Өзін-өзі иландыру (Ө.И.) — бір ойлар, тілектер, бейнелер, сезінулер, жағдайлардың өз-өзіне иландыру әдісі. Психотерапиялық тәжірибеде өзін-өзі иландырудың әр түрлі әдістемесін қолданады. Олар жиі бұрын ұсынылыған Куэ бойынша өзін-өзі иландыру әдістемесі болады (Coue E., 1928). Өзін-өзі иландыру психотерапияның басқа әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады (қ. Аутогендік жаттығу).
ӨЗІН-ӨЗІ ИЛАНДЫРУ.Өзін-өзі иландыру, немесе аутосуггестия, — бұл өз-өзіне бағытталған иландыру үдерісі. Ө. И. субъектіге өзінде сезінулер, әсерлер, зейін, жады, эмоциональдық және соматикалық реакциялармен басқаруға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі иландыру мәні И. П. Павлов бойынша ағзаның терең мүделлерін, оның бүтіндігі мен өмір сүруін айқындайтын басқа ми қабығы бөлімдерінің қатты тежелуімен бірге болатын бас ми қабығының белгілі бір бөлігінің жинақталған қөзуы болып табылады. Сондай-ақ ескерту ретінде Ө.И. кезінде ағзаның өлуі оның тарапынан ешқандай дене күресінсіз болуы мүмкін.
А. А. Ухтомский теориясы бойынша Өзін-өзі иландыру әсері қабықтың нақты учаскесінің жинақталған қөзуымен, яғни төмендетілген қабықтық тонус аясында қөзу ошағының пайда болуымен түсіндіріледі. Қабықтың осындай жағдайында ортаның шынайы әсеріне екінші белгілік еретін үдерістер басым болады.
В. Н. Куликов (1974) Ө.И. иландыру базасындағы филогенетикалық және онтогенетикалық жоспарларда құрылатынын атап айтады. Ең алдымен адамдар арасындағы интерпсихикалық қатынастар үдерісінде гетеросуггестия құрылады, содан кейін жеке тұлғаның басқа адамдарға иландыру қабілеті, жеке тұлғаның интрапсихикалық қабілеті болады. Бұл жағдай Л. С. Выготский және оның шәкірттері — А. Н. Леонтьев және т.б. психикалық қызметтердің пайда болуы туралы оқуына негізделеді.
Аутосуггестия кері афферентация және жеделдететін бейне механизмдерінде негізделеді деген пікір бар (Бернштейн Н. А., 1961; Анохин П. К., 1975, және т.б.).
Емдеу өзін-өзі иландыру әдісінің әзірлемесін отандық зерттеушілер енгізді. 1881 ж. И.Р.Тарханов ағзаның еріксіз қызметтеріне Ө.И. әсері туралы ең бірініші шынайы бақылаулардың бірін жариялады. Я. А. Боткин 1897 ж. соматикалық аурулар белгілерінің неврөздық белгіленуін күресіп алдын алу үшін науқастарға Ө.И. саналы қолдануды ұсынды. В. М. Бехтерев (1911), ө.и сергектік күйде емдеуді ұсынып, «ө.и ең қолайлы уақыты ұйқы алдында және оянудан кейінгі кезеңді» санады. Ол «әрбір жеке жағдайға өз атынан бұйырумен және болашақта емес бүгінгі күнмен айтылатын Ө.И. жеке белгілі формуласы әзірлену керек» деп санады. Ө.И. формулаларын сыбырлап «бірнеше рет.. сонымен бірге толығымен көңіл аударып» айту керек. В. М. Бехтерев неврөздық ауруларда Ө.И. тиімділігін бағалады, сондай-ақ үш тағанның үшінші бөлімі ретінде маскүнемдікті емдеу жүйесіне қосты (қ. Бехтеревтің психотерапевттік үш тағаны).
Аутосуггестияның белгілі тәсілдерінің бірі Куэ бойынша Ө.И. болып саналады. Өзін-өзі иландыру психотерапияның әр түрлі әдістерінің негізі (немесе емдеу әрекетінің маңызды механизмдерінің бірі) болып табылады: аутогендік жаттығу, биологиялық кері байланыс,медитация, йога, релаксация.
Өзін-өзі иландыру көптеген отандық және шетелдік психотерапевттер сәтті қолданды. Н. В. Иванов (1959) маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеуге арналған Ө.И. мотивацияланған әдістемесін әзірледі. Маскүнемдік туралы әңгімеден кейін психотерапевт 10-15 адам санымен топты гипнөзға батырып, емдеу мотивацияланған ұйытуға келтіреді. Аптасына 2 рет өткізілетін бірінші сеанстар тыныштандырады, сенімділік береді. 5-6 сеанстан бастап науқастарға күніне 2 рет 2-3 минутқа ерікті күш арқылы ұзақ күйде тартынуды сақтау шешімі тұрақты қасиетке айналуы туралы ойлар шегінде назарларын аударту керек: «Мен кез келген өзімді еліктіретін жағдайда белсенді және бұйыру түрде «жоқ» деф аламын.
И. К. Шхвацабая және т.б. (1983) гипертониямен ауыратын науқастарда жүйке бұзылуларын түзету үшін ең басты Ө.И. емдеу әрекетіне негізделген әдістемені ұсынды. Алдымен науқастар аутогендік жаттығулар кезінде сезілетін сезінулер («релаксация бейнесі») кешенін есте сақтауға үйретеді. Әрі қарай жаттығулар (дербес немес топпен) «релаксация бейнесін» көзбен көретін символмен байланыстыра алатындай құрылады, мұндағы символ ретінде симметрия орталығымен («релаксация пішіні») дұрыс геометрикалық фигура қолданылады. Эмоциональдық психикалық күш салу жағдайында науқас 1-2 минут бойы («релаксация пішіні») еске алып немесе елестетіп «релаксация бейнесін» жасайды.
Ө.И. емдеуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Тіпті ауыр жағдайларда түсініктеме көмектеспегенде, ал гипнөз және аутогендік жаттығулар жеткілікті әсер бермей, күрделі салдары болса, науқас алдағы ұстаманы сезсе, Ө.И. арқылы («Ұстама болмау керек!») «жылжытып» немес оны болдырмау мүмкін.