Психотерапия технологиялары


Психотерапевтикалық әсер ету



бет3/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
b231 3

Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. П. Ледер бойынша психотерапия туралы ұғымдар.

  2. Штротц бойынша психотерапия дегеніміз не?

  3. Б. Д. Карвасарский психотерапияны қандай әдістерге жіктеген?

  4. Психотерапевтикалық әсер ету деген не?

  5. Психотерапевтің мақсаты.



Әдебиет

  1. Авдеев Д.А., Невярович В.К. Наука о душевном здоровье: Основы православной психотерапии. — М., 2001.

  2. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта. — 3-е изд. / Пер. с англ. и общая редакция М.Р.Мироновой. — СПб., 2001.

  3. Лоуэн А. Терапия, которая использует язык тела (биоэнергетика). — СПб., 2000.

  4. Минделл Э. Психотерапия как духовная практика. — М., 1997.

  5. Ялом И. Теория и практика групповой психотерапии / Пер. С.В.Жужанавы и М.Р.Мироновой. - 5-е изд. - СПб., 2000.



2 тақырып. Психодинамикалық психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы, негізгі ережелері, мақсаттары.
2. Психолог-кеңес берушітың рөлі.
3. Талаптар және клиенттен күту.
Психотерапевтикалық әдісті Фрейд (Freud S.) зерттеген. Санасыз психикалық үдерістер мен олардың талдауына қолданылатын психотерапевтикалық әдістері туралы түсінік негізгі ұғым болып табылады.
Психологиялық талдау психотерапияның ең қарқынды және формасы бойынша қатаң түрі. Пациент психоаналитикке аптасына 3-5 рет барады; емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін. Клиент кушеткада жатады және оның артында отырған психоаналитикті көрмейді. Пациент еркін ұқсатуға талпынады, яғни бастапқы түп тамырдан шығатын ойлар қөзғалысын бақылау үшін, басына келетіннің барлығын айтқысы келеді; сондай-ақ түс көрулері мен психотерапия үдерісінде пайда болатын тасымалдау сезімі туралы айтады.
Психоаналитикке науқастың өз сезімі мен ойларын білдіре білгендігі, айқындалған репрессиясыз психологиялық тұрғыдан қалыпты болып, психоаналитикпен жасалатын эмоционалдық шиеленіске төзу, тұрақты психотерапевтикалық альянсқа деген қабілеттілігі маңызды.
Психологиялық талдау мақсаты дерттік қорғаныстың азаюы арқылы мінез құрылысын қайта құру болып табылады. Психологиялық талдау нәтижесі жетілген тұлғаның қалыптасуы болу керек. Психологиялық талдау жүйкесі төзған, жеке тұлғаның бұзылуы, сексуалдық бұзылулары бар пациенттерге қолданылады.
Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы Фрейд (Freud S.) және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде, психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды.
Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының анализіне ерекше мән берілді. Психологиялық талдаудың дамуы мен ауруларды емдеу мерзімінің арту дәрежесі бойынша оқуға деген талаптар да өсті. 1932 ж. Висбадендегі психоаналитиктер конгресінде Халықаралық тренингтік комитеті құрылды және супервизорлар бақылауында 2 аурудан кем емес әрі қарай психоаналитикалық психотерапия өткізумен 1,5 жылдан кем емес мерзімінде жеке анализдің ұзақтығы белгіленді. 1947 ж. Психологиялық талдау Лондон институты оқыту мерзімін белгіледі – 4 жылдан кем емес жеке тренингті өткізу, ал кейін 2 ауруды 3 жыл бойы супервизия және теоретикалық оқыту жағдайында ұстау. 1937 ж. Фрейд психотерапевттің жеке анализін әр 5 жылда қайталап отыруын ұсынды.
1994 ж. Халықаралық психоаналитикалық ассоциация принциптеріне сәйкес Психологиялық талдау Шығыс-Еуропа институтының Ресей психоаналитикалық ассоциацияның, Орыс психологиялық талдауының Қайта өрлеу фонды және Психоаналитикалық медицинаның Мемлекеттік бөлімшесінің бірлескен шешімімен «Психоаналитиктерді дайындаудың (сертификация) ресейлік стандарты». Бұл стандарт келесіні анықтайды:
1) алдыңғы жоғары білімнің болуы;
2) 1132 сағаттан кем емес нұсқаулық сабақтары кіретін ең аз дегенде 4-жылдық теориялық және тәжірибелік дайындығы (клиникалық аналитиктерге — 2-жылдық қосымша курс қосылады);
3) жеке анализдің ең аз дегенде 100 сағаты;
4) екі немесе екі оқытатын аналитиктермен (супервизорлар) ең аз дегенде 100 сағат бойы жұмыс жасалған ең аз дегенде екі (бір қысқа және ұзартылған) өзіндік оқиғасы бар тәжірибе (сипаттама);
5) өзіндік супервизорлық тәжірибенің ең аз дегенде 300 сағат көлемінде болуы.
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар: араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; «ауыстыруға» және «контртасымалмен» жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады.
Классикалық психологиялық талдауға төмендегі бес базистік техникасы кіреді:
а) ерікті байланыстар әдісі;
ә) түстердің мағынасын ашу;
б) түсіндіру;
в) қарсыласу талдауы;
г) ауыстыру талдауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет