Психотерапия технологиялары


«Уақыт сызығымен» жұмыс жасау техникасы



бет21/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
b231 3

«Уақыт сызығымен» жұмыс жасау техникасы (timeline). Әдетте уақытты ұйымдастыру тәсілі дұрыс көз белгілері және оқу қағидаларымен келісіледі. Осылай, өткен сол жақта орналасады, неғұрлым оқиға алыс болса, соғұрлым сурет те жойылған болады. Болашақ оң жақта. Екі жақтағы суреттер басқа тәсілдермен оларды тез көріп оларды тез сұрыптай алатындай орналаса алады. Көптеген адамдар көзбен көретін жүйені оқиғалардың мерзімдік реттілігінің репрезентациясы үшін қолданады, бірақ басқа жүйелерде де кейбір субмодалды айырмашылықтар болуы мүмкін. Осылай, мысалы, бүгінгіге жақындастыру дәрежесі бойынша дыбыс күшеюі мүмкін, түйсінулер неғұрлым қарқынды болуы мүмкін және т.б.
Т. Джеймс (цит. по: О'Коннор Д., Сеймор Д.) өзінің «Жеке тұлға негіздері» кітабында екі негізгі уақыт сызығы түрлерін сипаттайды. Біріншіні «уақыттың жанында» немесе ағылшын-еуропалық уақыт түрі деп атаған, онда уақыт сызығы солдан оңға қарай жүреді: өткен бір жақтан, болашақ екінші жақтан, екуі де адамның тура көз адында тұрады. Екінші түрін «уақыт арасында» немесе араб уақыт түрі деп атады, онда уақыт сызығы «шаншып өтіп», оның бөлігі (әдетте өткен) артта қалып көрінбейтіндей болады, оны көру үшін артқа бұрылу керек. «Уақыттың жанында» типті адамдар уақыт туралы ретті, сызықты түсінігі болады. Олар өздері белгіленген уақытта келіп, өздері басқалардан дәл сондай нақтылықты талап ететін болады. Бұл уақыт сызығы бизнес әлемінде басым. Оның тілдік көрінісі «Уақыт-ақша» болып табылады. Бұл типті адамдар өткен өмірін ыдыраған суреттер ретінде сақтайды. «Уақыт арасында» типті адамдар алдындағы өткен немесе болашақ өмірден пайда түсіре алмайды. Олар әрқашан бүгінгімен өмір сүріп, олар үшін «уақыттың жанында» типті адамдарға қарағанда мерзім маңызды болмайды. Олар өздерінің уақыт сызығы және естеліктері ішінде жиі байланыстырған болады. Олар үшін болашақ «қазірдің» жалпы қатарына, сондықтан дереу әрекет етудің қажеті жоқ. Осындай уақытты қабылдау үлгісі шығыс, әсіресе араб елдерінде тараған, онда адамдар шекті мерзім дегенге жауапты қарайды, сондай-ақ бұл шығыс адамын қатты толғандырады. «Қате» уақыт сызығы болмаса да, олардың әрқайсысының ұйымдастырылуы адамның ойлары мен сезімдеріне әсер етеді.
Осылай, мысалы, егер өткен өмір тура көз алдында тұрса, ол әрқашан көз алдында болып, көңіл аудартады. Өткен өмірдің үлкен және айқын суреттері жақын болашақ жоспарынан «жойылуына» әкеледі. Сондықтан психотерапевт клиенттің уақыт сызығы қалай ұйымдастырылғаны туралы білу керек. Оны анықтау үшін клиентті қарапйым, қайталанатын әрекет жасауды өтінеді, мысалы тіс тазалау, жұмысқа бару немесе теледидар көру. Кейін клиентке осы қимылды бес жыл бұрын жасағанын еске түсірткізеді. Оған қоса, оның нақты және шынайы мысал болуы міндетті емес. Клиент бес жыл бұрын қалай жасағанын білгендіктен, ол бұл оқиғаны еске түсіре алады. Әрі қарай бұны апта бұрын жасағанын еске түсіруін сұрайды. Одан кейін басқа уақыт сызығы құрылады. Клиентті бұл әрекетті қазір жасаса, не болатыны туралы ойлануды сұрайды.
Кейін – аптадан соң, бес жылдан соң. Оған қоса, клиенттің сол кезде орналасу жерін елестетіні маңызды емес. Барлық оқиғалар әдетте визуалды қатармен (сурет, бейнефрагмент немесе тіпті кинофильм) жүзеге асырылады. Оның талдауы клиенттің уақыт сызығын ұйымдастыру тәсілінде субмодалды айырмашылықтарды анықтауға ықпал жасайды. Қажеттілігінше терапевт клиентпен бірге субмодалдық араласуды қолдана отырып, «уақыт сызығын» ұйымдастыруын өзгертуі мүмкін.
Жақсы құрылған нәтижеге жетуге қажетті ресурстарды түзетіп тексеру және анықтау кезінде «зәкір» техникасы қолданылады. «Зәкір» деп өткен өмірден ұқсастық бойынша ізделіп отыратын эмоциональдық күйзелісті іске қосып отыратын іске қосу стимулды (триггер) (тәжірибеге қолданған иттің сілекей бөлінуін шақыратын И. П. Павловтың зертханасындағы лампа іспетті) атайды.
