Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова информатика


Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



бет2/68
Дата24.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#198918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
информатика 7 сынып кмж (1)

Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері



  1. «Информатика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін ұйымдастыру және тиімді жоспарлау мақсатында пайдаланылады.

  3. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

  4. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесіне дер кезінде түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

  5. Жиынтық бағалау белгілі мерзімде оқу блогі аяқталғанда жүргізіледі, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою барысында қолданылады.

7-сынып «Информатика» оқулығын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың информатика ғылымының базистік негіздерін меңгеруге, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кәсіби бағдар алуға, функционалдық сауаттылығы мен зияткерлігін арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған оқулық білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы әлемдік озық үлгідегі тәжірибелер мен әдістерді, заманауи оқыту технологияларын оқыту процесіне қолданып, білім алушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттырады.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. «Компьютердің құрылғылары». Компьютердің жад түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жад, кеш-жад);

  2. «Программалық қамтамасыз ету». Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру. Ақпаратты қысу, архиватор-программалар. Архивтерді құру және ашу;

  3. «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша);

  4. «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару;

  5. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және форматтау. Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және форматтау, маркер толтыру. Деректер типтері. Формулалар енгізу. Шартты форматтау. Диаграммаларды құру;

  6. «Алгоритмдер мен программалау». Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау. Файлдарды оқу және жазу;

  7. «Ақпараттық қауіпсіздік». Ақпаратты зиянды программалардан қорғау;

Оқушыларды логикалық, сыни және сындарлы ойлау тұрғысынан дамыту арқылы оқытудың сапасын арттыру, алған білімдерін оқуда, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету басшылыққа алынады. Интерактивті және жобалау түріндегі оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың фронтальды білім алуынан жұптық және жеке білім алуға өтуі қамтамасыз етіледі.


Оқулық көмегімен оқу жылы ішінде ақпараттың өлшем бірліктері, компьютерлік жад, файлдардың форматтары мен архивтеуді, компьютерлік желілер мен олардың жіктелуін, компьютерді вирустан қорғау жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, электрондық кестелерді форматтау, автоматты толтыру, шартты форматтау, мәліметтердің диаграммасын жасау, процестерді электрондық кестелерде модельдеу, программалау тілінде тармақталу алгоритмдерін программалау негіздерін үйреніп, оларды құру тәсілдерін меңгереді.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында оқулықтың барлық кезеңдері Блум таксаномиясының танымдық сатыларына негізделіп құрылымдалған. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасау барысында берілген теориялық материалды білу, түсіну және қолдану жолдарын меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет