Ерікті байланыстар әдісі еркін ойға кездейсоқ түрде келіп, клиенттің кез келген күйзелісін айқындайтын ойларды жатқызуға болады.
Түстердің мағынасын ашу. Біріншіден, түс көру жарияланатын және жасырын (соңғысына «жабыраңқы, астарлы түрде ұсынылған күйзелістер» кіреді”) мазмұнды болып ажыратылады. Екіншіден, түс көру кезінде эго-қорғаныс механизмдер әлсіреп, санадан жасырынған күйзелістер өз көрінісін табатынының маңызы зор. Үшіншіден, түс көру — жабыраңқы күйзелістердің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың қабылдауға және өзін-өзі ұстауға болардық нысанға өзгеру үдерісі болып табылады. Түс көрудің дәл осы қызметін З.Фрейд «түс көру жұмысы» деп белгілеген.
Түсіндіру, яғни мағынасын ашу, талдауға үш процедура кіреді: эмоциялық сәйкестендіру (белгілеу), түсінік беру (жеке талдау) және клиенттің күнделікті өмір тіліне аудару.
Қарсыласу талдауы.Бұл техниканың негізгі қызметі — клиенттің өз эго-қорғаныс механизмдерін жете түсінуін қамтамасыз ету және дәл осы Эго қарсыласуы түрлі мәселелерді жете түсіну жолындағы негізгі кедергі болатынын есепке ала отыра, оларға қатысты қажетті конфронтацияны қабылдау. Қарсыласу талдауындағы маңызды жағдай оған төзу емес, өйткені психологиялық қорғаныс қажет, атап айтқанда, эго-қорғаныс қызметінің қажеті жоқ жерлерде бас жоқ, көз жоқ әрекет ететін, психологиялық механизм ретінде түсінуі.
Ауыстыру талдауы («трансфер»). Классикалық психоталдауда ауыстыру психотерапияның міндетті ерекшелігі ретінде негізге алынады және арнайы сарапшының ерекше ұстанымымен марапатталады (араласпаушылық, алшақтық, жабықтық). Талдау “ауыстыру неврөзы” — психотерапияның негізгі сәті, себебі белгілерді түсінуге жәрдемдеседі, сол белгілер клиенттің мінез-құлқы мен күйзелістерін өмірдің алғашқы бес жылдық эмоционалдық жаралармен байланысты қатынастар мен күйзелістер қосылатын психотерапевт фигурасы елес сияқты болатындай анықтайды. Ауыстыру талдауының мәні мінез-құлықтың белгіленген формаларының түпнұсқалық психикалық-эмоционалдық негіздерді табуда, олардың түсінігін ашуда, сонымен қатар оларды қайта өңдеу мен жоюға көмек көрсетуінде болады.