НЛБ ізбасарлары «зәкір» тәрізділер әр адамның өмірінде таралғандығы соншалықты, біз олармен санасыз түрде пайдаланып жүрсек те оларды мүлдем елемейміз, (мысалы, бағдаршам белгілері, оятқыш дыбысы, сырлас иістер, ерекше жанасулар және т.б.). «Зәкірлер» пайдалы, сондай-ақ зиянды әдеттердің қалыптасуына қатысады, бұл мамандармен белсенді түрде жарнамада қолданылады. «Зәкірлер» екі тәсілмен пайда болады.
Біріншіден, бұл қарапайым және ұзақ қайталау арқылы жүзеге асады.
Екіншіден, олар қарқынды эмоциональдық күйзеліс шыңында пайда олады (мысалы, маңызды емтиханнан құлау нәтижесінде, оқытушының келбеті немесе емтихан билеттері үрей, ескерту ретінде фобийлер (қорқыныш) тудырады). Қайталау тек эмоциональдық еліктіру жоқ кезде ғана талап етіледі. Неғұрлым адам эмоциональдық еліктірілсе, соғұрлым оған байланыстарды бекіту үшін көп қайталаулар қажет. «Зәкірлерді» орнату және пайдалану кез келген сәтте ресурстарға деген жеңіл және тиімді қод жеткізілімділік алуға мүмкіндік туғызады. Ол үшін психотерапевт әдетте клиентті оған ауыр тиетін және түсініксіз кез келген өмірлік жағдятты алып, ондағы жағдаяттағы ресурстың қайсысын керектігін шешуді сұрайды. Кейін клиентті өміріндегі барлық күйзелістердің ішінен қажетті эмоциональдық күйді еске алып таңдауын сұрайды.
Мұндағы күйзеліс бір ресурстармен байланысы міндетті есем, бұл кез келген жағдай болуы мүмкін: сенімділік, батылдық, табандылық, клиенттің ойына ішкі түйсік бойынша келетіннің барлығы. Клиенттің «зәкірлерді» таңдаған соң, әр жүйеде терапевт оны максимальды түрде қайта құруға және ресурстық жағдаятты қайта сезінуді өтінеді. Ол үшін ол еркін түрде терапевттің кабинетіндегі барлық мүмкіндіктермен билей алады (оған ыңғайлы жерде қолайлы қалыпта отырып, терезені ашып не жабуға, музыка қосуға және т.б.). Кейде ол үшін клиентті қайтадан сол сәтте жасаған әрекеттер жасауды өтінеді.
Клиенттің күйзелістері «шыңға» жеткендігін психотерапевт сезсе (немесе клиенттің өзі бұл туралы белгі берсе), клиент өзі немесе терапевттің көмегімен барлық таңдалған «зәкірлермен» ресурсты бекітеді. «Зәкірлер» реттілігі маңызды емес, сараптама жолымен оңтайлы реттілікті таңдауға болады немесе оларды бір мезгілде қосуға болады. Ресурстық сезінулер әлсірей бастағанда, «зәкірлерді» алып тастайды. «Зәкір» рорнатылып бекітілгеннен кейін, клиентті ресурстық күйді тудыратын болашақ жағдаяттарға көз жүгіртуін сұрайды. Бұл «зәкірленген» ресурсты қолдану қажеттілігі туралы ішкі немесе сыртқы белгілерді анықтау мақсатында жасалады(мысалы, келбеттің ерекше бейнесі, дауыстың өзгеше шығуы, ішкі сұхбат және т. б.). Бұл сәтте орнатылған «зәкірді» қолданып, клиент бұл белгіні ресурстық күйдің триггеріне айналдырады. «Зәкірлерді» орнатуда екі стратегияның болуы мүмкін екендігін атап өту керек. Клиент ресурстарды жеке «зәкірлерге» »зәкірлеуі» мүмкін (мысалы, қолының әр саусағына), не болмаса мықты ресурсты «зәкір» болу үшін түрлі ресурстық күйлерді бір «зәкірмен» байланыстыра алады.
Соңғы стратегия ресурстарды «толтыру» техникасы деп аталады. «Зәкірлер» бір-біріне әкелетіндей болып тізбек ретінде байлануы мүмкін. Әр «зәкір» тізбегіндегі байланысты қамтамасыз етеді және келесіні бір нервтен екінші нервке жүгіріп тұратын дәл электрлік түрткі сияқты іске қосады. «Зәкірлердің» шынжыр болып тізілуі, әсіресе мәселелі қалып мықты болғанда пайдалы, ал ресурстық жағдай тым алыс. Бұл жағдайда терапевт клиентті тағы өзін ыңғайсыз сезінетін (мысалы, ренжіген) және бұл сезімді шақыратын белгіні ойлауды өтінеді. Белгі сәйкестендірілген соң, клиенттен қандай жағдайда (немесе жағдайлар) болуын қалайтынын сұрайды (тыныштық, қызығушылық, жеңілтектік). Бұл тізбекті құру үшін клиентте жоғарыда сипатталған техника бойынша тыныштық, қызығушылық, жеңілтектік жағдайларына «зәкірлер» бекітеді. Одан кейін клиентті бұзылу жағдаятына қайтарып, сәйкестендірілген белгі болғанда, орнатылған тыныштық «зәкірді», кейін оның әрекет ету шыңында – қызығушылық «зәкірін», соңында – жеңілтектік «зәкірін». Осыған ұқсас тізбек клиентке қажетті деңгейде бірнеше рет бұл байланыстар автоматтық болғанша жаттықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет