Психотерапия технологиялары


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет24/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
b231 3

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. НЛБ – ң негізін салушы.

  2. НЛБ –ң басымдық танытатын каналы.

  3. Модальдылықтың түрлері,

  4. НЛБ – ң белгілі техникалары.



Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.65-68.



9 Тақырып. Суггестивтік психотерапия.
Жоспар.
1.Жалпы сипаттама.
2.Иландыру. Өзін-өзі иландыру.
3.Гипнотерапия.
4.Куэ бойынша өзін-өзі иландыру.
5. Аутогендік жаттығу.
6. Биологиялық кері байланыс.
Лат. suggestio — иландыру. Бұл термин негізінде жетекші емдеу факторы иландыру немесе өзін-өзі иландыру болып табылатын әдістер тобын біріктіреді. Иландыру сергектену, гипнөздық ұйқы (гипнотерапия), нашақорлық ұйқы (наркопсихотерапия) жағдайында іске асады. Өзін-өзі иландыру әдістерінің ең атақтысы Куэ бойынша өзін-өзі иландыру, аутогендік жаттығу, биологиялық кері байланыс.
ИЛАНДЫРУ (И.) (лат. suggestio). Сыни бағалаусыз қабылданатын және жүйке-психикалық және соматикалық үдерістердің ағымына әсерін тигізетін ақпараттың берілуі. И. Жолымен сезінулер, түсініктер, эмоциональдық жағдайлар мен ерік түрткілер, сондай-ақ тұлғаның белсенді қатысуынсыз, қабылданатынның логикалық өңделуісіз вегетативтік қызметтерге әсерін тигізеді.
И. негізгі құралы сөз, иландырушы сөзі (И. жүргізетін адам). Ауызша емес факторлар (ишара, ым, қимыл) әдетте қосымша әсер береді.
И. әр түрлі жіктемесі ұсынылады: И. және өзін-өзі иландыру; И. тура немесе ашық, жанама немесе жабық; И. контактілі және аралық. Медициналық тәжірибеде И. тиісті тәсілдері қолданылады сергектік, табиғи, гипнөздық және нашақорлық ұйқы жағдайында.
Сергектік күйде и. дәрігердің науқаспен әр әңгімесінде айқындалған болады, бірақ дербес психотерапиялық әсер ретінде бола алады. И. формулалары әдетте науқастың жағдайы мен аурудың клиникалық айқындалу сипаты есебімен бұйырылып айтылады. Олар жалпы көңіл-күйдің (ұйқы, тәбет, жұмысқа қабілеттілік және т.б.), жақсаруына ғана емес, сонымен қатар жеке неврөздық белгілердің жойылуына да бағытталады. Әдетте И. алдында шын мәніндегі емдеу И. мәні туралы түсіндіру әңгімесі мен науқастың оның тиімділіген деген сенімі болады. Неғұрлым науқасқа И. жүргізіп жатқан дәрігер беделді болса, соғұрлым И. әсері күшті болады. Сондай-ақ И. іске асу дәрежесі науқастың тұлғалық ерекшеліктерімен, «магиялық» күймен айқындалуымен, ғылымға белгісіз құрал мен тәсілдер арқылы бір адамдардың екіншілерге әсер ету мүмкіндігіне сеніммен анықталады.
Табиғи ұйқы жағдайындағы и. ұйықтап жатқан балаға сөздерді айту арқылы И. В. Вяземский (1903), Бурдон (Burdon Ch., 1904) және т.б. қолданған. Ол ақырын, бірақ сендіретін дауыспен жасалады. Ұйқыны тереңдететін сөз орамдары іркіліспен қайталанатын емдеу И. кезектесіп отырады. Бір сеанста осындай И. 6 сериясы жасалады. Осындай әдіспен емдеу өте қиын, бұл ұйқымен онда суггестивтік әсер бола алмайтын бағдарлы реакциямен немесе өте терең ұйқымен айқындалған жеңіл оянуға әкелетін өте сергек, үстірт ұйқымен байланысты болады. Табиғи ұйқы кезінде И. қолданылуы фобийлерді және балалардағы есірік белгілерді емдеу кезінде кеңінен орын алды (қ. Перельмутер бойынша Сомнопсихотерапия). Бірақ бұл жағдайда гипнөздық қарым-қатынас түрі бойынша ұйықыдағымен қарым-қатынас жасалатынын ескертпеу керек.
Иландыру гипнөздық ұйқы жағдайында емдеу мақсатымен кеңінен таралған. Нашақорлық психотерпия әдісін қолданғанда И. емдеу әсері жасанды шақырылған есірткі ұйқы жағдайында іске асады. Нашақорлық психотерпия әдістеріне жақын газды қосынды мен шала тотық азотын психотерапевтік мақсатпен қолдануы жатады (қ. Газды қосынды мен шала тотық азоты арқылы нашақорлық психотерапия). Жанама И. соңғы кездері курорттық психотерапевттер жұмыстарында дамыған жанама және потенциалды түрдегі жанама психотерапия әзірлемесінің негізі болып табылады. Плацебо-терапия иландыру жанама түрі болып саналады, онда плацебо-препараты (лат. placebo — ұнаймын, қанағат етемін) тағайындалады – кез келген емдеу құралы ретінде қолданылатын зиянсыз препарат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет