Психотерапия технологиялары


ГИПНОТЕРАПИЯ (иландырып емдеу)



бет29/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
b231 3

ГИПНОТЕРАПИЯ (иландырып емдеу). Гипнөздық күйді емдеу мақсатында пайдаланатын психотерапияның әдісі. ГИПНОТЕРАПИЯ кең таралуы әр түрлі ауруларды емдеу кезіндегі тиімділігіне дәлел. Гипнөздың табиғаты туралы және оның медицинадағы қолдану әдістерінің ғылыми түсініктерінің даму тарихы К. И. Платонов (1962), П. И. Буля (1974), В. Е. Рожнов (1985), Катценштейн (Katzenstein A., 1971), Шерток (Chertok L, 1992) және т.б. авторлар еңбектерінде кеңінен ұсынылған. Иландыру мен гипнөз құбылыстары тығыз байланысты болғандықтан, П. И. Буль (К. И. Платоновтың артынан) «гипносуггестивтік психотерапия» терминін пайдаланған жөн деп санайды. Тәжірибелі мамандар ГИПНОТЕРАПИЯ нерв жүйкесінің түрлі ауруларын емдеуге, психикалық бұзулар емханасында, ішкі мүшелер ауруларында, акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде, хирургиялық араласуда (Гипнөздағы хирургиялық операцияны қараңыз) және тері ауруларында қолданады.
ГИПНОТЕРАПИЯ деген даусыз қарама-қарсы көрсеткіштер психөздардың сандырақ формалары (әсіресе науқас өзін «гипнөздалған» деп есептеліп, оны «гипнөздан шығаруды» өтінгенде) және есірік тұлғалардың гипномандық қалпы болып табылады. ГИПНОТЕРАПИЯ қолданғанда, науқастың гипнобельділік дәрежесін есепке алу керек, оның жоқтығында немесе төмен дәрежеде айқындалуы проблема болып табылады (кейбір авторлар гипнобельділіктің дамуын мүмкін деп санайды). ГИПНОТЕРАПИЯ алдында науқастың бұл әдіске деген қатынасы мен оынң тарапынан қауіпті болдырмау мақсатында әңгімелесу. Науқасты гипнөз қалпына кез келген әдіс арқылы кіргізгеннен кейін тиісті емдеу иландыру формулалары айтылады. Фразалар қысқа, түсінікті, мағынаға толы және емқателік әсер бермейтін болу керек, бір сеансының ұзақтығы әдетте 15-20 минут. Сеанстар саны 1-ден 15-ке дейін ауытқып отырады, бұл ГИПНОТЕРАПИЯ ауру жағдайы мен терапиялық әсердің сипатымен анықталады.
Сеанстар жиілігі – күн сайынғыдан аптасына 1 ретке дейін. Кейде бірнеше апта немес ай өткен соң, қайта курсын өткізу мүмкіндігі туады. ГИПНОТЕРАПИЯ жеке немесе науқастар тобымен өткізілуі мүмкін. Гипнотерапияның көптеген нұсқалары бар. Оны бөлшекті тәсілмен өткізуге болады (Кречмер бойынша сатылы белсенді гипнөз, Фракциялық гипнөзды қараңыз). Төмен гипнобельді науқастарға гипнөздық ұйқыны тереңдету мақсатында алдын ала ұйықтатқы құралдары берілу мүмкін (Наркогипнөз қараңыз). Гипнөзбен айналысатын психоаналитиктер, аналитикалық үдерісті жылдамдату есебімен есірткі заттарын қолданады (Наркоталдау (наркосинтез) қараңыз). Науқастың санасыз күйзелістері туралы әліметтер алуға гипнопсихокатарсис әдісі ықпал жасайды. Сондай-ақ гипноэлектрұйқы әдістері де бар, ол өзін-өзі иландыру мен гипнөздың үйлесуі және т.б. ГИПНОТЕРАПИЯ әдістерінің ішінде эриксондық гипнөз ерекше орын алады.
ГИПНОТЕРАПИЯ негізгі шиеленісу кезінде — раппорттың жоғалуы, ұстамалы аурулар, спонтандық сомнамбулизм, терең сомнамбуликалық гипнөздан гипнөздық литаргияға ауысу және т.б. (Гипнотерапияның теріс салдары (шиеленіс)). Бұл шиеленістер дәрігердің сабырлы күйінде, аурудың сипатын түсінген жағдайда, гипнөз техникасына жетік білген кезде ауыр салдарға әкелмейді. ГИПНОТЕРАПИЯ сәтсіздіктерінің себептері дәрігердің жалпы психотерапиялық көзқарастарды, рационалды психотерапияны, жаттығу тәсілдері мен нақты көрсетілген жағдайда психотерапияның басқа әдістерін елемеумен бір ғана гипносуггестивтік әдісін табанды қолданумен байланысты болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет