ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМК құжатының 3-деңгейі
|
ОӘК
|
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
ОӘК
ПУМ«Аксессуар және декор»
пәнінен оқу - методикалық материалдар
|
№1 басылым
10.01.2013
|
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ПУМ « Аксессуар және декор»
5В012000 – « Кәсіптік білім» мамандығына
ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
№1 басылым 10.01.2013
|
|
Мазмұны
1 Глоссарий
|
|
2 Дәріс
|
|
3 Тәжірибелі сабақ
|
|
4 Курстық жоба
|
|
5 Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 4 из
|
ГЛОССАРИЙ
Қиып жапсыру (аппликация)- жабыстыру немесе қиыстыру арқылы
орындалған көркем шығарма.
Ермексаз -саз балшықтаң, майдан және басқа қоспалардан
дайындалған, жасанды жұмсақ масса.
Гобелен - сурет салып тоқылған кілем Париждік
бояушылардың атымен аталған.
Коллаж - әр түрлі маталарды жапсыру арқылы
орындалған көркемдік жұмыс.
Икебана - кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы
орындалған көркемдік жұмыс.
Дизайн - заттардың көркемдік үлгісін жасау.
Мүсін өнері -латынша кесу, шабу,жөну деген мағынаны
білдіреді.
Мүсін - кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
Рельеф -бедерлі мүсін.
Барельеф - жартық бетінде аз мөлшерде шығып тұратын
жазық бейне.
Горельеф - жазықтық бетінен аз көлемінің жартысынан
көп бөлігі шығып тұрса.
Форма - нәрсенің сыртқы пішіні.
Эскиз - жобалық сурет.
Композиция - латынның ою- өрнек бір заттың беттіне
реттеп орналастыру.
Батик - матаға бояумен салынған сурет.
Бисквитті қамыр - көтеріліу үшің шайқаған белок қосылады.
Бланшірлеу - аз уақытта (1-6минутке дейін) қайнаған су мен бу мен өңдеу шикізаты.
Жейде - кеудуше. - Ол жеңді, жеңсіз, түймелі және түймесіз болады, дененің үстінгі жартысын жауып тұратын киім түрі.
Вискозды мата - ағаш талшығы (шыршалы) мен химиялық заттан жасалған.
Күйдіру - қызған затпен белгі, сурет өрнегің салу.
Өндіру - бір өнімнің жасалуына кеткен уақыт мөлшері.
Гигиеналық талап - киімге сай бағыттаоған талап. Яғни киім адам денесіне ыңғаылы, жайлы болуы жұмсақ, жеңіл болуы.
Гиматий - ерлердің грекше жоғары жабыны (төртбұрышты плащ).
Тігін өндірісіндегі негізгі технологиялық дайындауды оқудағыбасты мақсат - оқушылардың жағалы және белді заттарды өз бетімен тігуді үйренуді деген сөз.
Екі қатар тігіс - тарқатылған мата мен ішкиімдерді тігуге қолданатын тігіс.
Дымдау - дайын болған бұйымның тігістерін жатқызу үшін сулау.
Сәндік гүлді өсімдіктер - өсімдіктің азғана тобы, сәнді тиімді гүлдендіру үшін өсірілетін.
Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар
№1 тақырып: Кесте түрлері
Сабақтын мақсаты: Кесте түрлері жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.
Қыскаша мазмұны:
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі
Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиїаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1.Кесте түрлерің ата?
2.Тор тігісі қайда кездеседі?
3.Рококо тігісінің тарихы?
№2 тақырып: Текстиль материалдардан аппликация орындау. Сюжеттық аппликация орындау.
Сабақтын мақсаты:Материалдар жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.
Қыскаша мазмұны: -қағазбен қатырмақағаздың өндірілуі, түрлері мен қолданылуы;
-маттатану табиғи, мал өнімдерінен өндірілетін, химиялық және аралас талшықтар;
- мүсіндеу
-металл туралы түсінік
-ағашты өндеудің тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.
Түрлі материалдармен еңбек іс- әрекеттерінің өзгешеліктері.
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Мүсін. Қазақстанның ежелгі мүсін ерекшеліктері. Осы заманғы мүсін. Шағын көлемді мүсін. Ұзақ пластика. Көлем, форма, пропорция, пластика. Бастауыш сыныптардағы мүсіндеудің әдістері. Сюжеттік мүсіндеу. Мүсіндеу құрылымдарының мақсаттары мен міндеттері. Мүсіндеудің мазмұны. Ежелгі дүние мүсіндері. Қазақстанның мүсін ескерткіштері. Қазіргі заманғы мүсіндеу. Мүсіндеудің айшықты құралдары - көлем, форма, пропорция, пластика.
Қиып жапсыру үшін пайдаланатын материалдар. Олардың түрлеріне тоқталу. Қиып жапсруды орындаудың реті. Эскизін құрап үйрену. Қиып жапсырудағы көлем. Тоқыма материалмен жұмыс. Қолмен тігумен, тігістерді орындаудың техникасы. Қолмен кестелеудегі тігістердің түрлері. Қолданылуына сәйкес тігістердің түрлері: біріктіру, қосу, әсемдеу болып бөлінеді. Матадан қиып жапсыру технологиясы.
Папье –маше. Папье –маше үшін форма жасау. Бұйымдарды формалаудың технологиясы. Жазық және көлемді формадағы папье –машені желімдеп шығу, тазалау, бояу, лактеу. Оригами. Сабаннан жасалынған ойыншықтар. Сабан мен жапырақтан қиып жапсыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1 Қағаздың түрлері?
2 Оригами қағаздың өнделу тарихы?
3 Қатырма қағаздың негізгі түрлері?
4 Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?
№3 тақырып: Жұмсақ ойыншық. Жұмсақ ойыншықты дайындау.Өндеу.
Сабақтын мақсаты:Қазақ халқының сәнді қолданбалы өнерімен танысу , сабақтарда білімдерін пайдалану.
Қыскаша мазмұны: "-Өнерінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында" - дегеніміздей, ойыншық тігу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындьшарынан қолдануға болады. Шаруаға асатын дүниені кесіп білдірудің қажеті шамалы. Ескі матаны, басқа да ұсақ-түйекті алдын ала тазартып, жуып-шайып алса болғаны. Мұндай іске кірісу үшін ең алдымен жұмыс барысында кәдеге асатын заттар мен құрал-саймандардың бәрін жинақтап алған жөн. Мысалы, алюминий сым, ойыншыққа беріктік үшін қажет. Енді бір естеріңде болатын нәрсе сақтық пен тазалық жайы. Инемен тігіс тіккенде оймақ қолдану керек. Қырқып, кесуге алмас қолдануға болмайды. Өздерін жоспарлаған ойыншықтын сызбасын сызып алу керек. Содан кейін шетің көмкерлеп тігіп,іш-құысын керексіз мата,мақтамен толтыру қажет.Сонғысында көркем жұмысын жүргізу қажет.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1. Ою- өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері?
2. Қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіз, атап беріңіз.Қазақстан қолөнер көркем шығармаларын ерекшеліктеріне байланысты әңгімелеп берініз
3. Дизайн өнері не білесіздер, әңгімелеп беріңіз
№4 тақырып: Макраме.Макраме түйіндері.Макраме жұмыстарын орындау.
Сабақтын мақсаты:Макраме түйіндерімен танысу,тоқу әдісің менгеру.
Қыскаша мазмұны: Макраменің өрлеуі біздің заманымызға дейінгі 9 ғасырға жатады. Осы уақыттан бастап макраме зерттеле бастаған. Теңізшілер макрамеден алқа,көздер,тұмарлар тоқып,алыс елдердегі достарына берген. 14ғасырда теңізшілер өздерінін өнерлерін Испания,Үндістан,Қытай елдеріне таныстырған. Мадридта болған кездесуде табылған суреттерде сол кездегі өрнектер мен түйнектер белгіленген. Сол уақытта Италияда макрамелердің атағы шыға бастаған. Макрамемен төсек жапқыштарды,шілдерді,киімдерді өрнектеген. Сол кездегі бірінші рет макраме мектептері ашылған. Туринда.Валентина Кавандалина 5-6 жастағы балаларға макраме тоқуға үйрететін мектеп ашқан. Ол макраменін жаңа түрін ойлап тапқан,ол макраме қазіргі кезде «Кавандали» деп аталады. Бұл әдіс екі түрлі жіппен түйнек жасағанда қолданылған. Макрамені суретшілерде өз жұмыстарында қолданған. Ең бірінші рет Сандро Ботичели өз суреттерінде макрамені қолданған. Сандро Ботичели өзінін «Поклонение волхов» деген суретінде қалпақты макрамемен бейнеленген. 17 ғасырда макраме Италиядан солтүстік Еуропаға және солтүстік Америкаға тараған. Сол уақытта ғана макраме Англияда атақты бола бастаған. Еуропадағы сәнгерлер киімдерін түйнектермен көркемдеген. Үлгішілер әр түрлі музыкалық аспаптарға қаптар,перделер жасаған. Олар макрамені алтын түсті жіппен тоқыған. Макрамелер өшкен жоқ,олар тек қана өсе бастады,аттары да өзгерді. Әр түрлі уақыттарда макрамелер әрқалай аталған:төрт бұрышты тоқыма, түйнекті жаға,мексикалық жаға,түйнекті бахрома. Тек қана 19 ғасырда бұл өнер макраме деп аталған. Макраме түрікше аударғанда «макрама», ал арабша «миграмах» деп аталған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1. Макраменің өрлеуі қай ғасырға жатады
2. Макраменің ең негізгі түйіндерін ата
3. Қандай бүйымдарды тоқуға болады
4. Керекті құралдар
№5тақырып: Көркем тоқыма.Біз және ілмекпен тоқу.Тоқыма жұмыстарының технологиясы.
Сабақтын мақсаты:Тоқыма негіздерімен танысу,ою-өрнек түрің үйрену,жұмыстарды орындау.
Қыскаша мазмұны:Тоқыма түрлері өте көп.Мүмкіншілікке қарай қарапайым түрлерің үйренеміз.Қажетті құралдар:тоқыма жіптері,біздер,қайшы. Еңбекке баулу сабақтарының тақырыбы, құрылымы, өзіндігі (балалар ұжымын үйымдастыру, жаңа материалды түсіндірү (нұсқама), тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс), орындалған жұмысты талдау және бағалау). Оқушылардың практикалық әрекетін ұйымдастыру. Сонымен қатар шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау, қауіпсіздік техникасын, санитарлы–гигиеналық талаптарды сақтауын қадағалау.
Еңбекке баулу сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1. Тоқыма түрлерің ата
2.Он және теріс тоқу әдісін айырмашылығы
3.Жейде тоқу әдіс реті.
№6 тақырып: Құрақ құрау.Құрақтан жұмыстарды орындау.
Сабақтын мақсаты:Құрақ құрау әдістерін меңгеру,тәжірибе қолдану.
Қыскаша мазмұны:. Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, еудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық – қазақтарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді.
Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарасың. Көгілдір аспан астындағы жасыл жайлауда ақ шаңқан киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары, ақ қызғалдақтар жайқалған, жусанының иісі мұрын жарған дархан далада мал жайып, күміс көлдерде шомылып, құстардың үнін естіген қазақ халқы соның бәрін ою-өрнектер, құрақтар арқылы-ақ қандай шебер жеткізе білген десеңші. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.
Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлтжандылығын ғана танытып қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Және де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Қысқы «Азияда» күндерінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувенирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көргенімізде біз сондай ойға келдік. Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
1.Құрақ деген не,ол қлай жасалады
2.Қазақ халқының қолөнері туралы не білесіндер
3.Құрақтың қандай түрлерін білесіндер
Тәжірибелік жұмыстар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар
№1 тақырып: Кесте түрлері
Сабақтын мақсаты: Кесте түрлері жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Бір түсті маталар
2.Мулине жіптер
3.Қайшы
Студентерге тапсырма:Кестемен мини пано орындау
№2 тақырып: Текстиль материалдардан аппликация орындау. Сюжеттық аппликация орындау.
Сабақтын мақсаты:Материалдар жөнінде мағлұматтарды білу,сабақтарда білімдерді пайдалану.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Түрлі- түсті маталар,былғары
2.пва-клей
3.Қайшы
Студентерге тапсырма:аппликациямен жұмыс орындау.
№3 тақырып: Жұмсақ ойыншық. Жұмсақ ойыншықты дайындау.Өндеу.
Сабақтын мақсаты:Жұмсақ ойыншық жасау технологиясымен танысу , сабақтарда білімдерін пайдалану.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Түрлі- түсті маталар,былғары
2.пва-клей
3.Қайшы,ине-жіп
Студентерге тапсырма:Жұмсақ ойыншық орындау.
№4 тақырып: Макраме.Макраме түйіндері.Макраме жұмыстарын орындау.
Сабақтын мақсаты:Макраме түйіндерімен танысу,тоқу әдісің менгеру.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Жастықша
2Жібек жіптері
3.Қайшы,инелер
Студентерге тапсырма:Кішігірім жұмыстарды орындау..
№5тақырып: Көркем тоқыма.Біз және ілмекпен тоқу.Тоқыма жұмыстарының технологиясы.
Сабақтын мақсаты:Тоқыма негіздерімен танысу,ою-өрнек түрің үйрену,жұмыстарды орындау.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Жастықша
2Жібек жіптері
3.Қайшы,инелер
Студентерге тапсырма:Кішігірім жұмыстарды орындау..
№6 тақырып: Құрақ құрау.Құрақтан жұмыстарды орындау.
Сабақтын мақсаты:Құрақ құрау әдістерін меңгеру,тәжірибе қолдану.
Әдістемелік нұсқау(керекті қүралдар)
1.Түрлі- түсті маталар
2. жіптер
3.Қайшы,ине
Студентерге тапсырма:Құрақ құрауды орындау.
Сұрақтар мен бақылау түрлері тақырыптарының тізбесі.
1 Еңбекті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері?
2 Тоқым түрлерін ата?
3 Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?
4 Тұрмыстық еңбеқ негіздері?
5 Дизайн түрлері? Қағаз пластикасы.
6 Қағаздың түрлері?
7 Оригами қағаздың өнделу тарихы?
8 Қатырма қағаздың негізгі түрлері?
9 Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?
10 Жапсырмалаудың түрлері?
11 Түрлі-түсті қағаздан қандай үйлестіру істеуге болады?
13 Үйлестіру қандай пішіндерден құралған?
14 Папье- маше технологиясы?
15 Әр түрлі заттармен жұмыс істеу (пластмасса, фанера, күйдіру әдісі).(Бросовый материал).
16 Бисермен жұмыс?
17 Ұсақ моншақтан панно дайындау технологиясы?
18 Коллаждың тарихы. Коллаждың жасау техникасы?
19 Қол өнер. Тоқыма.
20 Гобелен дегеніміз не?
21 Батик дегеніміз не? Батиктың технологиясы.
22 Мүсін өнері қандай бөлімдерге бөлінеді? Анықтамасы.
23 Сәулет өнері дегеніміз не? Сәулет өнерінің түрлері.
24 Ою- өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері?
25 Мүсіннің қандай түрлерін білесіз, атап беріңіз.Қазақстан мүсіншілерінің көркем шығармаларын ерекшеліктеріне байланысты әңгімелеп берініз
26 Дизайн өнері не білесіздер, әңгімелеп беріңіз
27Перспектива заңдылықтары қандай түрге бөлінеді
28 Пропорция дегеніміз не?
29 Көкжиек сызығы дегеніміз не?
30 Триптих дегеніміз не?
31 Табиғи материалмен жұмыс.
32 Сабаннан істеу технологиясы.
33 Зергерлік бұйымдар.
Әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.
2. «Еңбекке баулу» бағдарламалары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2003.
3. «Еңбекке баулу» оқулықтары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2001-2004.
4. Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.
5. Өмірбекова М. Энциклопедия. Қазақтың ою өрнектері. - А.,2005.
6. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.
7. Сатканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі (1-4 сыныптар). А., 1995.
8. Төленбаев С., Өмірбекова М. Қазақтың ою- өрнектерінің жасалу жолдары. - А.,1993.
9. Марғулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство.Том 1,2,3 - А.,1994.
10.Выгонов В.В. Практикум по трудовому обучению. - М.,1999.
11.Конышева Н.М. Методика трудового обучения младших школьников. -М.,1999.
12.Геронимус Т.М. Урок труда. «Я все делаю сама» : учебно методический комплекс по трудовому обучению для учащихся 1-4 классов.- М.,1998.
13.Рик Бич. Оригами. – М.,2005.
Достарыңызбен бөлісу: |