орта кәсіби білім беру мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына және тәжірибелік психологтарға арналған.

ӘОЖ 159. 96 (07)


КБК 88. 3 я7
© Жунусова А. Р., 2010
© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен


құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Пихотерапия - іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ сәйкес мәселелерді зерттейтін дәрігерлік және тәжірибелік психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке-психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөледі.
Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.
Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипнөз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет