Бұл диктант өтіліп отырылған грамматикалық материалға байланысты және сөздер мен сөз тіркесін қатесіз жазу үшін жаздырылады. Берілген мәтін ішінен өтілген ережеге байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін теріп жазып, оған талдау жасалады. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытуға көмектеседі.
Сөздік диктантын жазғанда оқушылар жеке сөздердің мағынасымен таныса отырып, жаңа сөздерді игереді. Бұл диктантты жаздыру үшін мұғалім мәтін таңдайды, онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық мағынасынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударады.
Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді (көру, есту, түсіндіру т.б. ) қолданады. Сондай-ақ сөздік диктанттың күнделікті сабақ барысында 5-8 минут уақыт бөліп өткізуге болады. Бұл диктанттың түрін сабақтың кез-келген уақтысында, кезеңінде жаздыруға болады. Сөздік диктантына оқушылардың жыл бойы меңгеруіне тиісті термин сөздер мен жазылуы қиын байырғы сөздерді де алуға болады. Бұл диктанттың көлемі әр сыныпта әр түрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |