- Транквилизаторлар ОЖЖ әрбір бөлігіне лимбиялық жүйеден бастап ми қыртысына дейін тежегіш әсер көрсетеді, олардың өзара байланысын бұзады. Сонымен қатар, спиналдық рефлестерді басады, бұлшық еттердің релаксациясын шақырады.
Транквилизаторлардың негізгі фармакологиялық әсерлері - 1.Анксиолитикалық әсер – қорқыныш сезімді, үрейді, эмоциялық қозуды басу
- 2.Тыныштандырғыш әсер
- 3.Ұйқы шақырады (ұйқының құрылысын бұзбайды)
- 4.Қаңқа бұлшық еттерінің релаксациясын шақырады
- 5.Тырысуға қарсы әсер көрсетеді.
- 6.Ұйықтатқыштардың, наркозға араналған заттардың әсерін жоғарлатады
- 7.Кейбір ТК – лар тәждік қан тамырларды кеңейтеді, мидың қан айналымының жақсартады.
Қолданылуы: - 1.Невроз және невроз тектес бұзылыстар
- 2.Премедикация үшін анестезиологияда
- 3.Ұйқы бұзылыстарында ұйықтатқыш ретінде
- 4.Эпилепсияда
- 5.Әр түрлі генезді тырысуларда
- 6.Нейрогенді функционалды бұзылыстар – гипертониялық ауру, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында
Тыныштандырғыш заттар - Тыныштандырғыш заттар 2 топқа бөлінеді:
- 1.Өсімдік тектес
- Дәрілік шүйгін шөп (валериан препараттары)
- Сасық шөп препараттары
- 2.Синтетикалық заттар
- Натрий бромиді
Тыныштандырғыш заттардың әсер механизмі: - бас миының қыртысында тежелу үрдісін күшейтеді және қоюлатады. Олар тітіркенуді төмендетеді, көңіл күйді жақсартады.
Қолданылуы - неврозда, невроз тектес жағдайларда
- неврастенияда, истерияда
- Валериана препараттарының спазмолитикалық әсері бар, ЖҚТ жүйесінің ауруларында, АІЖ спазмында, қалқанша безінің гиперфункциясында қолданылады.
Жанама әсерлері: - ұзақ қолданғанда созылмалы улану дамиды (бромизм құбылысы): конъюктивит, бронхит, іш өту, теріде бөртпе, ұйқышылдық, есту және көру төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |