өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Науқас К., 50 жаста, ентігу, кеуденің сол жақ жартысындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Ол екі күн бұрын кеуде қуысының жарақатынан кейін (аяғы қайырылып, баспалдақтың сатыларынан құлаған) жедел ауырып қалды. Жағдайы ауыр, дене қызуы 38°с . Ентігу-минутына 40, ісінген мойын тамырлары. Кеуде қуысының сол жартысы тыныс алу кезінде қалыңқы. Сол жақ кеуде қуысының жұмсақ тіндері пальпацияда аздап ауырсынады, жауырын бұрышынан төмен көгерген. Оң жақта везикулярлы тыныс, өкпе дыбысы өзгермеген. Сол жақта тынысы күрт әлсіреген,тынық перкуссиялық дыбыс. Тахикардия, өкпе артериясында 2 тонның акценті. Бауырдың шеті қабырға доғасынан 6 см төмен.Сіздің болжам диагнозыңыз?
пневмония
құрғақ плеврит
пневмоторакс
экссудативті плеврит
инфаркт-пневмония
20 жастағы студент эпизодтық (айына 1-2 рет) болатын аз мөлшерлі іріңді қақырықпен жөтелге және қан түкіруге шағымданады. Ол клиникада бірнеше рет тексерілген, бірақ қан түкірудің себебін анықтау мүмкін болмады. 1 жасында ауыр аспирациялық пневмониямен ауырғаны белгілі болды.Бұл жағдайда диагностикалық әдістердің қайсысы тиімді?
бронхография
физикалық тексеру
компьютерлік томография
өкпе функциясын зерттеу
кеуде органдарының рентгенографиясы
15 жастағы науқаста 200 мл-ге дейін кілегейлі-іріңді иісі бар қақырықты жөтел, қан түкіру, 38,20С-ге дейін температура, әлсіздік, ентігу бар. Жөтел ерте балалық шақтан бар. Соңғы 5 жылда асқынуы жыл сайын. Ең ықтимал диагноз:
өкпе обыры
созылмалы абсцесс
созылмалы бронхит
өкпе поликистозы
бронхоэктатикалық ауру
Шылым шегуші, жыл бойы құрғақ жөтелге шағымданады 4 кг салмақ жоғалтқан.Объективті: мойыны мен беті ісінген,ерінінде цианоз. Пульс 102 в мин. АҚҚ 165/95мм.с.б. Сол жақта тығыз бұғанаүстілік лимфа түйіндері пальпацияланады. ЭТЖ 70 мм/сағ, Нb 175 г / л, лейк 9000. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |